Петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы жазбаша арыз нысанын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 наурыз 2026 ж.

    Петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы жазбаша арыз нысанын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 90-2-бабының бірінші бөлігіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Қоса беріліп отырған Петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы жазбаша арыз нысаны бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мемлекет пен қоғам коммуникацияларын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық 2024 жылғы 4 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

    А. Балаева

    Қазақстан Республикасы Мәдениет

    және ақпарат министрінің

    2023 жылғы 28 қарашадағы

    № 470-НҚ бұйрығымен

    бекітілген

    Нысан

    Кімге____________________________,

    (мемлекет пен азаматтық қоғамның

    өзара іс-қимылы саласындағы

    уәкілетті органның атауы)

    Кімнен__________________________,

    (тегі, аты, әкесінің аты

    (ол болған жағдайда)

    ЖСН:____________________________

    (нөмірді көрсету)

    Нақты тұрғылықты мекен-жайы:

    __________________________

    (нақты тұрғылықты мекен-

    жайын көрсету)

    Тіркелген жерінің мекен-жайы:

    ________________________________

    (тіркеу орнының мекен-

    жайын көрсету)

    Байланыс телефоны:______________

    (телефон нөмірін көрсету)

    Петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы арыз

    Мен, Қазақстан Республикасының азаматы,_____________________________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), интернет-ресурста __________________________ (орталық мемлекеттік органның, жергілікті өкілді және (немесе) атқарушы органның атауы) атына жіберілетін мынадай мазмұн мен нысанасындағы петицияны орналастыруды сұраймын: «__________________________________________________________________________________________» (петицияның нысанасы бойынша дәлелдер және ұсыныстармен қоса),

    Петицияға мынадай құжаттар қоса беріледі:

    1) жеке куәліктің көшірмесі;

    2) өкілдің тиісті өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі (егер петицияны петиция берушінің өкілі берсе);

    3) петицияға қатысты растайтын құжаттар және (немесе) өзге де материалдар (қажет болған жағдайда).

    Осымен мен ұсынатын (толтырылған) ақпараттың дұрыстығы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты екенімді растаймын.

    Дербес деректерді жинауға, өңдеуге келісемін:

    _____________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

    Толтыру күні: 20__ жылы «__» __________

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.