«2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 128 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 қараша 2023 ж.

    «2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 128 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдерін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 128 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8866-16 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің табиғи ресурстар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шығыс Қазақстан облысы әкімі

    Е. Кошербаев

    Шығыс Қазақстан

    облысы әкімдігінің

    2023 жылғы 29 қарашадағы

    № 268 қаулысына

    қосымша

    Шығыс Қазақстан

    облысы әкімдігінің

    2023 жылғы 6 маусымдағы

    № 128 қаулысына

    қосымша

    2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері

    Субсидиялау түрлері
    Азықтың шығу тегі
    Өлшем бірлігі
    Субсидияланатын көлем
    Субсидия сомасы, мың теңге
    1.
    Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеуге субсидиялар
    1.1
    Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары
    шетелдік
    килограмм
    703 700
    134 592,1
    Барлығы:
    134 592,1
    2.
    Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары (албырт, бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін)
    2.1
    Албырт тұқымдас ұрықтанған 1 (бір) уылдырық
    дана
    2 700 000
    13 383,9
    2.2
    Тұқы тұқымдас шабағы 30 граммға дейін 1 (бір) дана
    1 665 500
    24 982,5
    Барлығы:
    38 366,4
    3.
    Балық басын толықтыратын аналық балық үйірін сатып алу және оларды күтіп-ұстауға субсидиялар
    3.1
    Бекіре тұқымдас балықтар мен олардың будандары
    дана
    658
    15 973,2
    Барлығы:
    15 973,2
    Жиынтығы:
    188 931,7

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.