Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 15 қараша 2023 ж.
Қарғалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 45 «Қарғалы ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күшін жою туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Қарғалы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қарғалы аудандық мәслихатының «Қарғалы ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2023 жылғы 26 маусымдағы № 45 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8374 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарғалы аудандық мәслихатының төрағасы
С. Аманжолов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.