Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 қараша 2023 ж.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    Ә. Смайылов

    Қазақстан Республикасы

    Үкіметінің

    2023 жылғы « »

    № қаулысына

    Қосымша

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

    1. «Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасын дайындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 мамырдағы № 582 қаулысы.

    2. «Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған бас схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1171 қаулысы.

    3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 794 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 2-тармағы.

    4. «Магистральдық газ құбыры жөніндегі ұлттық оператор туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 353 қаулысы.

    5. «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 853 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы.

    6. «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 982 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 5-тармағы.

    7. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 – 2030 жылдарға арналған бас схемасын бекіту туралы» 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1171 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 31 желтоқсандағы № 1143 қаулысы.

    _________________________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.