Мәслихаттың 2018 жылғы 25 мамырдағы № 253 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Мәслихаттың 2018 жылғы 25 мамырдағы № 253 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Мәслихаттың «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» 2018 жылғы 25 мамырдағы № 253 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7807 болып тіркелді) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы»;

    кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

    «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» (бұдан әрі – Кодекс) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 510-бабына сәйкес және Лисаков қаласының жерлерін аймақтарға бөлу схемасы негізінде Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

    көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзетуді жүзеге асырсын.

    Осы тармақтың ережесі Кодекстің 509-бабында көрсетілген жер учаскелеріне қолданылмайды.»;

    көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қалалық мәслихат хатшысының төрайымы

    К. Мухамадиева

    Мәслихаттың

    2023 жылғы 23 қарашадағы

    № 56 шешіміне

    қосымша

    Лисаков қаласында жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету

    № р/с
    Аймақтың нөмірі
    Жер салығының базалық мөлшерлемелерін төмендету (-) немесе жоғарылату (+)
    1
    1
    +50
    2
    2
    +40
    3
    3
    +30
    4
    4
    0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.