Алматы облысы Қонаев қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

    ҚолданыстағыЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Алматы облысы Қонаев қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы

    Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес және Қонаев қаласы әкімдігі мен мәслихатының бірлескен ұсынысы негізінде, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылдық округінің шекарасына жалпы көлемі 10962 гектар жерді беру арқылы Қонаев қаласының шекарасы (шегі) өзгертіліп, жалпы көлемі 307864 гектар шекарасында белгіленсін.

    2. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімінің орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы бірлескен Алматы облысы әкімдігінің қаулысы мен Алматы облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Алматы облысының әкімі

    М. Султангазиев

    Алматы облыстық мәслихатының төрағасы

    Т. Байедилов

    Алматы облысының әкімдігі 2023 жылғы 24 қарашадағы № 410 мен Алматы облыстық мәслихатының 2023 жылғы 24 қарашадағы № 9-53 бірлескен шешіміне қосымша

    Қонаев қаласынан Іле ауданының Жетіген ауылдық округінің шекарасына берілетін жерлерінің экспликациясы

    Р/с №
    Аудан­ның ата­уы
    Жал­пы жер ауда­ны (гек­тар)
    оның ішін­де:
    ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­тын­да­ғы жер­лер (гек­тар)
    ел­ді ме­кен­дер жер­ле­рі (гек­тар)
    өнер­к­ә­сіп, кө­лік, бай­ла­ныс, ға­рыш қыз­ме­ті, қор­ға­ныс, ұлт­тық қа­уіп­сіз­дік мұқ­тажды­ғы­на және өзге де ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы мақ­са­ты­на ар­нал­ма­ған жер­лер (гек­тар)
    ерекше қор­ға­ла­тын та­би­ғи аумақ­тар­дың жер­ле­рі, са­уық­ты­ру, ре­кре­а­ци­я­лық және та­ри­хи-мә­де­ни мақ­сат­та­ғы жер­лер (гек­тар)
    ор­ман қо­ры­ның жер­ле­рі (гек­тар)
    су қо­ры­ның жер­ле­рі (гек­тар)
    босал­қы жер­лер (гек­тар)
    1
    Қо­на­ев қа­ла­сы­нан Іле ауда­ны­ның Же­ті­ген ауыл­дық окру­гі­нің ше­ка­ра­сы­на бе­рі­ле­тін жер­ле­рі­нің жал­пы ауда­ны
    10962
    2916
    526,7
    3174,8
    50
    445
    3
    3846,5

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.