Қызылқоға ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 қазан 2024 ж.

    Қызылқоға ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 1 тармағының 4-2) тармақшасына, « Құқықтық актілер туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) 73 тармағына сәйкес, Қызылқоға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қызылқоға ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын және бекітілсін.

    2. Қызылқоға ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 қазанындағы № 184 «Қызылқоға ауданы аумағында ішкі сауда субъектілеріне автодүкендерде және (немесе) шатырларда (павильондарда) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4777 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы қаулының орындалысын бақылауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қызылқоға ауданының әкімі

    К. Азмуханов

    Қызылқоға ауданы әкімдігінің

    2023 жылғы 22 қарашадағы

    № 215 қаулысына қосымша

    Қызылқоға ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары

    Нақты орналасу орны
    Алатын алаңы (шаршы метр)
    Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
    Қызмет саласы
    Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі (жыл)
    1
    Мұқыр ауылы, Ғ.Есенғалиұлы көшесі, № 12Б
    600
    «Бәйтерек» кафесі
    Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
    5
    2
    Қаракөл ауылы, А.Құнанбаев көшесі, № 2А
    450
    жоқ
    Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
    5
    3
    Тасшағыл ауылы, Ж.Жабаев көшесі, № 21
    600
    жоқ
    Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
    5
    4
    Жангелдин ауылы, М.Лұқпанов көшесі, № 2А
    400
    жоқ
    Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
    5
    5
    Жангелдин ауылы, Д.Асанғалиев көшесі, № 22А
    300
    жоқ
    Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
    5
    6
    Сағыз ауылы, Ә.Әшіров көшесінің бойы
    100
    жоқ
    Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
    5
    7
    Қоныстану ауылы, Қ.Жағалбаев көшесінің бойы
    40
    жоқ
    Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
    5
    8
    Қарабау ауылы, Ә.Игілікұлы көшесі, № 11Б
    300
    «Мерейлім» кафесі
    Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
    5
    9
    Миялы ауылы, М.Әуезов және А.Құттыбаева көшелерінің қиылысы
    1200
    жоқ
    Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
    5
    10
    Миялы ауылы, М.Мөңкеұлы көшесінің бойы
    400
    жоқ
    Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
    5
    11
    Жасқайрат ауылы, Қ.Қарасартова көшесі, № 11А
    150
    «Анашым» мейрамханасы
    Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
    5
    12
    Тайсойған ауылы, Ғ.Сланов көшесі, № 2
    900
    жоқ
    Бөлшек сауда (ауыл шаруашылық өнімдерін сату)
    5

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.