Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 84 «2023 жылға пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 25 сәуірдегі № 84 «2023 жылға пестицидтерге, биоагенттерге (энтомофагтарға) арналған субсидиялар тізбесі мен нормаларын, сондай-ақ пестицидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 56-18 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
1) қаулының кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен бекітілген 78-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
2) 163-тармақ 1-қосымшасының сөздері:
|
163.
|
«СЕЛЕКТ, эмульсия концентраты
|
литр
|
1 750,00»
келесі сөздермен ауыстырылсын:
|
|
163.
|
«СЕЛЕКТ, эмульсия концентраты
|
литр
|
4 500,00»;
3) 2-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Абай облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
|
Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары
Ш. Байбеков
Абай облысы әкімдігі
2023 жылғы 28 қарашадағы
№ 212 Қаулысына
қосымша
Абай облысы әкімдігінің
2023 жылғы 25 сәуірдегі
№ 84 қаулысына
2 қосымшасы
2023 жылға арналған пестиидтерді, биоагенттердi (энтомофагтарды) субсидиялауға бюджеттік қаражат көлемдері
|
№
|
Бюджет түрі
|
Субсидия көлемі, теңге
|
|
1.
|
Жергілікті
|
529 000 000
|
|
2.
|
Республикалық
|
191 100 000
|
|
Барлығы
|
720 100 000
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.