«Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 қараша 2023 ж.

    «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында:

    3-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «8) қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) – қаржы институтымен қарыз шартын жасасқан және қызметін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредит және қаржылық лизинг берілетін тауарлар тізбесіне сәйкес, сондай-ақ «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне (бұдан әрі – Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі) 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі және өңдеу өнеркәсібіндегі қайта өңдеу және өндіру жөніндегі экономика салалары тізбесінің 1, 3 және 4-тармақтарына (1107 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша коды) сәйкес және Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторлары тізбесінің 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, дара кәсіпкер (оның ішінде шаруа (фермер) қожалығы).»;

    5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. 2022 жылғы 26 шілдеге дейін жасалған және Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде қаржы институттары берген қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау мыналарға жүзеге асырылады:

    1) сыйақы мөлшерлемелерін теңгемен жылдық 10 (он) %-ға төмендете отырып, инвестициялық мақсаттарға, бұл ретте субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 10 (он) жылдан аспайды;

    2) сыйақы мөлшерлемелерін теңгемен жылдық 9 (тоғыз) %-ға төмендете отырып, айналым қаражатын толықтыруға, бұл ретте субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайды;

    3) сыйақы мөлшерлемелерін теңгемен жылдық 9 (тоғыз) %-ға төмендете отырып, көктемгі дала және (немесе) егін жинау жұмыстарын жүргізуге, бұл ретте субсидиялау мерзімі ұзарту құқығынсыз 1 (бір) жылдан аспайды.

    Осы тармақтың 2) тармақшасы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

    Осы тармақтың шеңберінде Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде және өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеу және өндіру жөніндегі экономика салалары тізбесінің 1, 3 және 4-тармақтарына (1107 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша коды) сәйкес және Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторлары тізбесінің 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес қаржы институттары берген қолданыстағы қарыз шарттары субсидиялануға тиіс.

    Осы тармақтың шеңберінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға екінші деңгейдегі банктер және (немесе) Қазақстанның Даму банкінің синдикатталған кредиттері жатады.»;

    5-2 және 5-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «5-2. 2022 жылғы 26 шілдеден кейін жасалған және Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде қаржы институттары берген қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау:

    1) ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылдан аспайтын субсидиялау мерзімімен инвестициялық мақсаттарға;

    2) ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайтын субсидиялау мерзімімен айналым қаражатын толықтыруға жүзеге асырылады.

    Бұл ретте, осы тармақтың бірінші бөлігіндегі 1) және 2) тармақшаларда көрсетілген қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесі мен жылдық 4,5 (төрт бүтін оннан бес) % теңгемен жиынтық көрінісі ретінде есептелген номиналды сыйақы мөлшерлемесінен аспайтын мөлшерлемеде жүзеге асырылады, оның 13,25 (он үш бүтін жүзден жиырма бес) %-ын мемлекет субсидиялайды, ал айырмасын қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) төлейді, (жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін жұмыс органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

    Осы тармақтың шеңберінде Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешенде және өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеу және өндіру жөніндегі экономика салалары тізбесінің 1, 3 және 4-тармақтарына (1107 экономикалық қызмет түрлерінің жалпы сыныптауышы бойынша коды) сәйкес және Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторлары тізбесінің 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарына сәйкес қаржы институттары берген қолданыстағы қарыз шарттары субсидиялануға тиіс.

    Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторлары тізбесінің 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтары бойынша инвестицияларға бағытталған жобаларды субсидиялау мерзімі осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жобаларды қоспағанда, 7 (жеті) жылдан аспайды.

    Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторлары тізбесінің 1, 2, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтары бойынша жобаларды субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және жылдық 4,5 (төрт бүтін оннан бес) пайызға ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайтын, оның номиналды сыйақы мөлшерлемесімен 13,25 (он үш бүтін жүзден жиырма бес) %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын қарыз алушы төлейтін кредиттер/лизингтік мәмілелер қарыз шарттары бойынша жүзеге асырылады (жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін жұмыс органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

    Осы тармақ аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда, мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.

    Осы тармақ шеңберінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға екінші деңгейдегі банктер және (немесе) Қазақстанның Даму банкінің синдикатталған кредиттері жатады.

    Осы тармақ шеңберінде санкциялар қолданылатын қаржы институттары бұрын мақұлдаған/берген және Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келетін кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған бұрын субсидияланған қарыз шарттары да субсидиялануға тиіс.

    Бұл ретте қайта қаржыландыру қаржы инстититуттарының меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.

    5-3. Қаржы институттары бұрын осы Қағидалардың 4-тармағының бірінші бөлігінде көзделген мақсаттарға берген кредитті/лизингті бұрын субсидияланған қайта қаржыландыруға бағытталған қарыз шарттары қарыз шарты жасалған күннен бастап субсидиялауға ұсыныс бергенге дейінгі мерзімді шектеусіз субсидиялауға жатады.

    Жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) мақұлдауын алған қарыз шарттары қайта қаржыландыру жүзеге асырылған қаржы институты қол қойылған субсидиялау шартында көрсетілген субсидиялау мерзімін ұзартпай және субсидиялардың бұрын мақұлданған сомасын ұлғайтпай, басқа қаржы институттарында бұрын мақұлданған субсидиялау талаптарымен қайта қаржыландырылуы мүмкін.»;

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8.Ұсыныс берілген күні қолданыста болатын және ұсыныс берілгенге дейін 4 (төрт) жылдан аспайтын уақыт бұрын жасалған қарыз шарттары субсидиялануға тиіс.

    Субсидиялануын тоқтату туралы шешім қабылданған қарыз шарты бағдарламаға 1 (бір) реттен асырмай қайта қатысуға жіберіледі.

    Бағдарламаға қайта қатысатын қарыз шарттары бойынша субсидиялау осы Қағидалардың 5-тармағының екінші бөлігінде, 9-тармағының төртінші бөлігінде және 12-тармағының үшінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда қарыз алушы ұсыныс берген күннен басталған кезең үшін бұрын мақұлданған субсидиялар сомасын ұлғайтпай, 4 (төрт) жыл мерзім бойынша талапты қоспай, субсидиялау нормативтері, мерзімдері бөлігінде бұрын жойылған субсидиялау шартында көрсетілген бұрынғы талаптармен қарыз алушы қайта қатысуға ұсынысты берген күннен бастап қалпына келтіріледі.»;

    20-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «20-1. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) мақұлдаған ұсыныстар резервке (күту парағына) келіп түседі.

    Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) ұсыныс бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде резервке (күту парағына) енгізу үшін өтеу графигімен қарыз шартының көшірмесін қоса бере отырып, ұсыныстан алынған мәліметтерді қағаз нысанында СМАЖ-ға енгізеді.

    Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) ұсыныстардың келіп түскен күні мен уақытына сәйкес ұсыныстарды кезектілік бойынша резервке (күту парағына) енгізеді. Ұсыныстың резервке (күту парағына) енгізілгені туралы ақпарат СМАЖ-да көрсетіледі.

    Резервке (күту парағына) келіп түскен ұсыныстар бойынша субсидиялар төлеу ағымдағы қаржы жылында қосымша бюджет қаражаты бөлінген кезде ұсыныстың резервке (күту парағына) келіп түскен күні мен уақытына сәйкес кезектілік бойынша жүзеге асырылады. Ағымдағы қаржы жылында қосымша бюджет қаражаты болмаған жағдайда, резервке (күту парағына) келіп түскен ұсыныстар бойынша субсидиялар төлеу келесі қаржы жылында жүзеге асырылады.

    Субсидиялау шартын жасасу сәтінде қарыз шартының қолданылу мерзімі аяқталған, резервке (күту парағына) келіп түскен ұсыныстар бойынша субсидиялау шарттарына қол қойылады және субсидиялар осы Қағидалардың талаптарына және жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) қаржыландыру жоспарларына сәйкес төленеді.

    Ұсыныс бойынша оң шешім қабылданғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 7-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынысты резервке (күту парағына) енгізу туралы хабарламаны жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) қаржы институтына және қарыз алушыға (көрсетілетін қызметті алушыға) жібереді.»;

    22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «22. Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) субсидиялау шартын біржақты бұзуды мынадай жағдайларда жүзеге асырады:

    1) шартта қарыз алушы (көрсетілетін қызметті алушы) негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам орындамаған міндеттемелердің болуы;

    2) қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатсыз пайдалану;

    3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) шоттарына тыйым салу;

    4) қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) субсидиялар алудан бас тарту туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші;

    5) қарыз алушының (көрсетілетін қызметті алушының) қарыз шарты бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толық өтеуі;

    6) осы Қағидалардың 20-1-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, қарыз шартының бұзылуы немесе тоқтатылуы.»;

    1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    4-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    10-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Сапаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Бәсекелестікті қорғау

    және дамыту агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау және

    реформалар агенттiгi

    Ұлттық статистика бюросы

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, инновациялар

    және аэроғарыш өнеркәсібі

    министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2023 жылғы 29 қарашадағы

    № 410 бұйрығына

    1-қосымша

    Агроөнеркәсіптік кешен

    субъектілеріне кредит беру,

    сондай-ақ ауыл шаруашылығы

    жануарларын, техникасы мен

    технологиялық жабдығын сатып

    алуға лизинг кезінде сыйақы

    мөлшерлемелерін субсидиялау

    қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    Ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және (немесе) өңдеу саласындағы басым жобалар бойынша кредит және қаржылық лизинг берілетін тауарлар тізбесі

    Та­у­ар­лар то­бы­ның ата­уы
    Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші­нің ата­уы
    Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші
    Шы­ға­ры­ла­тын өнім­дер мен та­у­ар­лар­дың тіз­бе­сі
    1
    2
    3
    4
    5
    1
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы
    Дән­ді да­қыл­дар­ды (кү­ріш­тен бас­қа), бұр­шақ­ты және май­лы да­қыл­дар­ды өсі­ру
    01.11
    Ашық то­пы­рақ­та дән­ді (кү­ріш­тен бас­қа), бұр­шақ­ты және май­лы да­қыл­дар­ды өсі­ру.
    Тұқым ша­ру­а­шы­лы­ғын қо­са оты­рып, дән­ді және дән­ді-бұр­шақ­ты да­қыл­дар­ды өсі­ру:
    би­дай, жү­ге­рі, қо­нақ жү­ге­рі, ар­па, қа­ра би­дай, сұ­лы, та­ры, бас­қа да дән­ді да­қыл­дар си­яқ­ты дән­ді да­қыл­дар­ды, оның ішін­де тұқым қо­рын қа­лып­та­сты­ру үшін өсі­ру.
    үр­ме­бұр­шақ, бұр­шақ, но­қат (тү­рік бұр­ша­ғы), жа­сы­мық, бө­рі­бұр­шақ, ас­бұр­шақ, бұр­ш­ақ­қын бұр­шақ, бас­қа да дән­ді-бұр­шақ да­қыл­дар си­яқ­ты дән­ді-бұр­шақ да­қыл­да­рын, оның ішін­де тұқым қо­рын қа­лып­та­сты­ру үшін өсі­ру.
    Май­лы да­қыл­дар­ды және олар­дың тұқым­да­рын өсі­ру:
    соя бұр­ша­ғы, жер жаң­ға­ғы (ара­хис), мақ­та, үпілм­ә­лік, зығ­ыр, қы­ша, рапс, сафлор, күн­жіт, күн­ба­ғыс тұқым­да­ры си­яқ­ты май­лы да­қыл­дар­ды, тұқым­дар­ды өн­ді­ру­ді қо­са ал­ған­да, бас­қа да май­лы да­қыл­дар­ды өсі­ру.
    2
    Кү­ріш өсі­ру
    01.12
    Кү­ріш өсі­ру.
    3
    Кө­кө­ні­стер, бақ­ша да­қыл­да­рын, та­мыр же­мі­сті­лер мен түй­нек же­мі­сті­лер­ді өсі­ру
    01.13
    Кар­топ­ты және отыр­ғы­за­тын ма­те­ри­ал­ды өсі­ру.
    Кө­кө­ні­стер­ді, олар­дың тұқым­да­рын және кө­шет­те­рін өсі­ру:
    бө­рік­гүл, қас­қы­р­жем, қы­рық­қа­бат, тү­сті қы­рық­қа­бат және брок­ко­ли, са­лат-сүт­шөп және са­лат сор­ты ша­шы­рат­қы, шпи­нат си­яқ­ты жа­пы­рақ­ты және са­бақ­ты кө­кө­ні­стер­ді, бас­қа да жа­пы­рақ­ты және са­бақ­ты кө­кө­ні­стер­ді өсі­ру;
    қи­яр және кор­ни­шон­дар, ба­ял­ды, қы­за­нақ­тар, қар­бы­здар,му­скат қа­уы­нын қос­қа ал­ған­да қа­уын­дар си­яқ­ты же­міс­кө­кө­ніс да­қыл­да­рын, бақ­ша және же­міс­кө­кө­ніс да­қыл­да­ры­ның бас­қа да түр­ле­рін өсі­ру;
    сә­біз, шал­қан, қант­ты жү­ге­рі, са­рым­сақ, пи­яз (ша­лот­ты қо­са ал­ған­да), по­рей пи­я­зы және бас­қа пи­яз тә­р­із­ді­лер­ге жа­та­тын кө­кө­ні­стер си­яқ­ты та­мыр же­мі­сті, түй­нек­ті же­мі­сті және кө­кө­ні­стер­дің өзге де та­мыр же­мі­сті және түй­нек же­мі­сті­ле­рін өсі­ру;
    са­ңы­ра­у­құ­лақ­тар және трю­фель­дер­ді өсі­ру;
    кө­кө­ні­стер­дің өзге де түр­ле­рін өсі­ру;
    кө­кө­ні­стер­дің тұқым­да­рын өсі­ру.
    Қант қы­зы­л­ша­сын және оның тұқым­да­рын өсі­ру
    4
    То­қы­ма да­қыл­дар­ды өсі­ру
    01.16
    Шит­ті мақ­та­ны, зығ­ыр­ды және бас­қа да то­қы­ма да­қыл­дар­ды өсі­ру
    5
    Өзге де бір-неме­се екі­жыл­дық да­қыл­дар­ды өсі­ру
    01.19
    Азық да­қыл­да­рын және олар­дың тұқым­да­рын өсі­ру:
    тар­на­ны, азық­тық қы­зы­л­ша­ны, азық­тық та­мы­р­же­мі­сті­лер­ді, бе­де­ні, жо­ңыш­қа­ны, эс­пар­цет­ті, азық­тық жү­ге­рі­ні және бас­қа шө­птер­ді, азық­тық қы­рық­қа­ба­ты және азық­тық да­қыл­ды­лар си­яқ­ты­лар­ды өсі­ру;
    қа­ра­құ­мық­ты өсі­ру;
    қы­зы­л­ша тұқым­да­рын (қант қы­зы­л­ша­сы­нан бас­қа) және азық­тық өсім­дік­тер­ді өсі­ру.
    6
    Жү­зім өсі­ру
    01.21
    Жү­зім­ді өсі­ру.
    7
    Дән­ді және сүй­ек­ті же­мі­стер­ді өсі­ру
    01.24
    Дән­ді және сүй­ек­ті же­мі­стер­ді өсі­ру.
    8
    Бас­қа да же­мі­стер, жи­дек­тер және жаң­ғақ­тар­ды өсі­ру
    01.25
    Же­мі­стер, жи­дек­тер және жаң­ғақ­тар­ды өсі­ру.
    9
    Бас­қа да ірі қа­ра мал­ды және ене­ке өсі­ру
    01.42
    Ет алу үшін ірі қа­ра мал­ды және ене­ке­ні өсі­ру
    10
    Сүт ба­ғы­тын­да­ғы ірі қа­ра мал­ды өсі­ру
    01.41
    Сүт ба­ғы­тын­да­ғы ірі қа­ра мал­ды өсі­ру және кө­бей­ту.
    Сиыр ши­кі сү­тін және бас­қа ірі қа­ра мал­дың ши­кі сү­тін өн­ді­ру.
    11
    Жыл­қы­ны және бас­қа да жыл­қы тұқым­дастар­ды өсі­ру
    01.43
    Жыл­қы­лар­ды өсі­ру және кө­бей­ту
    12
    Түй­е­ні және өзге де түйе тек­тес жа­ну­ар­лар­ды өсі­ру
    01.44
    Түй­е­лер­ді өсі­ру және кө­бей­ту
    13
    Қой және еш­кі өсі­ру
    01.45
    Қойы және еш­кі өсі­ру:
    қой және еш­кі өсі­ру және кө­бей­ту;
    қой­дың және еш­кі­нің ши­кі сү­тін өн­ді­ру;
    өң­дел­ме­ген (жуыл­ма­ған) жүн­ді өн­ді­ру.
    14
    Шош­қа өсі­ру
    01.46
    Шош­қа өсі­ру
    15
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ста­рын өсі­ру
    01.47
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ста­рын өсі­ру және кө­бей­ту. Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ста­ры жұ­мырт­қа­ла­рын өн­ді­ру. Ара­лас ет­ті жұ­мырт­қа өн­ді­рі­сі.
    Ин­ку­ба­тор­лық құс ша­ру­а­шы­лы­ғы стан­ци­я­ла­ры­ның қыз­ме­ті.
    16
    Жа­ну­ар­лар­дың бас­қа түр­ле­рін өсі­ру
    01.49
    Ба­ла­ра­ны өсі­ру, бал­ды және ба­ла­ра ба­ла­у­ы­зын өн­ді­ру.
    17
    Ара­лас ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы
    01.50
    Өсім­дік ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рі­мен қа­тар мал ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның өнім­де­рін өн­ді­ру: ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы да­қыл­дар­дын мал ша­ру­а­шы­лы­ғы­мен қо­сып өсі­ру.
    18
    Ет­ті өң­деу және кон­сер­ві­леу және ет өнім­де­рі­нің өн­ді­рі­сі
    Ет­ті өң­деу және кон­сер­ві­леу
    10.11
    Жа­ңа сой­ы­л­ған, сал­қын­да­ты­л­ған неме­се то­ңа­зы­ты­л­ған ет­ті ұша, ша­бы­л­ған ет неме­се бө­лік­тер­ге бө­лін­ген тү­рін­де өн­ді­ру
    Та­мақ суб­ө­нім­де­рі
    19
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­сы­ның етін өң­деу және кон­сер­ві­леу
    10.12
    Құс сою бө­лім­де­рін­де ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­сын сою, етін ұша­лар­ға бө­лу және өл­шеп орау.
    Бө­лік­тер­ге бө­лін­ген жа­ңа сой­ы­л­ған, сал­қын­да­ты­л­ған неме­се то­ңа­зы­ты­л­ған ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­сы­ның етін өн­ді­ру
    20
    Ет­тен және ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­сы­ның еті­нен жа­сал­ған өнім­дер­ді өн­ді­ру
    10.13
    Кеп­ті­рі­л­ген, тұз­дал­ған неме­се ыстал­ған ет­ті өн­ді­ру.
    Ет өнім­де­рін: со­сис­ка­лар, са­лы, шұ­жық өнім­де­рін, шұ­жық­тар, сүр­лен­ген құр­ғақ шұ­жық, сер­ве­лат, бо­лон ыстал­ған шұ­жы­ғы, паш­тет­тер­ді, ора­ма­лар, пі­сі­рі­л­ген сан етін, ет­ті және құ­ра­мын­да ет бар (ет өсім­дік­ті) кон­сер­ві­лер­ді өн­ді­ру.
    Ет­ті және құ­ра­мын­да ет бар жар­ты­лай дай­ын өнім­ді өн­ді­ру.
    21
    Ба­лық­ты, ша­ян тә­р­із­ді­лер­ді және мол­люс­кі­лер­ді өң­деу және кон­сер­ві­леу
    Ба­лық­ты, ша­ян тә­р­із­ді­лер­ді және мол­люс­кі­лер­ді өң­деу және кон­сер­ві­леу
    10.20
    Ба­лық­ты, ша­ян тә­р­із­ді­лер­ді және мол­люс­кі­лер­ді өң­деу және кон­сер­ві­леу.
    Ба­лық­тан, ша­ян тә­р­із­ді­лер­ден және мол­люс­кі­лер­ден өнім өн­ді­ру.
    Адам­дар­дың та­м­ақ­қа пай­да­ла­нуы үшін неме­се жа­ну­ар­лар азығы үшін ба­лық өнім­де­рін өн­ді­ру.
    Ба­лық­тан және адам­дар­дың та­м­ақ­қа пай­да­ла­нуы­на жа­рам­сыз өзге де жа­ну­ар­лар түр­ле­рі­нен ұн, ұн­тақ және түй­ір­шік өн­ді­ру.
    Те­ңіз бал­дыр­ла­рын өң­деу.
    22
    Же­мі­стер­ді және кө­кө­ні­стер­ді өң­деу және кон­сер­ві­леу
    Кар­топ­ты өң­деу және кон­сер­ві­леу
    10.31
    Кар­топ­ты өң­деу және кон­сер­ві­леу: дай­ын то­ңа­зы­ты­л­ған кар­топ­ты өн­ді­ру, құр­ғақ кар­топ пю­ре­сін өн­ді­ру, кар­топ­тар­дан же­ңіл та­мақ­тар­ды өн­ді­ру, кар­топ чип­сте­рін өн­ді­ру, май­да тар­ты­л­ған және ірі тар­ты­л­ған кар­топ ұнын өн­ді­ру.
    23
    Же­міс және кө­кө­ніс шы­рын­да­рын өн­ді­ру
    10.32
    Же­міс және кө­кө­ніс шы­рын­да­рын өн­ді­ру.
    Жас же­мі­стер­ден және кө­кө­ні­стер­ден кон­цен­трат­тар мен шы­рын­дар өн­ді­ру.
    24
    Же­мі­стер­ді және кө­кө­ні­стер­ді өң­деу және кон­сер­ві­ле­удің өзге де түр­ле­рі
    10.39
    То­ңа­зы­ты­л­ған неме­се кон­сер­ві­лен­ген түр­де­гі дай­ын та­ғам­дар­ды қо­с­па­ған­да, негі­зі­нен же­мі­стер­ден неме­се кө­кө­ні­стер­ден та­мақ өнім­де­рін өн­ді­ру.
    Же­мі­стер­ді, жаң­ғақ­тар­ды неме­се кө­кө­ні­стер­ді кон­сер­ві­леу: то­ңа­зы­ту, кеп­ті­ру, май ішін­де неме­се сір­ке суын­да сі­ңі­ру, гер­ме­ти­ка­лық ыдыс­та кон­сер­ві­леу.
    Же­мі­стер­ден неме­се кө­кө­ні­стер­ден та­мақ өнім­де­рін өн­ді­ру.
    Джем, мар­ме­лад және та­ғам­дық же­ле жа­сау.
    Жаң­ғақ­тар­ды қуы­ру.
    Жаң­ғақ­тар­дан пас­та­лар­ды және өзге де та­мақ өнім­де­рін өн­ді­ру.
    25
    Өсім­дік және мал майы мен тоң­май­ын өн­ді­ру
    Май және тоң­май өн­ді­ру
    10.41
    Та­зар­тыл­ма­ған өсім­дік май­ын: соя, күн­ба­ғыс, мақ­та, рапс, қы­ша, зығ­ыр, май­са­на, зәй­түн май­ын өн­ді­ру.
    Та­зар­ты­л­ған (та­за­лан­ған) өсім­дік май­ын: соя, күн­ба­ғыс, мақ­та, рапс, қы­ша, зығ­ыр, май­са­на, зәй­түн май­ын өн­ді­ру.
    Өсім­дік май­ын өң­деу: шаю, қай­на­ту, де­гид­ра­ци­я­лау, гид­ро­ге­ни­за­ци­я­лау.
    26
    Мар­га­рин және оған ұқсас та­ғам­дық май­лар­ды өн­ді­ру
    10.42
    Мар­га­рин­ді өн­ді­ру.
    Май қо­с­па­ла­рын және спред­тер­ді өн­ді­ру.
    Та­мақ дай­ын­да­у­ға ар­нал­ған ара­лас май­лар­ды өн­ді­ру.
    27
    Сүт және сыр өнім­де­рі
    Сүт­ті өң­деу және сыр өн­ді­ру
    10.51
    Сұй­ық сүт­ті, па­стер­лен­ген, за­рар­сыздан­ды­ры­л­ған, го­мо­ген­дел­ген, сон­дай-ақ бас­қа жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра­да өң­дел­ген сүт­ті өн­ді­ру.
    Сүт негі­зін­де аль­ко­голь­сіз су­сын­дар­ды өн­ді­ру.
    Піс­пе­ген сұй­ық сүт­тен, па­стер­лен­ген, за­рар­сыздан­ды­ры­л­ған және го­мо­ге­ни­зир­лен­ген сүт­тен кі­ле­гей өн­ді­ру.
    Құр­ғақ сүт өн­ді­ру.
    Қат­ты түр­де сүт неме­се кі­ле­гей өн­ді­ру.
    Са­ры май өн­ді­ру.
    Йо­гурт өн­ді­ру.
    Сыр және ірім­шік өн­ді­ру.
    Са­ры­су өн­ді­ру.
    Ка­зе­ин неме­се лак­то­за өн­ді­ру.
    Сүт кон­сер­ві­ле­рін өн­ді­ру.
    28
    Бал­мұз­дақ өн­ді­ру
    10.52
    Бал­мұз­дақ өн­ді­ру.
    29
    Ұн тар­ту -жар­ма өнім­де­рін өн­ді­ру
    Ұн өн­ді­ру
    10.61.1*
    Би­дай­дан, қа­ра би­дай­дан, сұлы­дан, жү­ге­рі­ден және бас­қа дән­дер­ден май­да және ірі тар­ты­л­ған ұн­ды өн­ді­ру.
    Кү­ріш ұнын өн­ді­ру.
    Құр­ғақ бұр­шақ дән­де­рі­нен, та­мыр­лар­дан неме­се са­бақ­тар­дан, неме­се же­у­ге жа­рам­ды жаң­ғақ­тар­дан май­да және ірі тар­ты­л­ған ұн өн­ді­ру.
    Нан, торт, бә­ліш, пи­рог­тар, биск­вит­тер және құй­мақ­тар­ды пі­сі­ру­ге ар­нал­ған дай­ын ұн қо­с­па­ла­ры мен қа­мыр­лар­ды өн­ді­ру.
    30
    Жар­ма өн­ді­ру
    10.61.2
    Би­дай­дан, қа­ра би­дай­дан, сұлы­дан, жү­ге­рі­ден неме­се бас­қа дән­дер­ден жар­ма өн­ді­ру.
    Қыр­нал­ған, ұн­тақ­тал­ған, жы­л­ты­ра­ты­л­ған, те­гі­стел­ген, гла­зурь­лен­ген, бу­лан­ған кү­ріш­ті өн­ді­ру
    31
    Та­ғам­дық кон­цен­трат­тар­ды өн­ді­ру
    10.61.3
    Құр­ғақ таң­ғы ас си­яқ­ты дән­ді да­қыл­дар­дан жа­сал­ған таң­ғы ас­қа ар­нал­ған өнім­дер­ді өн­ді­ру.
    Би­дай, қа­ра би­дай, сұ­лы, жү­ге­рі неме­се бас­қа да дән­дер­дің қа­уы­зда­рын өн­ді­ру.
    32
    Крах­мал­ды және крах­мал­дан өнім­дер өн­ді­ру
    10.62
    Кү­ріш­тен, кар­топ­тан, жү­ге­рі­ден крах­мал­дар өн­ді­ру және та­ғы бас­қа
    Ши­кі жү­ге­рі­ні май­да­лау.
    Глю­ко­за және (неме­се) глю­ко­за-фрук­то­за шәр­ба­тын, қант шәр­ба­тын, маль­то­за, ину­лин жа­сау және та­ғы бас­қа
    Дән­ма­ңы­зын жа­сау.
    Жү­ге­рі май­ын жа­сау.
    33
    Нан-то­қаш, ма­ка­рон және ұн­нан жа­сал­ған кон­ди­тер­лік өнім­дер­ді өн­ді­ру
    Ұзақ сақ­та­у­ға ар­нал­ма­ған нан және ұн­нан жа­сал­ған кон­ди­тер­лік өнім­дер­ді өн­ді­ру
    10.71
    Нан-то­қаш өнім­де­рін: нан, то­қаш өнім­де­рін, құй­мақ, ұн­нан жа­сал­ған кон­ди­тер­лік өнім­дер (торт­тар, тәт­ті то­қаш­тар, бә­ліш­тер, биск­вит­тер) өн­ді­ру.
    34
    Кеп­ті­рі­л­ген нан және пе­че­нье, ұзақ сақ­та­у­ға ар­нал­ған ұн­нан жа­сал­ған кон­ди­тер­лік өнім­дер өн­ді­ру
    10.72
    Кеп­ті­рі­л­ген нан, биск­вит және өзге де құр­ғақ нан-то­қаш өнім­де­рін өн­ді­ру.
    Ұзақ сақ­та­у­ға ар­нал­ған ұн­нан жа­сал­ған кон­ди­тер­лік өнім­дер­ді, торт­тар­ды, тәт­ті то­қаш­тар­ды, бә­ліш­тер мен биск­вит­тер­ді өн­ді­ру.
    Пе­че­нье, кре­кер­лер, крен­дел­дер си­яқ­ты тұз­ды және тәт­ті өнім­дер­ді өн­ді­ру.
    35
    Ма­ка­рон өнім­де­рін өн­ді­ру
    10.73
    Пі­сі­рі­л­ген және пі­сі­ріл­ме­ген, са­лындысы бар және са­лындысы жоқ ма­ка­рон және кес­пе өн­ді­ру.
    Кус­кус өн­ді­ру.
    Кон­сер­ві­лен­ген неме­се то­ңа­зы­ты­л­ған ма­ка­рон өнім­де­рін өн­ді­ру.
    36
    Өзге де та­мақ өнім­де­рін өн­ді­ру
    Қант өн­ді­ру
    10.81
    Қант қы­зы­л­ша­сы­нан және қант­құ­ра­ғы­нан қант өн­ді­ру
    37
    Ка­као, шо­ко­лад және қант­ты кон­ди­тер­лік өнім­дер­ді өн­ді­ру
    10.82
    Ка­као-ұн­та­ғын, ка­као-май­ын өн­ді­ру.
    Шо­ко­лад және шо­ко­лад кәм­пит­тер­ді өн­ді­ру.
    Қант­ты кон­ди­тер­лік өнім­дер­ді: ка­ра­мель, ну­га, по­мад­ка, ақ шо­ко­лад өн­ді­ру.
    Қант­тал­ған же­мі­стер­ді, жаң­ғақ­тар­ды, же­мі­стер­ден және өсім­дік­тер­дің өзге де бө­лік­те­рі­нен цу­кат­тар өн­ді­ру.
    Дра­же, мұз кәм­пит және па­сти­ла­лар өн­ді­ру.
    38
    Та­тым­дық­тар мен дәм­де­уіш­тер­ді өн­ді­ру
    10.84
    Дәм­қо­сар­лар­ды тұз­дық­тар­ды және дәм­де­уіш­тер­ді,: май­о­нез, қы­ша ұны мен ұн­та­ғы, дай­ын қы­ша­ны өн­ді­ру.
    Сір­ке суын өн­ді­ру.
    Та­ғам­ға пай­да­ла­ну­ға жа­рам­ды тұз өн­ді­ру, мы­са­лы, йод­тал­ған тұз.
    39
    Өзге де та­мақ өнім­де­рін өн­ді­ру
    10.89
    Кө­же және сор­па өн­ді­рі­сі.
    Жұ­мырт­қа өнім­де­рін, жұ­мыр­тқа­ның ақуы­зын өн­ді­ру.
    Ашыт­қы өн­ді­рі­сі.
    40
    Дай­ын та­ғам өнім­де­рі (өн­ді­рі­стік мас­шта­б­та)
    Дай­ын та­ғам өнім­де­рін өн­ді­ру
    10.85
    Ет та­ғам­да­рын неме­се үй құ­сы­нан жа­сал­ған та­ғам­дар­ды өн­ді­ру.
    Ба­лық­тың тар­ты­л­ған етін қо­са, ба­лық та­ғам­да­рын өн­ді­ру.
    Кө­кө­ні­стер­ден та­ғам­дар дай­ын­дау.
    То­ңа­зы­ты­л­ған пиц­ца­ны неме­се сақ­тау үшін өзге де тә­сіл­дер­мен дай­ын­дал­ған пиц­ца­ны өн­ді­ру.
    41
    Ба­ла­лар та­ға­мы
    Ба­ла­лар та­ға­мын және ди­е­та­лық та­мақ өнім­де­рін өн­ді­ру
    10.86
    Ар­найы та­мақ­та­ну­ға пай­да­ла­ны­ла­тын та­мақ өнім­де­рін: ба­ла­лар­ға ар­нал­ған сүт қо­спа­сын; ем­шек­те­гі сә­би­лер­ге ар­нал­ған құ­нар­лы сүт­ті және бас­қа да өнім­дер­ді; ба­ла­лар та­ғам­да­рын; сал­мақ­ты ба­қы­ла­у­ға ар­нал­ған ка­ло­ри­я­сы аз және ка­ло­ри­я­сы азай­ты­л­ған өнім­дер­ді; құ­ра­мын­да на­трийі аз және на­трийі жоқ ди­е­та­лық тұз­дар­ды қо­са оты­рып, құ­ра­мын­да на­трийі азай­ты­л­ған та­мақ өнім­де­рін; құ­ра­мын­да глю­те­ні жоқ та­мақ өнім­де­рін; фи­зи­ка­лық ауыр жұ­мысты орын­дай­тын адам­дар­ға, әсі­ре­се спорт­шы­лар­ға пай­да­ла­ну­ға ар­нал­ған та­мақ өнім­де­рін; зат ал­ма­суы­ның бұ­зы­луы­мен (диа­бет­пен) ауы­ра­тын адам­дар­ға ар­нал­ған та­мақ өнім­де­рін өн­ді­ру
    42
    Жа­ну­ар­лар­ға ар­нал­ған дай­ын азық­тар өн­ді­ру
    Ауы­л­ша­ру­а­шы­лы­ғы жа­ну­ар­ла­ры­на ар­нал­ған дай­ын азық­тар­ды өн­ді­ру
    10.91
    Ірі қа­ра мал­ға, ұсақ мал­ға, жыл­қы­лар­ға, үй құ­ста­ры­на және шош­қа­лар­ға ар­нал­ған азық­тар­ды өн­ді­ру
    43
    Ал­ко­голь­сіз су­сын­дар­ды, ми­не­рал­ды су­лар­ды және бас­қа да бө­тел­ке­лер­ге құй­ы­ла­тын су­сын­дар­ды өн­ді­ру
    Ал­ко­голь­сіз су­сын­дар­ды, ми­не­рал­ды су­лар­ды және бас­қа да бө­тел­ке­лер­ге құй­ы­ла­тын су­сын­дар­ды өн­ді­ру
    11.07.0*
    Та­би­ғи ми­не­рал­ды су­ды және өзге де бө­тел­ке­лер­де­гі су­лар­ды өн­ді­ру.
    Ал­ко­голь­сіз су­сын­дар­ды, хош иістен­ді­рі­л­ген және (неме­се) тәт­ті­лен­ді­рі­л­ген су­сын­дар: ли­мо­над, оран­жад, ко­ла, же­міс су­сын­да­ры, то­ник­тер және та­ғы бас­қа­лар­ды өн­ді­ру.
    44
    Жүн­ді өң­деу
    Жүн тал­шы­ғын дай­ын­дау
    13.10.3
    Жуы­л­ған, май­сыздан­ды­ры­л­ған неме­се кар­бон­дал­ған, тү­тіл­ме­ген және та­рақ­пен та­рал­ма­ған жүн (қой жү­ні).
    Жа­ну­ар­лар­дың жі­ңіш­ке неме­се қы­л­шық­ты, тү­ті­л­ген неме­се та­рақ­пен та­рал­ған жү­ні мен қы­лы
    45
    Жүн тал­шы­ғын иіру
    13.10.4
    То­қы­ма және тігін өнер­к­ә­сі­біне ар­нал­ған жүн­нен иірі­л­ген жіп өн­ді­рі­сі
    46
    Жүн ма­та­лар өн­ді­рі­сі
    13.20.2
    Тү­ті­л­ген неме­се та­рақ­пен та­рал­ған жүн­нен неме­се жа­ну­ар­лар­дың қы­л­шық­ты қы­лы­нан неме­се жыл­қы қы­лы­нан жа­сал­ған ма­та­лар
    47
    Ки­із­ден ба­сы­л­ған бұй­ым­дар өн­ді­рі­сі
    13.99.2
    Ки­із және фетр өн­ді­рі­сі
    48
    Бы­л­ға­ры өнім­де­рін өн­ді­ру
    Те­рі­ні илеу және өң­деу
    15.11.1
    Илен­ген және өң­дел­ген бы­л­ға­ры; өң­дел­ген және бо­я­л­ған үл­бір.
    Үл­бір, илен­ген неме­се өң­дел­ген те­рі­лер.
    Кү­де­рі (қиы­стыр­ған кү­де­рі­ні қо­са ал­ған­да);
    бо­я­л­ған бы­л­ға­ры және бо­я­л­ған ла­ми­над­тал­ған;
    ме­тал­дан­ды­ры­л­ған бы­л­ға­ры.
    Бо­я­л­ған бы­л­ға­ры және бо­я­л­ған ла­ми­над­тал­ған;
    ме­тал­дан­ды­ры­л­ған бы­л­ға­ры.
    49
    Те­рі­ні өң­деу және бо­яу
    15.11.3
    Іpi қа­ра мал­дың те­рі­ле­рі­нен жа­сал­ған бы­л­ға­ры неме­се жыл­қы тұқым­дас жа­ну­ар­лар­дың тү­гi бар те­рі­ле­рі.
    Іpi қа­ра мал­дың түк­сіз тұ­тас те­рі­ле­рі­нен жа­сал­ған бы­л­ға­ры.
    Жыл­қы тұқым­дас жа­ну­ар­лар­дың түк­сіз те­рі­ле­рі­нен жа­сал­ған бы­л­ға­ры.
    Қой, еш­кі неме­се шош­қа­ның түк­сіз те­рі­ле­рі­нен жа­сал­ған бы­л­ға­ры.
    Қой­дың түк­сіз те­рі­ле­рі­нен жа­сал­ған бы­л­ға­ры.
    Еш­кі­нің түк­сіз те­рі­ле­рі­нен жа­сал­ған бы­л­ға­ры.
    Шош­қа­лар­дың түк­сіз те­рі­сі
    50
    Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы өнім­де­рін сақ­тау
    Жүк­тер­ді қой­ма­ға қою және сақ­тау
    52.10
    Кө­кө­ні­стер­ді және же­мі­стер­ді сақ­тау орын­да­ры
    * өндірістік процестің технологиялық циклі үшін қажетті айналым қаражатын толықтыруға арналған қарыз шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау.

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2023 жылғы 29 қарашадағы

    № 410 бұйрығына

    2-қосымша

    Агроөнеркәсіптік кешен

    субъектілеріне кредит беру,

    сондай-ақ ауыл шаруашылығы

    жануарларын, техникасы мен

    технологиялық жабдығын сатып

    алуға лизинг кезінде сыйақы

    мөлшерлемелерін субсидиялау

    қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    Сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шарты

    ___________ қаласы                               20__ жылғы «___» __________

    Бұдан әрі «Жұмыс органы» деп аталатын _________________ облысының (қаласының) ауыл шаруашылығы басқармасы атынан 20__ жылғы _________________________ № ________ сенімхат негізінде әрекет ететін ________________________ бір тараптан, бұдан әрі «Қарыз алушы» деп аталатын ________________________ атынан _____________________________ негізінде әрекет ететін __________________ екінші тараптан және бұдан әрі «Қаржы институты» деп аталатын ______________________ атынан _____________________ негізінде әрекет ететін ____________ үшінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», ал жеке алғанда «Тарап» деп аталатындар, төмендегілер туралы осы сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартын (бұдан әрі – шарт) жасасты.

    1-тарау. Терминдер мен анықтамалар

    1. Осы субсидиялау шартында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 17741 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалар) көрсетілген ұғымдар пайдаланылады.

    2-тарау. Шарттың мәні

    2. Осы субсидиялау шарты бойынша Жұмыс органы шартта айқындалған талаптарда Қаржы институтының қолдауымен осы шартқа қосымшаға сәйкес нысан бойынша Карыз алушыны субсидиялау графигіне (бұдан әрі – субсидиялау графигі) сәйкес тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша бөлінген ақша сомасы шегінде Қарыз алушының қарыз шарты бойынша айқындалған сыйақы мөлшерлемесін төлеу жөніндегі шығындарын субсидиялауды жүзеге асыруға міндеттенеді.

    3-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

    3. Жұмыс органы:

    1) Қаржы институтынан субсидиялауға арналған өтінім келіп түскен күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарауға:

    2) оның Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялар алу шарттарына сәйкестігін тексеруді және субсидиялауға арналған өтінім сомасының субсидиялау шартына сәйкес Қарыз алушыларды субсидиялау графигіне сәйкестігін тексеруді жүзеге асыруға;

    3) субсидиялауға арналған өтінімге сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін Қаржы институтының арнайы банктік шотына ай сайын аванстық төлеммен, субсидияларды кезекті төлеу жүргізілетін айдың алдындағы айында аударуға;

    4) субсидиялауға арналған өтінім Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкес болған жағдайда, Қаржы институтының банктік шотына субсидияларды аудару үшін төлем шотын қалыптастыруға және қазынашылық органдарына жолдауға;

    5) субсидиялауға арналған өтінім сәйкес келмеген жағдайда субсидиялар беруден бас тарту туралы Қаржы институтын хабардар етуге міндеттенеді.

    4. Қаржы институты:

    1) ай сайын субсидиялауға арналған өтінімді қалыптастыруға және Жұмыс органына жолдауға;

    2) Қарыз алушы негізгі борышты және сыйақыны өтеу жөніндегі міндеттемелерінің мерзімін өткізіп алған жағдайда және Субсидиялау қағидаларында көрсетілген басқа да оқиғалар бойынша оқиғалар анықталған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ол туралы Жұмыс органын хабардар етуге;

    3) қолданыстағы қарыз шартының талаптары (Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 180-бабының 2-тармағына сәйкес бюджеттік кредиттің негізгі талаптары бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкілетті органның шешімінде белгіленген, «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамына бюджеттік кредит берудің негізгі шарттарына сәйкес меншікті немесе тартылған қаражатты бюджеттік қаражатқа ауыстыру кезіндегі мөлшерлемені өзгертуді, сыйақы төлеу мерзімдерін, негізгі борышты және (немесе) сыйақыны төлеу мерзімін кейінге қалдыруды ұсынуды қоса алғанда, сыйақы мөлшерлемесі) өзгерген жағдайда, Жұмыс органына қаржыландыру талаптарын өзгерту бойынша қабылданған шешімнің көшірмесін, негізгі борышты, сыйақыны өтеудің жаңартылған графигін және субсидиялар көлемін қоса бере отырып, хабарлама жолдауға;

    4) қаржы институтынан алынған қарыздың нысаналы пайдаланылуына (оның ішінде пайдаланудың толықтығы мәніне) тексеру жүргізуге;

    5) қарыз алушының қарыз шартының талаптарын сақтауына, оның ішінде қарыз шарты бойынша кредит қаражатын толық игеру және нысаналы пайдалану бойынша тексеру жүргізуге;

    6) қарыз алушы қарыз шартының талаптарын сақтамаған жағдайлар туралы жұмыс органын (көрсетілетін қызметті берушіні) хабардар етуге міндеттенеді.

    5. Қарыз алушы:

    1) Субсидиялау қағидаларында белгіленген субсидиялау шарттарын сақтауға;

    2) қарыз шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесінің басқа мемлекеттік және бюджеттік бағдарламалар бойынша субсидиялануына жол бермеуге;

    3) қарыз шарты бойынша алынған кредиттік қаражатты қарыз шартының талаптарына сәйкес толық пайдалануға;

    4) қарыз шарты бойынша кредиттік қаражатты толық немесе мақсатсыз пайдаланған кезде төленген субсидияларды қарыз шарты бойынша толық емес немесе мақсатсыз кредиттік қаражаттың сомасына барабар қайтаруға міндеттенеді.

    4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

    6. Тараптар осы шарт бойынша осы субсидиялау шартына және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы шарттан туындайтын міндеттемелерді орындамағаны және/немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болады.

    5-тарау. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары

    7. Егер орындаудың мүмкін еместігі еңсерілмейтін күш мән-жайларының салдары болып табылса, Тараптар осы cубсидиялау шарты бойынша міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

    8. Еңсерілмейтін күш мән-жайлары басталған кезде, осы субсидиялау шарты бойынша өз міндеттемелерін орындауының мүмкін болмауы туындаған Тарап олар туындаған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мұндай мән-жайлар туралы екінші Тарапты уақтылы хабардар етуі тиіс. Бұл ретте еңсерілмейтін күштің мән-жайларының сипаты, әрекет ету кезеңі, басталу фактісі уәкілетті мемлекеттік органдардың тиісті құжаттарымен расталуы тиіс.

    9. Уақтылы хабардар етілмеген жағдайда, Тарап екінші Тарапқа хабардар етпеуден немесе уақтылы хабардар етпеуден келтірілген зиянның орнын толтыруға міндетті.

    10. Еңсерілмейтін күш мән-жайларының басталуы осы шарттың орындалу мерзімін олардың әрекет ету кезеңіне ұлғайтуға алып келеді.

    11. Егер, мұндай мән-жайлар қатарынан 3 (үш) айдан артық жалғасатын болса, онда Тараптардың кез келгені осы субсидиялау шарты бойынша міндеттемелерін одан әрі орындаудан бас тартуға құқылы.

    6-тарау. Қорытынды ережелер

    12. Хат-хабар тиісті түрде ресімделсе (хат-хабар бланкінде берілген немесе мөрмен (бар болса) бекемделген, басшының қолы қойылған және оның тіркеу нөмірі, күні болған жағдайда, ол тиісті түрде ресімделген болып саналады), қолма-қол табысталса, қатысушы Тараптың мекенжайына почта арқылы (хабарламасы бар тапсырыс хатпен) немесе курьерлік байланыс арқылы жеткізілсе, ол тиісті түрде ұсынылған немесе жолданған болып саналады.

    13. Жұмыс органы осы субсидиялау шартын мынадай жағдайларда біржақты бұзуды жүзеге асырады:

    1) шартта қарыз алушы негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу бойынша күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам орындамаған міндеттемелердің болуы;

    2) қарыз шарты бойынша қаражатты мақсатсыз пайдалану;

    3) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша қарыз алушының шоттарына тыйым салу;

    4) қарыз алушының субсидиялар алудан бас тарту туралы еркін нысандағы жазбаша өтініші;

    5) қарыз алушының қарыз шарты бойынша қаржы институты алдындағы міндеттемелерін толық өтеуі;

    6) Субсидиялау қағидаларының 20-1-тармағының бесінші бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда қарыз шартының бұзылуы немесе тоқтатылуы.

    14. Тараптар тікелей келіссөздер процесінде олардың арасында шарт бойынша немесе оған байланысты туындайтын барлық келіспеушіліктерді немесе дауларды шешуге барлық күш-жігерін салуға тиіс. Егер осындай келіссөздерден кейін Тараптар субсидиялау шарты бойынша дауды шеше алмаса, Тараптардың кез келгені осы мәселені Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген сот тәртібімен шешуді талап ете алады.

    15. Осы субсидиялау шарты барлық Тараптардың уәкілетті өкілдері қолдарын қойған күннен бастап күшіне енеді және субсидиялау графигіне сәйкес қарыз шарттарының мерзімі аяқталғанға дейін қолданыста болады.

    16. Шартпен реттелмеген бөлікте, Тараптар дауды сот тәртібімен шешеді.

    17. Осы шарт заңды күші бірдей мемлекеттік және орыс тілдерінде 6 (алты) данада, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.

    18. Осы субсидиялау шартына қосымша оның ажырамас бөлігі болып табылады.

    19. Тараптардың мекенжайлары, банктік деректемелері, қолтаңбалары:

    Жұмыс органы:
    Қарыз алушы:
    Қаржы институты:

    Сыйақы мөлшерлемелерін

    субсидиялау шартына

    қосымша

    Нысан

    Қарыз алушыны субсидиялау графигі (Жұмыс органының шешіміне сәйкес) 20___ жылғы « ___» _______ №___

    Қарыз алушының атауы: _________________________________________

    Нөмірі, жасалған күні:___________________________________________

    Кредиттің/ лизингтің нысаналы мақсаты:___________________________

    Кредит шартының сомасы, теңге: _________________________________

    Кредит шартының сомасы, валюта: теңге, KZT: _____________________

    Кредит шарты бойынша негізгі борышты қайтару мерзімі: ____________

    Сыйақы мөлшерлемесі, %

    Жалпы: _______________________________________________________

    Субсидияланатын: ______________________________________________

    Қарыз алушы төлейтін: __________________________________________

    Кредит шартының барлық мерзіміне сыйақы сомасы, теңге

    Жалпы: _______________________________________________________

    Субсидияланатын: ______________________________________________

    Қарыз алушы төлейтін: __________________________________________

    Жыл
    Ай
    Кредит шартының графигі бойынша сыйақы мөлшерлемесін өтеу мерзімі
    Сыйақының жалпы сомасы, теңге
    Мемлекет төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы (субсидияланатын), теңге
    Қарыз алушы төлейтін сыйақы мөлшерлемесі бөлігінің сомасы, теңге
    Жиыны

    Жұмыс органы __________ ______________________________________ қолы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Қарыз алушы:____________ ______________________________________ қолы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) Қаржы институты_________ ______________________________________ қолы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2023 жылғы 29 қарашадағы

    № 410 бұйрығына

    3-қосымша

    Агроөнеркәсіптік кешен

    субъектілеріне кредит беру,

    сондай-ақ ауыл шаруашылығы

    жануарларын, техникасы мен

    технологиялық жабдығын сатып

    алуға лизинг кезінде сыйақы

    мөлшерлемелерін субсидиялау

    қағидаларына

    10-қосымша

    Нысан

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне

    Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған

    Субсидиялардың нақты пайдаланылуы туралы есеп

    Әкімшілік деректер нысанының индексі: № 3-СНП нысан

    Кезеңділігі: тоқсан сайын, жыл сайын

    Есепті кезең: 20__ жылғы ___________ тоқсан, 20__ жыл

    Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: қаржы институттары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесі.

    Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі:

    облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасына дейін және жыл сайын, есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың жиырма бесінші қаңтарына дейін;

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың отызыншы күніне дейін және жыл сайын, күнтізбелік жылдың отызыншы қаңтарына дейін.

    Қарыз алушы­ның ата­уы
    Же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі / биз­нес сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі
    Қар­жы ин­сти­ту­ты­ның ата­уы
    Қарыз шар­ты­ның ны­са­на­лы мақ­са­ты*
    Ба­ғыт (Қа­ра­пай­ым заттар эко­но­ми­ка­сы, Жұ­мыспен қам­ту­дың жол кар­та­сы, Аг­ро­өнер­к­ә­сіп­тік ке­шен)
    Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі­нің жал­пы жік­те­уі­ші бой­ын­ша ко­ды (ЭҚ­ЖЖ)
    Қарыз шар­ты­ның нө­мі­рі мен кү­ні
    Қарыз шар­ты­ның со­ма­сы, тең­ге
    Жал­пы сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі, %
    Суб­си­ди­я­ла­на­тын сый­а­қы мөл­шер­ле­ме­сі, %
    Қарыз шар­ты­ның бү­кіл қол­да­ны­лу мер­зі­мі үшін суб­си­ди­я­лар со­ма­сы, мың тең­ге
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    Бар­лы­ғы:
    кестенің жалғасы:
    Бар­лық ауда­ры­л­ған суб­си­ди­я­лар, тең­ге
    Ауыт­қу ( + , -) ( + ) ар­тық тө­лен­ге­ні, ( - ) жет­пе­ген, тең­ге
    Пай­да­ла­ныл­ма­ған суб­си­ди­я­лар­ды қай­та­ру, тең­ге
    Қар­жы ин­сти­ту­ты­ның ар­найы шо­тын­да­ғы суб­си­ди­я­лар қа­ра­жа­ты­ның қал­ды­ғы
    жұ­мыс ор­га­ны­ның қар­жы ин­сти­ту­ты­на
    қар­жы ин­сти­ту­ты­ның қарыз алушы­ға
    Бар­лы­ғы
    оның ішін­де есеп­ті ке­зең­де­гі
    Бар­лы­ғы
    оның ішін­де есеп­ті ке­зең­де­гі
    Бар­лы­ғы
    (13-ба­ған – 15-ба­ған)
    оның ішін­де есеп­ті ке­зең­де
    (14-ба­ған - 16-ба­ған)
    Бар­лы­ғы
    оның ішін­де есеп­ті ке­зең­де­гі
    Бар­лы­ғы
    (17-ба­ған –19-ба­ған)
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    *Қарыз шартының нысаналы мақсаты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларының 4- тармағына сәйкес көрсетіледі.
    Атауы __________________________________________________
    Мекенжайы _____________________________________________ __________________________________________________________
    Телефоны _______________________________________________________
    Электрондық пошта мекенжайы ____________________________________
    Орындаушы ____________________________________________________
    (аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
    Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға
    ________________________________________________________________
    (аты және әкесінің аты (бар болса), тегі, қолы)
    Мөрге арналған орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)
    Есептің тапсырылған күні 20 ___ жылғы «___» __________
    Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Субсидияларды нақты пайдалану туралы есеп» нысанын толтыру бойынша түсініктеме

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсініктеме Әкімшілік деректерін жинауға арналған «Субсидияларды нақты пайдалану туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

    2. Нысанды қаржы институттары, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесі толтырады.

    3. Нысанға орындаушы мен басшы не оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

    4. Нысаны ұсынады:

    қаржы институттары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы саласындағы функцияларды іске асыратын құрылымдық бөлімшесіне (бұдан әрі – жұмыс органы) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың жиырмасына дейін және жыл сайын, есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың жиырма бесінші қаңтарына дейін;

    жұмыс органы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың отызыншы күніне дейін және жыл сайын, есепті жылдан кейінгі күнтізбелік жылдың отызыншы қаңтарына дейін ұсынады.

    5. Нысан қазақ немесе орыс тілдерінде толтырылады.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме

    6. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі.

    7. 2-бағанда қарыз алушының атауы көрсетіледі.

    8. 3-бағанда қарыз алушының жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

    9.  4-бағанда қаржы институтының атауы көрсетіледі.

    10. 5-бағанда қарыз шартының нысаналы мақсаты көрсетіледі.

    11. 6-бағанда бағыт (Қарапайым заттар экономикасы, Жұмыспен қамтудың жол картасы, Агроөнеркәсіптік кешен) көрсетіледі.

    12. 7-бағанда Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша коды көрсетіледі.

    13. 8-бағанда қарыз шартының нөмірі мен күні көрсетіледі.

    14. 9-бағанда қарыз шартының сомасы көрсетіледі.

    15. 10-бағанда сыйақының жалпы мөлшерлемесі көрсетіледі.

    16. 11-бағанда субсидияланатын сыйақы мөлшерлемесі көрсетіледі.

    17. 12-бағанда қарыз шартының бүкіл қолданылу мерзімі үшін субсидиялар сомасы көрсетіледі.

    18. 13 және 14-бағандарда жұмыс органы қаржы институтына бүкіл кезеңде, оның ішінде есепті кезеңде аударған субсидиялар сомасы көрсетіледі.

    19. 15 және 16-бағандарда қаржы институты қарыз алушыға бүкіл кезеңде, оның ішінде есепті кезеңде аударған субсидиялар сомасы көрсетіледі.

    20. 17 және 18-бағандарда барлық кезеңдегі, оның ішінде есепті кезеңдегі ауытқулар (артық төлемдер, жетіспегендер) көрсетіледі.

    21. 19 және 20-бағандарда пайдаланылмаған субсидияларды жұмыс органына, оның ішінде есепті кезеңге қайтару сомасы көрсетіледі.

    22. 21-бағанда қаржы институтының арнайы шотындағы субсидиялар қаражатының қалдығы көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.