«Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 1 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаТексеру комиссиясының актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 қазан 2021 ж.

    «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 1 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылғы 16 наурыздағы № 1 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6218 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. «Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясы аппаратының басшысы Б.Т. Пшановқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы

    С. Кулумбетова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.