Дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 қараша 2023 ж.

    Дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіптік стандарттарды бекіту туралы

    «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 - бабы 5 - тармағының екінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған:

    1) осы бұйрыққа 1 - қосымшаға сәйкес «Жаттықтырушы» кәсіптік стандарты;

    2) осы бұйрыққа 2 - қосымшаға сәйкес «Спорт жаттықтырушы-оқытушысы» кәсіптік стандарты;

    3) осы бұйрыққа 3 - қосымшаға сәйкес «Спорт төрешісі» кәсіптік стандарты бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберу;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрінің орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Министр

    Е. Маржықпаев

    Қазақстан Республикасы

    Туризм және спорт министрінің

    2023 жылғы « » ___________

    № бұйрығына

    1-қосымша

    «Жаттықтырушы» кәсіптік стандарты

    1- тарау. Жалпы ережелер

    1. Кәсіптік стандарттың қолданылу аясы: «Жаттықтырушы» кәсіптік стандарты (бұдан әрі – кәсіптік стандарт) «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру ұйымдары қызметкерлері мен түлектерінің кәсіптік біліктілігін тануға және персоналды басқару саласындағы міндеттердің шешуге бағытталған, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі саласында қолданылады.

    2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

    1) білім – кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

    2) дағды – кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

    3) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы – спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін бәсекелес қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;

    4) информалды білім – білім беру ұйымдарынан және білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардан тыс күнделікті қызмет барысында алынатын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат берілмей жүргізілетін білім беру түрі;

    5) кәсіп – жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;

    6) кәсіптік біліктілік – кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;

    7) кәсіптік біліктілікті тану – кандидаттың кәсіптік стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау және ол туралы шешім қабылдау рәсімі;

    8) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

    9) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышы – Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын кәсіптердің атауларын көрсететін және оларды орындалатын жұмыстардың түріне сәйкес дағды деңгейі мен оған мамандану бойынша сыныптайтын стандарттау жөніндегі құжат;

    10) құзырет – еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіптік міндетті орындауға мүмкіндік беретін дағдыны қолдану қабілеті;

    11) машық – кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;

    12) салалық мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

    13) Ұлттық біліктілік жүйесі – біліктілікке еңбек нарығы тарапынан сұранысты және біліктілікке білім беру, оның ішінде информалды білім беру жүйесі тарапынан ұсынысты реттеу мен келісудің құқықтық және институционалдық құралдары мен тетіктерінің кешені;

    14) формалды емес білім беру – оқыту орны, мерзімдері мен нысаны ескерілмей, білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жоспарлаған, ұйымдастырған және жүзеге асыратын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат беріле отырып жүргізілетін білім беру түрі.

    3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:

    1) БА – басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамасы;

    2) ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет тұрлерінің жалпы жіктеуіші;

    3) БТБА – бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

    4) СБШ – салалық біліктілік шеңбері.

    2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты

    4. Кәсіптік стандарттың атауы: «Жаттықтырушы».

    5. Кәсіптік стандарттың коды: R93190.

    6. ЭҚЖЖ сәйкес бөлімнің, топтың, сыныптың және кіші сыныптың атаулары:

    R Өнер, ойын-сауық және демалыс:

    93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;

    93.1 Спорт саласындағы қызмет;

    93.11 Спорт имараттарын пайдалану;

    93.11.0 Спорт имараттарын пайдалану.

    R Өнер, ойын-сауық және демалыс:

    93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;

    93.1 Спорт саласындағы қызмет;

    93.12 Спорт клубтарының қызметі;

    93.12.0 Спорт клубтарының қызметі.

    R Өнер, ойын-сауық және демалыс:

    93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;

    93.1 Спорт саласындағы қызмет;

    93.13 Фитнес-клубтардың қызметі;

    93.13.0 Фитнес-клубтардың қызметі.

    R Өнер, ойын-сауық және демалыс:

    93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;

    93.1 Спорт саласындағы қызмет;

    93.19 Спорт саласындағы өзге қызмет;

    93.19.0Спорт саласындағы өзге қызмет.

    7. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: Тұрақты жаттығулар өткізу және спорттық жарыстарды ұйымдастыру кезінде спортшыларды даярлау мен оқытуды жүзеге асыру. Тұрақты спорттық жетілдіру және жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін перспективалы спортшыларды іріктеуді жүзеге асыру

    8. Кәсіптер карточкаларының тізбесі:

    Жаттықтырушы - СБШ 5-деңгейі.

    3-тарау. Кәсіптер карточкалары

    9. Кә­сіп кар­точ­ка­сы «Жат­тық­ты­ру­шы»:
    Топ­тың ко­ды:
    3422-1 Жат­тық­ты­ру­шы
    Код ата­уы:
    3422-1-009
    Кә­сіп­тің ата­уы:
    Жат­тық­ты­ру­шы
    СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
    5
    СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік­тің іш­кі дең­гейі
    5.1
    БТ­БА, БА үл­гі­лік бі­лік­ті­лік си­патта­ма­ла­ры бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі:
    «Дене шы­нық­ты­ру және спорт ұй­ым­да­ры­ның бас­шы­ла­ры, ма­ман­да­ры ла­у­а­зым­да­ры­ның үл­гі­лік бі­лік­ті­лік си­патта­ма­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және спорт ми­ни­стрі­нің 2016 жы­л­ғы 29 мау­сым­да­ғы № 191 бұй­ры­ғы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 14052 бо­лып тір­кел­ген).
    Кә­сі­би бі­лім дең­гейі:
    Бі­лім дең­гейі:
     жо­ға­ры (неме­се жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі) неме­се тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім.
    Ма­ман­дық:
    Гу­ма­ни­тар­лық бі­лім.
    Бі­лік­ті­лік:
    Фор­мал­ды емес және ин­фор­ма­лы бі­лім­мен бай­ла­ныс:
    та­лап етіл­мей­ді
    Кә­сіп­тің бас­қа мүм­кін ата­у­ла­ры:
    3422-1-010 Спорт жат­тық­ты­ру­шы-оқы­ту­шы­сы
    3422-1-001 Мем­ле­кет­тік жат­тық­ты­ру­шы
    Қыз­мет­тің негіз­гі мақ­са­ты:
    Спорт­тық нәти­же­лер­ге же­ту үшін спорт­тық дай­ын­дық­тан өте­тін спорт­шы­лар мен же­ке тұ­лға­лар­дың спорт­тық әле­уе­тін қа­лып­та­сты­ру, да­мы­ту және қол­дау
    Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның тіз­бе­сі:
    Мін­дет­ті ең­бек функ­ци­я­ла­ры:
    1. Дай­ын­да­лушы­лар­ды спорт түр­ле­рі (то­бы) бой­ын­ша да­яр­лау.
    2. Спорт­тық дай­ын­дық­тың бар­лық ке­зең­де­рін­де спорт­шы­лар­ға кон­суль­та­ци­я­лық қол­дау көр­се­ту.
    3. Жат­тығу са­бақ­та­ры­ның мақ­са­тын ай­қын­дау.
    Қо­сым­ша ең­бек функ­ци­я­ла­ры:
    -
    1- Ең­бек функ­ци­я­сы:
    Дай­ын­да­лушы­лар­ды спорт түр­ле­рі (то­бы) бой­ын­ша да­яр­лау.
    1 - дағ­ды:
    Жас пен жы­ны­стың спорт­тық-са­уық­ты­ру ке­зе­ңі­нің топ­та­рын жа­сақ­тау нор­ма­ла­ры­на сәй­кест­і­гі.
    Ма­шық­тар:
    1. Ба­ла­лар­ға, жа­сө­спі­рім­дер­ге және жастар­ға са­ла­у­ат­ты өмір сал­тын ұста­ну­дың ма­ңы­зды­лы­ғын, са­уық­ты­ру жат­тығ­у­ла­ры­ның құн­ды­лы­ғын тү­сін­ді­ру.
    2. Спорт­тық-са­уық­ты­ру ке­зе­ңіне тү­се­тін адам­дар­дың жа­сы­на, жы­ны­сы­на спорт­тық-са­уық­ты­ру ке­зе­ңі­нің топ­та­рын жа­сақ­тау та­лап­та­ры мен нор­ма­ла­ры­на сәй­кест­і­гін ай­қын­дау.
    3. Же­ке жат­тығ­у­лар ара­сын­да­ғы де­ма­лу ұз­ақ­тығы мен си­па­тын өзгер­ту.
    Бі­лім­дер:
    1. Спорт тү­рін­де­гі қоз­ға­лыс қыз­ме­ті­нің био­ме­ха­ни­ка­сы.
    2. Дене шы­нық­ты­ру-спорт­тық іс-әре­кет­тің ги­ги­е­на­лық негіз­де­рі.
    3. Спорт тү­рін­де­гі спорт­тық жат­тығ­у­лар­дың маз­мұ­ны.
    2 - дағ­ды:
    Жал­пы дене шы­нық­ты­ру және ар­найы дай­ын­дық са­бақ­та­ры­ның маз­мұ­нын жос­пар­лау.
    Ма­шық­тар:
    1. Спорт­тық дай­ын­дық­тың стан­дар­ты­ның та­лап­та­рын, дене шы­нық­ты­ру тео­ри­я­сы­ның ере­же­ле­рін, жүк­те­ме­нің фи­зио­ло­ги­я­лық си­патта­ма­ла­рын, ана­то­ми­я­лық-мор­фо­ло­ги­я­лық ерекше­лік­те­рін және әр түр­лі жы­ны­с­та­ғы және жас­та­ғы оқу­шы­лар­дың дай­ын­дық дең­гей­ін, ма­те­ри­ал­дық-тех­ни­ка­лық жаб­дық­тар­ды, ауа-райы мен ги­ги­е­на­лық жағ­дай­лар­ды ес­ке­ре оты­рып, жал­пы дене шы­нық­ты­ру және ар­найы дай­ын­дық са­бақ­та­ры­ның маз­мұ­нын жос­пар­лау.
    2. Жал­пы дене шы­нық­ты­ру және ар­найы дай­ын­дық бой­ын­ша жат­тығу құ­рал­да­ры мен әді­сте­рін спорт­тық дай­ын­дық бағ­дар­ла­ма­сы­на, қа­ты­су­шы­лар­дың жы­ны­стық-жас және же­ке ерекше­лік­те­ріне сәй­кес таң­дау.
    Бі­лім­дер:
    1. Дене шы­нық­ты­ру тео­ри­я­ла­ры мен әді­сте­рі.
    2. Спорт тү­рі (спорт пәні) бой­ын­ша спорт­тық да­яр­лық бағ­дар­ла­ма­сы.
    3. Жал­пы дене шы­нық­ты­ру, ар­найы дай­ын­дық дең­гей­ін арт­ты­ру­ға ар­нал­ған жат­тығ­у­лар ке­ше­ні.
    2 - Ең­бек функ­ци­я­сы:
    Спорт­тық дай­ын­дық­тың бар­лық ке­зең­де­рін­де спорт­шы­лар­ға кон­суль­та­ци­я­лық қол­дау көр­се­ту.
    1 - дағ­ды:
    Спорт­шы­лар­дың дай­ынды­ғын ба­ға­лау әді­сте­рі мен әді­сте­рін қол­да­ну.
    Ма­шық­тар:
    1. Спорт­тық дай­ын­дық стан­дарт­та­ры­на сәй­кес ба­стап­қы дай­ын­дық топ­та­ры­на тү­су­ші­лер­дің дай­ынды­ғын ба­ға­лау әді­сте­рі мен әді­сте­рін қол­да­ну.
    2. Ан­тро­по­мет­ри­я­лық, фи­зио­ло­ги­я­лық, пси­хо­ло­ги­я­лық па­ра­метр­лер бой­ын­ша топ­тар­ға тү­се­тін спорт­тық-са­уық­ты­ру, ба­стап­қы дай­ын­дық ке­зең­де­рі­нің же­ке қа­бі­лет­те­рін анық­тау үшін за­ма­на­уи тех­но­ло­ги­я­лар­ды қол­да­ну.
    Бі­лім­дер:
    1. Адам ана­то­ми­я­сы.
    2. Спорт тү­рін­де да­рын­ды ба­ла­лар­дың мор­фо-ана­то­ми­я­лық, фи­зио­ло­ги­я­лық, пси­хо­ло­ги­я­лық ерекше­лік­те­рі.
    3. Оқу­шы­лар­дың жал­пы дене шы­нық­ты­ру және ар­найы да­яр­лы­ғы бой­ын­ша жат­тығу са­бақ­та­рын дай­ын­дау бой­ын­ша есеп­ті құ­жат­та­ма­ны жа­сау тәр­ті­бі.
    2 - дағ­ды:
    Ба­стап­қы да­яр­лық топ­та­рын жи­нақ­та­удың әді­сте­ме­лік негіз­де­ме­сі үшін нор­ма­тив­тер­ді бі­лу.
    Ма­шық­тар:
    1. Ба­стап­қы дай­ын­дық топ­та­рын жи­нақ­та­удың әді­сте­ме­лік негіз­де­ме­сі үшін нор­ма­тив­тер­ді тап­сы­ру нәти­же­ле­рін пай­да­ла­ну.
    2. Спорт тү­рін­де спорт­тық же­тіл­ді­ру­дің орын­ды­лы­ғын бел­гі­леу.
    3. Оқу­шы­ны да­яр­лау бағ­дар­ла­ма­сы­ның мақ­сат­та­ры мен мін­дет­те­ріне сүй­ене оты­рып, жал­пы дене шы­нық­ты­ру және ар­найы да­яр­лық­тың мін­дет­те­рін анық­тау.
    Бі­лім­дер:
    1. Же­ке спорт­тық бей­ім­ді­лік­ті ди­а­гно­сти­ка­лау кри­те­рий­ле­рі мен әді­сте­рі.
    2. Бұ­қа­ра­лық спорт­тық ірік­те­удің ме­ди­ци­на­лық-био­ло­ги­я­лық және жас кри­те­рий­ле­рі.
    3. Жал­пы дене шы­нық­ты­ру және ар­найы да­яр­лық бой­ын­ша оқу са­бақ­та­рын жос­пар­лау түр­ле­рі, маз­мұ­ны және тех­но­ло­ги­я­ла­ры.
    3 - Ең­бек функ­ци­я­сы:
    Жат­тығу са­бақ­та­ры­ның мақ­сат­та­рын анық­тау.
    1 - дағ­ды:
    Жат­тығу са­бақ­та­ры­ның оң­тай­лы фор­ма­ла­ры мен түр­ле­рін, жүк­те­ме түр­ле­рін таң­дау (күш, жер­гі­лік­ті, ди­на­ми­ка­лық, ста­ти­сти­ка­лық)
    Ма­шық­тар:
    1. Стан­дарт та­лап­та­рын ес­ке­ре оты­рып, жал­пы дене шы­нық­ты­ру және ар­найы дай­ын­дық бой­ын­ша са­бақ­тар­дың маз­мұ­нын жос­пар­лау;
    2. Жал­пы дене шы­нық­ты­ру және ар­найы дай­ын­дық бой­ын­ша жат­тығу құ­рал­да­ры мен әді­сте­рін спорт­тық дай­ын­дық бағ­дар­ла­ма­сы­на, қа­ты­су­шы­лар­дың жы­ны­стық-жас және же­ке ерекше­лік­те­ріне сәй­кес таң­дау.
    Бі­лім­дер:
    1. Дене шы­нық­ты­ру тео­ри­я­сы мен әді­сте­ме­сі;
    2. Спорт түр­ле­рі (спорт пәні)бой­ын­ша спорт­тық да­яр­лық бағ­дар­ла­ма­сы;
    3. Жал­пы дене шы­нық­ты­ру, ар­найы дай­ын­дық дең­гей­ін арт­ты­ру­ға ар­нал­ған жат­тығ­у­лар ке­ше­ні.
    2 - дағ­ды:
    Жат­тығу са­ба­ғы­ның маз­мұ­нын қа­лып­та­сты­ру
    Ма­шық­тар:
    1. Оқу­шы­ны да­яр­лау бағ­дар­ла­ма­сы­ның мақ­сат­та­ры мен мін­дет­те­ріне сүй­ене оты­рып, жал­пы дене шы­нық­ты­ру және ар­найы да­яр­лық­тың мін­дет­те­рін анық­тау;
    2. Қа­ты­су­шы­лар­дың жал­пы дене шы­нық­ты­ру және ар­найы да­яр­лы­ғы бой­ын­ша оқу са­бақ­та­ры­ның бағ­дар­ла­ма­ла­ры мен жос­пар­ла­рын әзір­леу бой­ын­ша есеп­тік құ­жат­та­ма­ны жүр­гі­зу.
    Бі­лім­дер:
    1. Спорт тү­рін­де­гі спорт­тық жат­тығ­у­лар­дың маз­мұ­ны;
    2. Спорт түр­ле­рі бой­ын­ша спорт­тық да­яр­лық стан­дарт­та­ры.
    Дағ­ды­ла­рын та­ну мүм­кін­ді­гі
    -
    Же­ке құ­зы­рет­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар
    Жа­у­ап­кер­ші­лік.
    Күй­зе­ліс­ке тұ­рақ­ты­лық және ең­бек­сүй­гіш­тік.
    Тө­зім­ді­лік.
    Ко­ман­да­да жұ­мыс іс­тей бі­лу.
    Тәр­тіп­ті­лік.
    Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­тер мен ұлт­тық стан­дарт­тар тіз­бе­сі
    -
    СБШ-нің ішін­де­гі бас­қа кә­сіп­тер­мен бай­ла­ныс
    СБШ дең­гейі
    Кә­сіп ата­уы
    -
    -

    4-тарау. Кәсіптік стандарттың техникалық деректері

    10. Мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі.

    Орындаушы:

    Шакенова Г.Б., + 77074201409, [email protected].

    11. Әзірлеуге қатысатын ұйымдар (кәсіпорындар): «Дене шынықтыру және спорт бойынша республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

    Орындаушы:

    Н. Бексұлтанов, 7 (7172) 95-42-01, [email protected].

    12. Дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес, 20.09.2023 жылғы № 1 хаттама.

    13. Кәсіптік біліктілік бойынша Ұлттық орган: 15.09.2023 жылғы № 2907.

    14. Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы: 11.09.2023 жылғы № 12233/26.

    15. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: 1, 2023 жыл.

    16. Қайта қарау күні: 31.12.2026 жыл.

    Қазақстан Республикасы

    Туризм және спорт министрінің

    2023 жылғы « » ___________

    № бұйрығына

    2-қосымша

    «Спорт жаттықтырушы-оқытушысы» кәсіптік стандарты

    1- тарау. Жалпы ережелер

    1. Кәсіптік стандарттың қолданылу аясы: «Спорт жаттықтырушы-оқытушысы» кәсіптік стандарты (бұдан әрі – кәсіптік стандарт) «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5 - бабы 5 -тармағына сәйкес әзірленді, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру ұйымдары қызметкерлері мен түлектерінің кәсіптік біліктілігін тануға және персоналды басқару саласындағы міндеттердің шешуге бағытталған, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі саласында қолданылады.

    2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

    1) білім – кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

    2) дағды – кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

    3) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы – спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін бәсекелес қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;

    4) информалды білім – білім беру ұйымдарынан және білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардан тыс күнделікті қызмет барысында алынатын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат берілмей жүргізілетін білім беру түрі;

    5) кәсіп – жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;

    6) кәсіптік біліктілік – кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;

    7) кәсіптік біліктілікті тану – кандидаттың кәсіптік стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау және ол туралы шешім қабылдау рәсімі;

    8) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

    9) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышы – Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын кәсіптердің атауларын көрсететін және оларды орындалатын жұмыстардың түріне сәйкес дағды деңгейі мен оған мамандану бойынша сыныптайтын стандарттау жөніндегі құжат;

    10) құзырет – еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіптік міндетті орындауға мүмкіндік беретін дағдыны қолдану қабілеті;

    11) машық – кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;

    12) салалық мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

    13) Ұлттық біліктілік жүйесі – біліктілікке еңбек нарығы тарапынан сұранысты және біліктілікке білім беру, оның ішінде информалды білім беру жүйесі тарапынан ұсынысты реттеу мен келісудің құқықтық және институционалдық құралдары мен тетіктерінің кешені;

    14) формалды емес білім беру – оқыту орны, мерзімдері мен нысаны ескерілмей, білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жоспарлаған, ұйымдастырған және жүзеге асыратын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат беріле отырып жүргізілетін білім беру түрі.

    3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:

    1) БА – басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамасы;

    2) ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет тұрлерінің жалпы жіктеуіші;

    3) БТБА – бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

    4) СБШ – салалық біліктілік шеңбері.

    2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты

    4. Кәсіптік стандарттың атауы: «Спорт жаттықтырушы-оқытушысы».

    5. Кәсіптік стандарттың коды: R93190.

    6. ЭҚЖЖ сәйкес бөлімнің, топтың, сыныптың және кіші сыныптың атаулары:

    R Өнер, ойын- және демалыс:

    93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет сауық;

    93.1 Спорт саласындағы қызмет;

    93.11 Спорт имараттарын пайдалану;

    93.11.0 Спорт имараттарын пайдалану.

    R Өнер, ойын-сауық және демалыс:

    93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;

    93.1 Спорт саласындағы қызмет;

    93.12 Спорт клубтарының қызметі;

    93.12.0 Спорт клубтарының қызметі.

    R Өнер, ойын-сауық және демалыс:

    93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;

    93.1 Спорт саласындағы қызмет;

    93.13 Фитнес-клубтардың қызметі;

    93.13.0 Фитнес-клубтардың қызметі.

    R Өнер, ойын-сауық және демалыс:

    93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;

    93.1 Спорт саласындағы қызмет;

    93.19 Спорт саласындағы өзге қызмет;

    93.19.0Спорт саласындағы өзге қызмет.

    7. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: Тұрақты жаттығулар өткізу және спорттық жарыстарды ұйымдастыру кезінде спортшыларды даярлау мен оқытуды жүзеге асыру. Тұрақты спорттық жетілдіру және жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін перспективалы спортшыларды іріктеуді жүзеге асыру.

    8. Кәсіптер карточкаларының тізбесі:

    Спорт жаттықтырушы-оқытушысы - СБШ 5-деңгейі.

    3-тарау. Кәсіптер карточкалары

    9. Кә­сіп кар­точ­ка­сы «Спорт жат­тық­ты­ру­шы-оқы­ту­шы­сы»:
    Топ­тың ко­ды
    3422-1 Спорт жат­тық­ты­ру­шы-оқы­ту­шы­сы.
    Код ата­уы
    3422-1-010
    Кә­сіп­тің ата­уы
    Спорт жат­тық­ты­ру­шы-оқы­ту­шы­сы.
    СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
    5
    СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік­тің іш­кі дең­гейі
    5.1
    ЖБТА, БА бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі, үл­гі­лік бі­лік­ті­лік си­патта­ма­ла­ры
    «Дене шы­нық­ты­ру және спорт ұй­ым­да­ры­ның бас­шы­ла­ры, ма­ман­да­ры ла­у­а­зым­да­ры­ның үл­гі­лік бі­лік­ті­лік си­патта­ма­ла­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және спорт ми­ни­стрі­нің 2016 жы­л­ғы 29 мау­сым­да­ғы № 191 бұй­ры­ғы (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 14052 бо­лып тір­кел­ген).
    Кә­сі­би бі­лім дең­гейі
    Ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім (қол­дан­ба­лы ба­ка­лаври­ат)
    Фор­мал­ды емес және ин­фор­ма­лы бі­лім­мен бай­ла­ныс
    қа­жет емес
    Кә­сіп­тің бас­қа мүм­кін ата­у­ла­ры
    3422-1-009 Жат­тық­ты­ру­шы
    3422-1-010 Спорт жат­тық­ты­ру­шы-оқы­ту­шы­сы
    Қыз­мет­тің негіз­гі мақ­са­ты
    Спорт­шы­лар­мен жат­тығу іс-ша­ра­ла­рын ұй­ым­да­сты­ру және өт­кі­зу және спорт­тық нәти­же­лер­ге қол жет­кі­зу үшін спорт­шы­лар­дың бә­се­ке­лес қыз­ме­тіне бас­шы­лық­ты жү­зе­ге асы­ру; негіз­гі бі­лім бе­ру және қо­сым­ша жал­пы бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­ры бой­ын­ша дене шы­нық­ты­ру пәні са­ла­сын оқы­ту; же­ке тұл­ға­ны дене шы­нық­ты­ру, дене шы­нық­ты­ру және спорт са­ла­сын­да бі­лім, бі­лік пен дағ­ды­лар­ды иге­ру, дене шы­нық­ты­ру же­тіл­ді­ру, са­ла­у­ат­ты және қа­уіп­сіз өмір сал­ты мә­де­ни­е­тін қа­лып­та­сты­ру, дене шы­нық­ты­ру ба­ла­лар мен ере­сек­тер­дің ден­са­улы­ғы
    Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның тіз­бе­сі:
    Мін­дет­ті ең­бек функ­ци­я­ла­ры:
    1. Дене шы­нық­ты­ру және спорт са­бақ­та­ры­ның маз­мұ­нын жос­пар­лау.
    2. Спорт­тық іс-ша­ра­ла­рын іс­ке асы­ра­тын бағ­дар­ла­ма­лар­дың мақ­сат­та­ры­на сәй­кес өт­кі­зу.
    3. Спорт­тық жа­ры­стар­ға және дене шы­нық­ты­ру іс-ша­ра­ла­ры­на қа­ты­су.
    Қо­сым­ша ең­бек функ­ци­я­ла­ры:
    -
    1-Ең­бек функ­ци­я­сы:
    Дене шы­нық­ты­ру және спорт са­бақ­та­ры­ның маз­мұ­нын жос­пар­лау
    1-дағ­ды:
    Дене шы­нық­ты­ру және спорт­тық іс-әре­кет­ті қа­лып­та­сты­ру
    Ма­шық­тар:
    1. Іс­ке асы­ру­дың ұз­ақ­тығы мен кө­ле­мін жос­пар­лау: спорт тү­рі бой­ын­ша спорт­тық да­яр­лау бағ­дар­ла­ма­ла­ры, негіз­гі бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы, қо­сым­ша жал­пы да­мы­ту бағ­дар­ла­ма­сы, қо­сым­ша кә­сіп­тік ал­дын­да­ғы бағ­дар­ла­ма.
    2. Спорт тү­рі бой­ын­ша спорт­тық дай­ын­дық ке­зең­де­рін­де дай­ын­дық түр­ле­рі бой­ын­ша оқу про­це­сі­нің құ­рал­да­ры мен әді­сте­рін таң­да­уды негіз­деу.
    3. Оқы­ту, тәр­би­е­леу және да­мы­ту құ­рал­да­ры мен әді­сте­рін таң­да­уды, бі­лім бе­ру прак­ти­ка­сын­да бі­лім бе­ру тех­но­ло­ги­я­ла­рын таң­да­уды пән­дік са­ла­лар маз­мұ­ны­ның ерекше­лік­те­ріне, бі­лім алушы­лар­дың жа­сы­на және бі­лім бе­ру қа­жет­ті­лік­те­ріне сүй­ене оты­рып негіз­деу.
    Бі­лім­дер:
    1. Спорт­тық дай­ын­дық­тың спорт­тық-са­уық­ты­ру ке­зе­ңін­де­гі дай­ын­дық түр­ле­рі бой­ын­ша жат­тығу про­це­сі­нің маз­мұ­ны мен кө­лем­де­рі­нің ара­қа­ты­на­сы.
    2. Спорт­тық ме­ди­ци­на, ме­ди­ци­на­лық ба­қы­лау негіз­де­рі және ал­ғаш­қы кө­мек көр­се­ту тә­сіл­де­рі.
    3. Спорт тү­рі бой­ын­ша ба­стап­қы да­яр­лық ке­зе­ңін­де топ­тар­да да­яр­лық­тан өте­тін адам­дар­ға қой­ы­ла­тын ме­ди­ци­на­лық, жас және пси­хо­фи­зи­ка­лық та­лап­тар.
    2-дағ­ды:
    Дене шы­нық­ты­ру және спорт­қа бі­лім алушы­лар­дың мүм­кін­дік­те­рін анық­тау
    Ма­шық­тар:
    1. Спорт­шы­лар мен бі­лім алушы­лар­ды спорт­тық бағ­дар­лау және спорт­тық ірік­теу әді­сте­ме­ле­рін таң­дау.
    2. Спорт тү­рі бой­ын­ша спорт­тық да­яр­лық бағ­дар­ла­ма­сын­да, жал­пы бі­лім бе­ру­дің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сын­да, дене шы­нық­ты­ру және спорт са­ла­сын­да­ғы қо­сым­ша бі­лім бе­ру­дің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сын­да спорт­тық бағ­дар­лау және спорт­тық ірік­теу іс-ша­ра­ла­рын жос­пар­лау.
    3. Спорт­тық да­яр­лық­ты жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар­да жат­тығу про­це­сі; дене шы­нық­ты­ру пәні са­ла­сын­да­ғы бі­лім бе­ру про­це­сі; қо­сым­ша бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да бі­лім бе­ру про­це­сі шең­бе­рін­де спорт­тық бағ­дар­лау және спорт­тық ірік­теу іс-ша­ра­ла­рын іс­ке асы­ру.
    Бі­лім­дер:
    1. Спорт­тық бағ­дар­ла­уды ұй­ым­да­сты­ру:
    1) те­рең­де­ті­л­ген са­бақ­тар үшін спорт тү­рін таң­дау ту­ра­лы ше­шім дай­ын­дау ке­зе­ңі;
    2) спорт­шы­ның жо­ға­ры же­ті­стіктер спорт са­ла­сын­да­ғы мақ­сат­ты және кө­п­жақ­ты бай­ла­ны­сы­ның ке­зе­ңі.
    2. Спорт­тық бағ­дар­дың маз­мұ­ны ба­ла­лар­ды бел­гі­лі бір спорт тү­рі­нің ерекше­лік­те­рі­мен, сон­дай-ақ таң­дал­ған спорт тү­рін­де­гі жат­тығу про­це­сі­мен та­ны­сты­ру про­це­сі ре­т­ін­де.
    3. Ірік­теу шар­тта­ры: та­би­ғи сұ­рып­тау - жат­тығу са­бақ­та­рын­да оқи­тын­дар­дың өзде­рін та­стап ке­ту­іне бай­ла­ны­сты; оның ти­ім­ді­лі­гін арт­ты­ру­ға кө­мек­те­се­тін ар­найы әді­стер­ді қол­да­ну­мен бай­ла­ны­сты стан­дарт­тал­ған таң­дау.
    2 - Ең­бек функ­ци­я­сы:
    Спорт­тық іс-ша­ра­ла­рын іс­ке асы­ра­тын бағ­дар­ла­ма­лар­дың мақ­сат­та­ры­на сәй­кес өт­кі­зу
    1-дағ­ды:
    Бі­лім бе­ру про­це­сі­нің про­бле­ма­ла­рын және оның нәти­же­лі­лі­гін жақ­сар­ту ре­зерв­те­рін анық­тау
    Ма­шық­тар:
    1. Спорт­шы­лар­дың жас ерекше­лік­те­рі мен дай­ын­дық дең­гей­ін ес­ке­ре оты­рып, спорт тү­рі бой­ын­ша спорт­тық да­яр­лық бағ­дар­ла­ма­сын іс­ке асы­ру.
    2. Жал­пы бі­лім бе­ру­дің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша бі­лім алушы­лар­дың жас ерекше­лік­те­рі мен дай­ын­дық дең­гей­ін ес­ке­ре оты­рып дене шы­нық­ты­ру мұ­ға­лі­мі­нің жұ­мыс бағ­дар­ла­ма­сын іс­ке асы­ру.
    3. Оқу про­це­сі­нің про­бле­ма­ла­рын анық­та­ңыз және оның ти­ім­ді­лі­гін жақ­сар­ту.
    Бі­лім­дер:
    1. Бі­лім алушы­лар­дың жас ерекше­лік­те­рі және мем­ле­кет­тік бі­лім бе­ру стан­дарт­та­ры­на сәй­кес бі­лім бе­ру қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар­да дене шы­нық­ты­ру пәні са­ла­сын­да­ғы бі­лім бе­ру про­це­сі­нің өзін­дік ерекше­лік­те­рі.
    2. Дене шы­нық­ты­ру тео­ри­я­сы мен әді­сте­ме­сі­нің, спорт тео­ри­я­сы­ның, дене шы­нық­ты­ру және спорт пе­да­го­ги­ка­сы­ның, жас пси­хо­ло­ги­я­сы­ның, дене шы­нық­ты­ру және спорт пси­хо­ло­ги­я­сы­ның, таң­дал­ған спорт тү­рі­нің тео­ри­я­сы мен әді­сте­ме­сі­нің, спорт­тың ба­за­лық түр­ле­ріне оқы­ту тео­ри­я­сы мен әді­сте­ме­сі­нің ере­же­ле­рі.
    3. Адам ана­то­ми­я­сы, қоз­ға­лыс қыз­ме­ті­нің био­ме­ха­ни­ка­сы, спорт­тық мет­ро­ло­гия, адам био­хи­ми­я­сы, спорт­тық Био­хи­мия, адам фи­зио­ло­ги­я­сы, спорт­тық фи­зио­ло­гия, дене шы­нық­ты­ру-спорт­тық іс-әре­кет­тің ги­ги­е­на­лық негіз­де­рі.
    2-дағ­ды:
    Жат­тығу про­це­сі­нің нәти­же­ле­рін есеп­ке алу және тал­дау
    Ма­шық­тар:
    1. Эле­мент­тер­ді иге­ру және қа­ра­пай­ым бір­тұ­тас қоз­ға­лыс әре­кет­те­рін қа­лып­та­сты­ру үшін жал­пы да­мы­ту жат­тығ­у­ла­ры, Ими­та­ци­я­лық жат­тығ­у­лар, жат­тығ­у­лар ке­ше­ні негі­зін­де бі­лім алушы­лар­мен жат­тығ­у­лар өт­кі­зу.
    2. Спорт­тық, ашық ой­ын өт­кі­зу ере­же­ле­рін қа­ра­пай­ым және қол­же­тім­ді ны­сан­да тү­сін­ді­ру, жат­тығ­у­дың мәнін, жат­тығ­у­лар­ды орын­дау, Спорт­тық құ­рал-сай­ман­дар­ды пай­да­ла­ну, спорт­тық (жы­л­жы­ма­лы) ой­ын­ға қа­ты­су ке­зін­де­гі қа­уіп­сіз­дік тех­ни­ка­сы ере­же­ле­рін тү­сін­ді­ру.
    3. Сырт­қы және іш­кі фак­тор­лар­дың қа­уіп­ті­лі­гі мен қа­уіп­ті­лік дә­ре­же­сін уақ­ты­лы анық­тау және бі­лім алушы­лар үшін қа­уіп­сіз ке­ңі­стікті ұй­ым­да­сты­ру, штат­тан тыс жағ­дай­лар­ға же­дел әре­кет ету және қа­уіп­ті жою неме­се азай­ту үшін дұ­рыс әре­кет ал­го­ритмде­рін қол­да­ну.
    Бі­лім­дер:
    1. Спорт­тық дай­ын­дық­тың спорт­тық-са­уық­ты­ру ке­зе­ңін­де­гі дай­ын­дық түр­ле­рі бой­ын­ша жат­тығу про­це­сі­нің маз­мұ­ны мен кө­лем­де­рі­нің ара­қа­ты­на­сы.
    2. Жас және ар­найы пе­да­го­ги­ка және пси­хо­ло­гия.
    3. Фи­зио­ло­гия және ги­ги­е­на.
    3 - Ең­бек функ­ци­я­сы:
    Спорт­тық жа­ры­стар­ға және дене шы­нық­ты­ру іс-ша­ра­ла­ры­на қа­ты­су
    1- дағ­ды:
    Жат­тығ­у­лар мен са­бақ­тар­ды өт­кі­зу ке­зін­де қа­уіп­сіз­дік
    Ма­шық­тар:
    1. Бі­лім алушы­лар­дың дене дай­ынды­ғын ба­қы­лау нор­ма­тив­те­рі мен әді­сте­ме­ле­рі­нің жүй­е­сін пай­да­ла­ну.
    2. Спорт­тық жұ­мысты ұй­ым­да­сты­ру­да­ғы про­бле­ма­лар­ды анық­тау, спорт­шы­лар­ды да­яр­ла­уды же­тіл­ді­ру жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар­ды әзір­леу.
    3. Спорт­тық да­яр­лау бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ру бой­ын­ша ба­стап­қы есеп­ке алу-есеп бе­ру құ­жат­та­ма­сын элек­трон­дық және қа­ғаз тү­рін­де жүр­гі­зу.
    Бі­лім­дер:
    1. Ба­стап­қы дай­ын­дық ке­зе­ңін­де­гі дай­ын­дық түр­ле­рі бой­ын­ша оқу про­це­сі­нің маз­мұ­ны мен кө­ле­мі­нің ара­қа­ты­на­сы.
    2. Спорт тү­рі бой­ын­ша ба­стап­қы да­яр­лық ке­зе­ңін­де топ­тар­да да­яр­лық­тан өте­тін адам­дар­ға қой­ы­ла­тын Ме­ди­ци­на­лық, жас және пси­хо­фи­зи­ка­лық та­лап­тар.
    3. Жат­тығу жұ­мысы­ның за­ма­на­уи әді­сте­рі.
    2 - дағ­ды:
    Топ­та­ры мен сек­ци­я­ла­ры­на (спорт тү­рі, спорт пән­де­рі бой­ын­ша) бі­лім алушы­лар­ды қа­был­дау
    Ма­шық­тар:
    1. Сұх­бат жүр­гі­зу, ба­стап­қы дай­ын­дық то­бы­на тү­су­ші­нің мо­ти­ва­ци­я­сы мен пси­хо­ло­ги­я­лық кө­ңіл-күй­ін ба­ға­лау.
    2. Ба­стап­қы да­яр­лық то­бы­на, оның ішін­де нор­ма­тив­тер­ді тап­сы­ру нәти­же­ле­рі бой­ын­ша әді­сте­ме­лік негіз­дел­ген ірік­те­уді жүр­гі­зу.
    3. Ба­қы­лау-өл­шеу ас­пап­та­рын және спорт­тық мүк­әм­мал­ды пай­да­ла­ну.
    Бі­лім­дер:
    1. Ба­стап­қы дай­ын­дық ке­зе­ңін­де­гі дай­ын­дық түр­ле­рі бой­ын­ша оқу про­це­сі­нің маз­мұ­ны мен кө­ле­мі­нің ара­қа­ты­на­сы.
    2. Спорт тү­рі бой­ын­ша ба­стап­қы да­яр­лық ке­зе­ңін­де топ­тар­да да­яр­лық­тан өте­тін адам­дар­ға қой­ы­ла­тын Ме­ди­ци­на­лық, жас және пси­хо­фи­зи­ка­лық та­лап­тар.
    3. Дене шы­нық­ты­ру және спорт са­ла­сын­да­ғы заң­на­ма­ның негіз­де­рі (таң­дал­ған спорт түр­ле­рі­нің ере­же­ле­рі, таң­дал­ған спорт түр­ле­рі бой­ын­ша спорт­тық раз­ряд­тар мен атақ­тар бе­ру үшін олар­ды орын­дау нор­ма­ла­ры, та­лап­та­ры мен шар­тта­ры.
    Дағ­ды­ла­рын та­ну мүм­кін­ді­гі
    -
    Же­ке құ­зы­рет­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар
    Жа­у­ап­кер­ші­лік.
    Күй­зе­ліс­ке тұ­рақ­ты­лық.
    Ко­ман­да­да жұ­мыс іс­тей бі­лу.
    Тәр­тіп­ті­лік.
    Тө­зім­ді­лік пен ең­бек­сүй­гіш­тік.
    Па­ра­сат­ты­лық.
    Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­тер мен ұлт­тық стан­дарт­тар тіз­бе­сі
    -
    СБШ-нің ішін­де­гі бас­қа кә­сіп­тер­мен бай­ла­ныс
    СБШ дең­гейі
    Кә­сіп ата­уы
    5
    Спорт жат­тық­ты­ру­шы-оқы­ту­шы­сы

    4-тарау. Кәсіптік стандарттың техникалық деректері

    10. Мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі.

    Орындаушы:

    Шакенова Г.Б. +7 7074201409, [email protected].

    11. Әзірлеуге қатысатын ұйымдар (кәсіпорындар): «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

    Орындаушы: Н. Сыдықов, +7(7273) 76 203, [email protected].

    12. Дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес, 20.09.2023 жылғы № 1 хаттама.

    13. Кәсіптік біліктілік бойынша Ұлттық орган: 15.09.2023 жылғы № 2907.

    14. Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы: 11.09.2023 жылғы № 12233/26.

    15. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: 1, 2023 жыл.

    16. Қайта қарау күні: 31.12.2026 жыл.

    Қазақстан Республикасы

    Туризм және спорт министрінің

    2023 жылғы « » ___________

    № бұйрығына

    3-қосымша

    «Спорт төрешісі» кәсіптік стандарты

    1- тарау. Жалпы ережелер

    1. Кәсіптік стандарттың қолданылу аясы: «Спорт төрешісі» кәсіптік стандарты (бұдан әрі – кәсіптік стандарт) «Кәсіптік біліктілік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді, оның ішінде кәсіпорындарда персоналды оқытуға, білім беру ұйымдары қызметкерлері мен түлектерінің кәсіптік біліктілігін тануға және персоналды басқару саласындағы міндеттердің шешуге бағытталған, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі саласында қолданылады.

    2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

    1) білім – кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;

    2) дағды – кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;

    3) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы – спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және оның спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін бәсекелес қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;

    4) информалды білім – білім беру ұйымдарынан және білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдардан тыс күнделікті қызмет барысында алынатын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат берілмей жүргізілетін білім беру түрі;

    5) кәсіп – жеке адам жүзеге асыратын және орындалуы үшін белгілі бір біліктілікті талап ететін қызмет түрі;

    6) кәсіптік біліктілік – кәсіп бойынша еңбек функцияларын орындау үшін талап етілетін құзыреттерді меңгеруді сипаттайтын кәсіптік даярлық дәрежесі;

    7) кәсіптік біліктілікті тану – кандидаттың кәсіптік стандарттардың талаптарына, ал олар болмаған кезде біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау және ол туралы шешім қабылдау рәсімі;

    8) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес, және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;

    9) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіптер сыныптауышы – Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын кәсіптердің атауларын көрсететін және оларды орындалатын жұмыстардың түріне сәйкес дағды деңгейі мен оған мамандану бойынша сыныптайтын стандарттау жөніндегі құжат;

    10) құзырет – еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіптік міндетті орындауға мүмкіндік беретін дағдыны қолдану қабілеті;

    11) машық – кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;

    12) салалық мемлекеттік органдар (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясында) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар;

    13) спорт төрешiсі – спорт төрешiсі – арнайы даярлықтан өткен және тиiстi бiлiктiлiк санатын алған, спорттық iс-шараны ұйымдастырушы спорт түрiнiң қағидаларына және спорттық iс-шараның ережелерiне (регламенттеріне) сәйкес төрелікті қамтамасыз етуге уәкiлеттiк берген жеке адам;

    14) Ұлттық біліктілік жүйесі – біліктілікке еңбек нарығы тарапынан сұранысты және біліктілікке білім беру, оның ішінде информалды білім беру жүйесі тарапынан ұсынысты реттеу мен келісудің құқықтық және институционалдық құралдары мен тетіктерінің кешені;

    15) формалды емес білім беру – оқыту орны, мерзімдері мен нысаны ескерілмей, білім беру қызметтерін ұсынатын ұйымдар жоспарлаған, ұйымдастырған және жүзеге асыратын және оқыту нәтижелерін растаушы құжат беріле отырып жүргізілетін білім беру түрі.

    3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:

    1) БА – басшылар, мамандар және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамасы;

    2) ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет тұрлерінің жалпы жіктеуіші;

    3) БТБА –бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

    4) СБШ – салалық біліктілік шеңбері.

    2-тарау. Кәсіптік стандарттың паспорты

    4. Кәсіптік стандарттың атауы: «Спорт төрешісі».

    5. Кәсіптік стандарттың коды: R93190.

    6. ЭҚТЖЖ сәйкес бөлімнің, топтың, сыныптың және кіші сыныптың атаулары:

    R Өнер, ойын-сауық және демалыс:

    93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;

    93.1 Спорт саласындағы қызмет;

    93.11 Спорт имараттарын пайдалану;

    93.11.0 Спорт имараттарын пайдалану.

    R Өнер, ойын-сауық және демалыс:

    93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;

    93.1 Спорт саласындағы қызмет;

    93.12 Спорт клубтарының қызметі;

    93.12.0 Спорт клубтарының қызметі.

    R Өнер, ойын-сауық және демалыс:

    93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;

    93.1 Спорт саласындағы қызмет;

    93.13 Фитнес-клубтардың қызметі;

    93.13.0 Фитнес-клубтардың қызметі.

    R Өнер, ойын-сауық және демалыс:

    93 Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы қызмет;

    93.1 Спорт саласындағы қызмет;

    93.19 Спорт саласындағы өзге қызмет;

    93.19.0 Спорт саласындағы өзге қызмет.

    7. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: Тұрақты жаттығулар өткізу және спорттық жарыстарды ұйымдастыру кезінде спортшыларды даярлау мен оқытуды жүзеге асыру. Тұрақты спорттық жетілдіру және жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу үшін перспективалы спортшыларды іріктеуді жүзеге асыру.

    8. Кәсіптер карточкаларының тізбесі:

    Спорт төрешісі - СБШ 5-деңгейі.

    3-тарау. Кәсіптер карточкалары

    9. Кә­сіп кар­точ­ка­сы «Спорт тө­ре­ші­сі»:
    Топ­тың ко­ды:
    3422-3 Спорт тө­ре­ші­сі
    Код ата­уы:
    3422-3-013
    Кә­сіп­тің ата­уы:
    Спорт тө­ре­ші­сі
    СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі
    5
    СБШ бой­ын­ша бі­лік­ті­лік­тің іш­кі дең­гейі
    5.1
    ЖБТА, БА бой­ын­ша бі­лік­ті­лік дең­гейі, үл­гі­лік бі­лік­ті­лік си­патта­ма­ла­ры
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және спорт ми­ни­стрі­нің м.а. «Спорт­тық атақ­тар­ды, раз­ряд­тар­ды және бі­лік­ті­лік са­нат­та­рын бе­ру нор­ма­ла­ры мен та­лап­та­рын бе­кі­ту ту­ра­лы» 2014 жы­л­ғы 28 қа­зан­да­ғы № 56 бұй­ры­ғы. (нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 9902 бо­лып тір­кел­ген).
    Кә­сі­би бі­лім дең­гейі
    Ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім (қол­дан­ба­лы ба­ка­лаври­ат)
    Фор­мал­ды емес және ин­фор­ма­лы бі­лім­мен бай­ла­ныс:
    қа­жет емес
    Кә­сіп­тің бас­қа мүм­кін ата­у­ла­ры:
    3422-3-013 Спорт тө­ре­ші­сі
    Қыз­мет­тің негіз­гі мақ­са­ты:
    Кә­сі­би стан­дарт ба­ға­лау, ат­те­стат­тау, сер­ти­фи­кат­тау және бі­лік­ті­лік­ті рас­тау, кадр­лар­ды да­яр­лау және қай­та да­яр­лау үшін негіз ре­т­ін­де әзір­ле­не­ді және пай­да­ла­ну­шы­лар­дың кең ауқы­мын­да пай­да­ла­ну­ға және адам­ның же­ке және кә­сі­би әле­уе­тін ашу үшін жағ­дай жа­сау.
    Ең­бек функ­ци­я­ла­ры­ның тіз­бе­сі:
    Мін­дет­ті ең­бек функ­ци­я­ла­ры:
    1. Спорт­тық жа­ры­стар­ды өт­кі­зу шар­тта­ры­ның сақ­та­луын ба­қы­лау.
    2. Жо­ға­ры тұр­ған тө­ре­ші­лер­дің спорт­тық жа­ры­сты өт­кі­зу ор­нын дай­ынды­ғы бой­ын­ша тап­сыр­ма­ла­рын орын­дау.
    3. Спорт­тық жа­ры­стың ба­ры­сы мен бас тө­ре­ші­лер ал­қа­сы­ның ше­шім­де­рі ту­ра­лы ха­бар­лау.
    Қо­сым­ша ең­бек функ­ци­я­ла­ры:
    -
    1-Ең­бек функ­ци­я­сы:
    Спорт­тық жа­ры­стар­ды өт­кі­зу шар­тта­ры­ның сақ­та­луын ба­қы­лау
    1-дағ­ды:
    Спорт­тық сна­ряд­тар­дың, мүк­әм­мал­дың, өл­шеу ас­пап­та­ры­ның, та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гі
    Ма­шық­тар:
    1. Спорт­тық жа­рыс өт­кі­зі­ле­тін орын­ды неме­се жа­рыс ке­зе­ңін тек­се­ру­ді орын­дау, спорт­тық жа­рыс өт­кі­зі­ле­тін орын­ның спорт тү­рі­нің та­лап­та­ры­на, спорт­тық жа­ры­стар­дың ере­же­сіне неме­се ре­гла­мен­тіне сәй­кест­і­гін ба­ға­лау.
    2. Спорт­тық құ­рал-жаб­дық­тар­дың, жаб­дық­тар­дың, ба­қы­лау-өл­шеу құ­рал­да­ры­ның, жаб­дық­тар­дың бү­лі­ну неме­се олар­дың жо­ға­лу фак­ті­ле­рін анық­тау, анық­тал­ған фак­ті­лер­ге әре­кет ету үшін әре­кет ал­го­ритмде­рін қол­да­ну.
    3. Спорт­тық құ­рал-жаб­дық­тар­дың, жаб­дық­тар­дың, спорт­тық құ­ры­лы­стар­дың ақа­у­ла­рын анық­тау.
    Бі­лім­дер:
    1. Спорт­тық жа­ры­стар­дың ере­же­сі неме­се ре­гла­мен­ті және бағ­дар­ла­ма­сы.
    2. Жаб­дық­қа, спорт­тық жаб­дық­тар­ға және жаб­дық­тар­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
    3. Спорт са­ла­сын­да­ғы эти­ка­лық нор­ма­лар.
    2-дағ­ды:
    Спорт­тық жа­рыс­қа қа­ты­су­шы­лар­мен өза­ра іс-қи­мыл.
    Ма­шық­тар:
    1. Спорт­тық жа­рыс­қа қа­ты­су­шы­лар мен ұй­ым­да­сты­ру­шы­лар ара­сын­да­ғы ақ­па­рат­тық өза­ра іс-қи­мыл­ды қам­та­ма­сыз ету.
    2. Спорт­тық жа­рыс­қа қа­ты­су­шы­лар­ды спорт­тық жа­ры­стың ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық мә­се­ле­ле­рі ту­ра­лы ха­бар­дар ету.
    3. Ба­стап­қы хат­та­ма­ға неме­се спорт­тық жа­рыс бағ­дар­ла­ма­сы­на сәй­кес спорт­тық жа­рыс­қа қа­ты­су­шы­лар­дың шы­ғу ке­зек­ті­лі­гін қам­та­ма­сыз ету.
    Бі­лім­дер:
    1. Спорт­тық жа­ры­стар­дың ере­же­сі неме­се ере­же­сі және бағ­дар­ла­ма­сы.
    2. Ба­стап­қы хат­та­ма бол­ма­ған кез­де спорт­тық жа­рыс­қа қа­ты­су­шы­лар­дың же­ре­бе тар­ту ере­же­сі.
    3. Спорт­тық жа­ры­стың ба­стап­қы хат­та­ма­сы.
    2- Ең­бек функ­ци­я­сы:
    Жо­ға­ры тұр­ған тө­ре­ші­лер­дің спорт­тық жа­ры­сты өт­кі­зу ор­нын дай­ын­даы­ғы бой­ын­ша тап­сыр­ма­ла­рын орын­дау
    1-дағ­ды:
    Жо­ға­ры тұр­ған тө­ре­ші­лер­дің тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша спорт­тық жа­рыс өт­кі­зі­ле­тін орын­ның та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін мер­зім­ді тек­се­ру
    Ма­шық­тар:
    1. Спорт­тық жа­рыс­қа қа­ты­су­шы­лар мен ұй­ым­да­сты­ру­шы­лар ара­сын­да­ғы ақ­па­рат­тық өза­ра іс-қи­мыл­ды қам­та­ма­сыз ету.
    2. Спорт­тық жа­рыс­қа қа­ты­су­шы­лар­ды спорт­тық жа­ры­стың ұй­ым­да­сты­ру­шы­лық мә­се­ле­ле­рі ту­ра­лы ха­бар­дар ету.
    3. Ба­стап­қы хат­та­ма­ға неме­се спорт­тық жа­рыс бағ­дар­ла­ма­сы­на сәй­кес спорт­тық жа­рыс­қа қа­ты­су­шы­лар­дың шы­ғу ке­зек­ті­лі­гін қам­та­ма­сыз ету.
    Бі­лім­дер:
    1. Спорт­тық жа­рыс өте­тін орын­ды жай­ла­сты­ру­ға қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
    2. Спорт­тық жа­ры­стар­дың ере­же­сі неме­се ере­же­сі және бағ­дар­ла­ма­сы.
    3. Спорт тү­рі және спорт тө­ре­ші­ле­рі­нің қыз­ме­ті бой­ын­ша бас тө­ре­ші­лер ал­қа­сы­ның құ­ра­мы.
    2-дағ­ды:
    Кө­ре­рмен­дер­дің спорт­тық жа­рыс өте­тін орын­дар­ға кі­руі
    Ма­шық­тар:
    1. Ақ­па­рат­тық және на­ви­га­ци­я­лық стенд­тер­дің, план­шет­тер­дің, ақ­па­рат­тық схе­ма­лар­дың жай-күй­ін ба­қы­лау.
    2. Кө­ре­рмен­дер­дің қоз­ға­лы­сын, оның ішін­де тех­ни­ка­лық құ­рал­дар­ды пай­да­ла­на оты­рып, ви­зу­ал­ды ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру
    3. Кө­ре­рмен­дер­дің қоз­ға­лыс ба­ғыт­та­рын әзір­леу.
    Бі­лім­дер:
    1. Спорт­тық жа­ры­стар­ды өт­кі­зу ке­зін­де қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету қа­ғи­да­ла­ры.
    2. Спорт­тық жа­ры­стар­дың ере­же­сі неме­се ере­же­сі және бағ­дар­ла­ма­сы.
    3. Бұ­қа­ра­лық іс-ша­ра­лар­ды өт­кі­зу ке­зін­де қа­уіп­сіз­дік­ті қам­та­ма­сыз ету негіз­де­рі.
    3 - Ең­бек функ­ци­я­сы:
    Спорт­тық жа­ры­стың ба­ры­сы мен бас тө­ре­ші­лер ал­қа­сы­ның ше­шім­де­рі ту­ра­лы ха­бар­лау.
    1-дағ­ды:
    Спорт тө­ре­ші­ле­рі­нің, қа­ты­су­шы­лар­дың, кө­ре­рмен­дер­дің, бұ­қа­ра­лық ақ­па­рат құ­рал­да­рын, ұй­ым­дар­дың қо­ры­тындысы
    Ма­шық­тар:
    1. Спорт­тық жа­ры­стың сал­та­нат­ты жиын­да­рын­да спорт­тық жа­рыс­қа же­ке­ле­ген қа­ты­су­шы­лар­дың жат­тығ­у­ла­ры­ның, ке­зең­де­рі­нің, жек­пе-жек­те­рі­нің ба­ры­сы мен нәти­же­ле­рі ту­ра­лы, бас тө­ре­ші­лер ал­қа­сы­ның ше­шім­де­рі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты дұ­рыс және тү­сі­нік­ті түр­де жа­ри­я­ла­у­ға.
    2. Спорт түр­ле­рі­нің ере­же­ле­ріне, нор­ма­тив­тік неме­се ере­же­лер­дің та­лап­та­ры мен спорт­тық жа­ры­стар­дың бағ­дар­ла­ма­сы­на негіз­дел­ген негіз­гі тө­ре­ші­лер ал­қа­сы­ның ше­шім­де­рін тү­сін­ді­ру.
    3. Ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар мен бай­ла­ныс құ­рал­да­рын пай­да­ла­ну.
    Бі­лім­дер:
    1. Спорт тү­рі бой­ын­ша спорт тө­ре­ші­ле­ріне қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры.
    2. Спорт­тық және тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­қа қой­ы­ла­тын та­лап­тар.
    3. Спорт тү­рі неме­се спорт пәні бой­ын­ша жа­ры­стар өт­кі­зу мақ­са­тын­да спорт­тық және тех­но­ло­ги­я­лық жаб­дық­тар­дың, Мүк­әм­мал­дың, жаб­дық­тар­дың бар-жо­ғын және са­па­лық си­патта­ма­ла­рын тек­се­ру тә­сіл­де­рі.
    2 - дағ­ды:
    Спорт­тық жа­рыс өт­кі­зі­ле­тін орын­дар­дың ұста­луы
    Ма­шық­тар:
    1. Спорт­тық жа­рыс өт­кі­зі­ле­тін орын­ды тек­се­ру­ді орын­дау, ке­зең­дер­дің, бел­гі­ле­удің, спорт­тық Мүк­әм­мал­дың, өл­шеу ас­пап­та­ры­ның, даб­ыл және бай­ла­ныс жүй­е­ле­рі­нің жай-күй­ін ба­ға­лау, спорт тү­рі­нің та­лап­та­ры­на және спорт­тық жа­ры­стың ере­же­сіне неме­се ре­гла­мен­тіне сәй­кес кел­мей­тін фак­ті­лер­ді анық­тау.
    2. Сырт­қы және іш­кі фак­тор­лар­дың қа­уіп­ті­лі­гі мен қа­уіп­ті­лік дә­ре­же­сін анық­тау және қа­уіп­сіз ке­ңі­стікті ұй­ым­да­сты­ру, штат­тан тыс жағ­дай­лар­ға же­дел әре­кет ету және қа­уіп­ті жою неме­се азай­ту үшін дұ­рыс әре­кет ал­го­ритмде­рін қол­да­ну.
    3. Спорт­тық жа­рыс­қа қа­ты­су­шы­лар­дың өмі­рі мен ден­са­улы­ғы­на қа­уіп­ті­лік дә­ре­же­сін ба­ға­лау және қа­шық­тық­ты неме­се оның ке­зе­ңін жа­бу ту­ра­лы ұсы­ны­стар ен­гі­зу.
    Бі­лім­дер:
    1. Спорт тү­рі бой­ын­ша спорт тө­ре­ші­ле­ріне қой­ы­ла­тын бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры.
    2. Спорт­тық жа­ры­стар­дың ере­же­сі және бағ­дар­ла­ма­сы.
    3. Спорт тү­рі (спорт пәні) бой­ын­ша жа­ры­стар өт­кі­зу мақ­са­тын­да спорт объ­ек­ті­ле­рі­нің, сна­ряд­тар­дың, жаб­дық­тар­дың бо­луын және са­па­лық си­патта­ма­ла­рын тек­се­ру тә­сіл­де­рі.
    Дағ­ды­ла­рын та­ну мүм­кін­ді­гі
    -
    Же­ке құ­зы­рет­тер­ге қой­ы­ла­тын та­лап­тар
    Жа­у­ап­кер­ші­лік.
    Күй­зе­ліс­ке тұ­рақ­ты­лық.
    Тез ше­шім қа­был­дай бі­лу.
    Ко­ман­да­да жұ­мыс іс­тей бі­лу.
    Тәр­тіп­ті­лік.
    Ба­ста­ма­шы­лық.
    Тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­тер мен ұлт­тық стан­дарт­тар тіз­бе­сі
    -
    СБШ-нің ішін­де­гі бас­қа кә­сіп­тер­мен бай­ла­ныс
    СБШ дең­гейі
    Кә­сіп ата­уы
    5
    Спорт тө­ре­ші­сі.

    4-тарау. Кәсіптік стандарттың техникалық сипаттамалары

    10. Мемлекеттік органның атауы: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі.

    Орындаушы:

    Шакенова Г.Б., +7 7074201409, [email protected].

    11. Әзірлеуге қатысатын ұйымдар (кәсіпорындар): «Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесі.

    Орындаушы: М. Торғаев, 8 (775) 1766606, [email protected].

    12. Дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес, 20.09.2023 жылғы № 1 хаттама.

    13. Кәсіптік біліктілік бойынша Ұлттық орган: 15.09.2023 жылғы № 2907.

    14. Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы: 11.09.2023 жылғы № 12233/26.

    15. Нұсқа нөмірі және шығарылған жылы: 1, 2023 жыл.

    16. Қайта қарау күні: 31.12.2026 жыл.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.