Түркістан облысы Төлеби ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 қараша 2021 ж.

    Түркістан облысы Төлеби ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

    «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес, Төлеби ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Түркістан облысы Төлеби ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

    2. «Төлеби аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулының Төлеби ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылауды Түркістан облысы Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Л.Серікбаевқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Төлеби ауданының әкімі

    Т. Телгараев

    Төлеби ауданының әкімдігінің

    2021 жылғы 1 қарашадағы

    № 433 қаулысына қосымша

    Түркістан облысы Төлеби ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

    Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін
    Таза кіріс сомасының 5 пайызы
    Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
    150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшеріндегі таза кірістен асатын соманың 10 пайызы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.