Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 24 қараша 2023 ж.

    Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінің 510-бабының 1-тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Сарыағаш аудандық мәслихатының 2023 жылғы 23 маусымдағы № 4-44-VІІІ шешімімен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6317-13 тіркелген) Сарыағаш ауданының Сарыағаш қаласы мен елді мекендер жерлерін аймақтарға бөлу жобасы схемасы негізінде, Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 505 және 506 - баптарында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 1, 2, 3, 4 және 5 аймақтарда автотұрақтарға (паркингтерге), автожанармай құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) жерлерді қоспағанда 50 (елу) пайызға арттырылсын.

    2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Мәслихат төрағасы

    С. Таскулов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.