Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы «2023 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» №171 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы «2023 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» №171 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Жетісу облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 8 маусымдағы «2023 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемдерін бекіту туралы» №171 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 182805 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жетісу облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Жетісу облысының әкімі

    Б. Исабаев

    Жетісу облысы әкімдігінің 2023 жылғы 28 қарашадағы № 383 Қаулыға қосымша

    2023 жылға арналған өсімдік шаруашылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі

    Облыс атауы
    Бюджеттік қаражат көлемі, теңге
    1.
    Жетісу облысы
    8 444 000 000
    Барлығы
    8 444 000 000

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.