Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 29 қараша 2023 ж.
«Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Семей қаласы әкімінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 9 шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, қала әкімі ШЕШТІ:
1. «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 185093 болып тіркелген) Семей қаласы әкімінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 9 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі
Н. Нұрсағатов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.