Бейнеу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 сәуірдегі №2/9 «Бейнеу ауданы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі №752 « Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы » қаулысына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Бейнеу ауданы бойынша 2023 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы» Бейнеу аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 сәуірдегі №2/9 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4552-12 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бейнеу аудандық мәслихатының төрағасы
А. Бораш
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.