«2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 105 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 қараша 2023 ж.

    «2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 105 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 105 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5038 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жамбыл облысының әкімі

    Е. Карашукеев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Экология және табиғи ресурстар

    министрлігі

    Жамбыл облысы әкімдігінің

    2023 жылғы 21 қарашадағы № 224

    қаулысына қосымша

    Жамбыл облысы әкімдігінің

    2023 жылғы 2 маусымдағы

    № 105 қаулысына қосымша

    2023 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуға субсидиялар көлемі

    Тауарлы балық өнімдерінің түрі
    Өндіріс көлемі, сатып алу (тонна, дана)
    Бір килограмм балық азығына, 1 (бір) дана балық өсіру материалын сатып алуға субсидиялар сомасы (теңге)
    Субсидия сомасы, (мың теңге)
    1
    2
    3
    4
    5
    1.
    Балық азықтарын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары:
    1.1
    Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (отандық өндірістің азығы үшін)
    120 тонна
    105
    50400,0
    1.2
    Тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары (шетелдік өндірістің азығы үшін)
    30 тонна
    210
    10080,0
    1.3
    Албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары
    300 тонна
    270
    97200,0
    2.
    Балық өсіру материалын сатып алу шығыстарын өтеу субсидиялары:
    2.1
    Тұқы тұқымдас шабағы (30 граммға дейін) – 1 (бір) дана
    2300000 дана
    15
    34500,0
    2.2
    Албырт тұқымдас ұрықтанған уылдырық (дана) – 1 (бір) уылдырық
    4000000 дана
    5
    20000,0
    2.3
    Албырт тұқымдас шабағы (10 граммға дейін) – 1 (бір) дана
    2752800 дана
    25
    68820,0
    Барлығы:
    -
    -
    281000,0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.