Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі № 191 «Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй - жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қазан 2023 ж.

    Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі №191 «Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Сайлау кезеңінде сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесу өткізу үшін кандидаттарға шарттық негізінде үй-жайлар беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы» Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 4 сәуірдегі №191 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3579 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу туралы»;

    1 тармағы алып тасталсын;

    2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «2. Осы қаулыға 2 қосымшаға сәйкес барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.»;

    қөрсетілген қаулының 1 қосымшасы алып тасталсын;

    көрсетілген қаулыға 2 қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жаңаөзен қаласының әкімі

    А. Косуаков

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Жаңаөзен қалалық сайлау

    комиссиясы

    Жаңаөзен қаласы әкімдігінің

    2023 жылғы 27 қазандағы

    № 515 қаулысына қосымша

    Жаңаөзен қаласы әкімдігінің

    2018 жылғы 4 сәуірдегі

    №191 қаулысына 2 қосымша

    Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    Елді мекеннің атауы
    Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
    1
    Жаңаөзен қаласы
    «Өркен» шағын ауданының № 19 үйінің жанындағы ақпараттық стенд.
    2
    Жаңаөзен қаласы
    Сәтпаев көшесіндегі Жаңаөзен қаласы әкімдігінің ғимаратына қарама-қарсы ақпараттық стенд
    3
    Жаңаөзен қаласы
    «Шаңырақ» шағын ауданының № 27 үйіне қарама-қарсы ақпараттық стенд.
    4
    Жаңаөзен қаласы
    «Жалын» шағын ауданындағы №25В ғимараттың жанындағы ақпараттық стенд
    5
    Жаңаөзен қаласы
    «Көктем» шағын ауданының № 22 үйінің жанындағы ақпараттық стенд.
    6
    Теңге ауылы
    «Достық» даңғылындағы ақпараттық стенд.
    7
    Қызылсай ауылы
    «Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «Сүгір Бегендікұлы атындағы № 4 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы ақпараттық стенд.
    8
    Рахат ауылы
    «Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 18 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама-қарсы ақпараттық стенд.
    9
    Кендірлі ауылы
    «Маңғыстау облысының білім басқармасының Жаңаөзен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 23 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратына қарама қарсы ақпараттық стенд.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.