«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 наурыз 2023 ж.

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 180 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20579 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы»;

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    1. «Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары бекітілсін.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

    тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары»;

    1,2,3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну тәртібін айқындайды.

    2. «Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызмет) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

    3. Мемлекеттік қызмет жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санатқа жататын жеке тұлғаларға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға немесе олардың ата-аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

    4. Көрсетілетін қызметті алушы тегін тамақтануды алу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және (немесе) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорациясы) не ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы арқылы өтініш береді.»;

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Көрсетілетін қызметті алушы Негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш түскен күні өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

    Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

    Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге қарауға жолдайды.

    Құжаттар портал арқылы түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар тіркелген сәттен бастап 1 жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

    Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде құжаттардың Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, қорытындысы бойынша Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жібереді.

    Қызмет көрсету мерзімі бес жұмыс күнін құрайтын мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негізі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша позициясын білдіруіне мүмкіндік беру үшін өткізілетін тыңдаудың уақыты, күні мен орны туралы хабарлайды.

    Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі

    Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама дайындайды не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде және (немесе) Мемлекеттік корпорацияда жеке басын куәландыратын құжатты (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) көрсеткен кезде қолма-қол беріледі.

    Бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізу мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

    Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті беруші басшысының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.»;

    мынадай мазмұндағы 7-1-тармақпен толықтырылсын:

    «7-1. Жоғары білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет проактивті тәсілмен, қызметті берушінің бастамасымен көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірін www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталында тіркеген кезде көрсетілетін қызметті берушінің және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы, проактивті жолмен көрсетілуі мүмкін және оған:

    1) азаматтардың жекелеген санаттарына, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызмет жоғары білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне сұрау салумен көрсетілетін қызметті алушыға автоматты хабарламалар жіберу;

    2) проактивті қызметті көрсетуге көрсетілетін қызметті алушының келісімін алу, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыдан өзге де қажетті, оның ішінде көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының көмегімен шектеулі қолжетімді мәліметтерді алу енеді.

    Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағатты құрайды.»;

    мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:

    «10-1. Заңның 10-бабының 5-тармағына, 14-бабының 3-тармағына, 23-бабына сәйкес орталық мемлекеттік орган осы Қағидаларға өзгерістер енгізілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды жаңартып және көрсетілетін қызметті берушілерге, Бірыңғай байланыс-орталығына, Мемлекеттік корпорацияға, және «электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына жолдайды.»;

    12,13 және 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымның қаралуын жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

    Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.

    Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

    Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды шағым қарайтын органға жібермеуге құқылы.»;

    13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «13. Көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    Көрсетілетін қызметті алушыдан шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.»;

    14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «14. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.».

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына 1, 2, 3 және 4-қосымша лар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымша ларға сәйкес жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушысы

    С. Нурбек

    Қазақстан Республикасының

    Ғылым және жоғары білім

    министрінің міндетін атқарушысы

    2023 жылғы 29 наурыздағы

    № 134 бұйрығына

    1-қосымша

    «Жоғары білім беру ұйымдарында

    білім алатын және тәрбиеленетін

    жекелеген санаттағы азаматтарға,

    сондай-ақ қорғаншылықтағы

    (қамқоршылықтағы) және

    патронаттағы адамдарға тегін

    тамақтандыруды ұсыну»

    мемлекеттік қызмет

    көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    Нысан

    ___________________

    (көрсетілетін қызметті

    берушінің атауы)

    Жоғары және (немесе) жоғары

    оқу орнынан кейінгі білім

    беру ұйымының басшысы

    ____________________________

    (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

    ____________________________

    мекен-жайы бойынша тұратын

    ____________________________

    (көрсетілетін қызметті

    алушының

    Т.А.Ә.(бар болған жағдайда))

    Өтініш

    Сізден ____________________________________________________________________ (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы) ___ курсы _____ тобында білім алатын ұлым (қызым) ___________________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) тегін тамақтандыруды ұсынуды сұраймын. Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. 20__ жылғы «___» ________ ________ ___________________ (қолы) (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасының

    Ғылым және жоғары білім

    министрінің міндетін атқарушысы

    2023 жылғы 29 наурыздағы

    № 134 бұйрығына

    2-қосымша

    «Жоғары білім беру ұйымдарында

    білім алатын және тәрбиеленетін

    жекелеген санаттағы азаматтарға,

    сондай-ақ қорғаншылықтағы

    (қамқоршылықтағы) және

    патронаттағы адамдарға тегін

    тамақтандыруды ұсыну»

    мемлекеттік қызмет

    көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    «Жо­ға­ры бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да бі­лім ала­тын және тәр­би­е­ле­не­тін же­ке­ле­ген са­нат­та­ғы аза­мат­тар­ға, сон­дай-ақ қор­ған­шы­лық­та­ғы (қам­қор­шы­лық­та­ғы) және па­тро­нат­та­ғы адам­дар­ға те­гін та­мақ­тан­ды­ру­ды ұсы­ну» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    «Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті жо­ға­ры және (неме­се) жо­ға­ры оқу ор­ны­нан кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры» көр­се­те­ді
    2
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
    Өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі;
    2) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі - Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция);
    3) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі - пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды;
    4) www. egov. kz-те тір­кел­ген ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік құ­ры­л­ғы­сы ар­қы­лы.
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап - 5 жұ­мыс кү­ні;
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де қа­был­дау кү­ні мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­міне кір­мей­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі аяқ­тал­ған­ға дей­ін бір тәу­лік­тен ке­шік­тір­мей жет­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ете­ді;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін же­ке тұ­лға­лар­ға кү­ту­дің ба­рын­ша рұқ­сат еті­л­ген уа­қы­ты - 20 ми­нут, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға - 15 ми­нут
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға көр­сет­ті­ле­тін бе­ру­ші­нің кең­се­сі ар­қы­лы қыз­мет көр­се­ту­дің ба­рын­ша рұқ­сат еті­л­ген уа­қы­ты - 30 ми­нут, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы-15 ми­нут.
    Пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген жағ­дай­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ке сұ­рау са­лу­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы мәр­те­бе, сон­дай-ақ мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін алу кү­ні мен уа­қы­ты көр­се­ті­л­ген ха­бар­ла­ма жі­бе­рі­ле­ді.
    4
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­ды (іші­на­ра ав­то­мат­тын­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де/про­ак­тив­ті
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Те­гін та­мақ­тан­ды­ру­ды ұсы­ну ту­ра­лы ха­бар­ла­ма не осы Негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі­нің 9-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да және негіз­дер бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту­ден бас тар­ту ту­ра­лы дәлел­ді жа­у­ап.
    Пор­тал­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­т­ін­де» мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі жол­да­на­ды және сақ­та­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі про­ак­тив­ті ны­сан­да те­гін та­мақ­тан­ды­ру­ды ұсы­ну ту­ра­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның або­нент­тік нө­мі­ріне ха­бар­ла­ма тү­рін­де жі­бе­рі­ле­ді.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет же­ке тұ­лға­лар­ға, оның ішін­де про­ак­тив­ті түр­де те­гін көр­се­ті­ле­ді.
    7
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің және ақ­па­рат объ­ек­ті­ле­рі­нің жұ­мыс кесте­сі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.00-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.00-ға дей­ін.
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да, үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    3) пор­тал/ұя­лы бай­ла­ны­стың або­нент­тік құ­ры­л­ғы­сы – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның www.​gov4c.​kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
    3) www.​egov.​kz. пор­та­лын­да ор­на­лас­қан.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге және (неме­се) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға:
    1) бел­гі­лен­ген ны­сан­да­ғы өті­ніш;
    2) же­ке ку­ә­лік неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен алын­ған элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
    3) туу ту­ра­лы ку­ә­лік - көп ба­ла­лы от­ба­сы­лар­дың ба­ла­ла­ры үшін (2007 жы­л­ғы 13 та­мыз­ға дей­ін туы­л­ған жағ­дай­да) неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен алын­ған элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін);
    4) қор­ған­шы­лық­ты (қам­қор­шы­лық­ты), па­тро­нат­тық тәр­би­е­ле­уді бе­кі­ту ту­ра­лы анық­та­ма­лар - же­тім ба­ла­лар мен ата-ана­сы­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған, от­ба­сы­лар­да тәр­би­е­ле­не­тін ба­ла­лар үшін;
    5) мү­ге­дек­ті­гі ту­ра­лы анық­та­ма­лар – мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар және мү­ге­дек­ті­гі бар ба­ла­лар үшін неме­се пси­хо­ло­ги­я­лық-ме­ди­ци­на­лық-пе­да­го­ги­ка­лық кон­суль­та­ци­я­ның қо­ры­тындысы - да­му мүм­кін­дік­те­рі шек­те­улі ба­ла­лар үшін;
    6) өті­ніш бе­ру­ші­нің (от­ба­сы­ның) жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар ұсы­на­тын мем­ле­кет­тік ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек алушы­лар­ға ти­е­сі­лі­лі­гін рас­тай­тын анық­та­ма­лар - ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек алу­ға құқы­ғы бар от­ба­сы­лар­дан шық­қан ба­ла­лар үшін;
    7) та­бысы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер (жұ­мыс іс­тей­тін ата-ана­лар­дың неме­се олар­ды ал­ма­сты­ра­тын адам­дар­дың ең­бе­ка­қы­сы, кә­сіп­кер­лік қыз­мет­тен және бас­қа да қыз­мет түр­ле­рі­нен тү­се­тін та­быст­ар, ба­ла­лар­ға және бас­қа да асы­ра­уын­да­ғы­лар­ға али­мент тү­рін­де­гі та­быст­ар) - мем­ле­кет­тік ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек ал­май­тын, жан ба­сы­на шақ­қан­да­ғы та­бысы ең тө­мен­гі күн­кө­ріс дең­гей­і­нен тө­мен от­ба­сы­лар­дан шық­қан ба­ла­лар үшін.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек алу­ға құқы­ғы бар от­ба­сы­лар­дан шық­қан ба­ла­лар үшін жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар ұсы­на­тын мем­ле­кет­тік ата­у­лы әле­умет­тік кө­мек алушы­лар­ға өті­ніш бе­ру­ші­нің (от­ба­сы­ның) ти­е­сі­лі­гін рас­тай­тын, от­ба­сы­лар­да тәр­би­е­ле­не­тін же­тім ба­ла­лар мен ата-ана­сы­ның қам­қор­лы­ғын­сыз қал­ған ба­ла­лар үшін - же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат, қор­ған­шы­лық (қам­қор­шы­лық), па­тро­нат­тық тәр­бие ту­ра­лы мә­лі­мет­те­рін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды.
    9
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
    1) мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гін анық­тау;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты заң­ды кү­шіне ен­ген, со­ның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­ға бай­ла­ны­сты ар­найы құқық­тан ай­ы­ры­л­ған сот ше­ші­мі­нің бо­луы;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі­нің бол­мауы.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі және жағ­дайы ту­ра­лы ақ­па­рат­ты мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­сі бой­ын­ша бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы, сон­дай-ақ, www. egov. kz-те тір­кел­ген ұя­лы бай­ла­ны­сы­ның або­нент­тік құ­ры­л­ғы­сы ар­қы­лы алу мүм­кін­ді­гіне ие.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша ақ­па­рат­тық қыз­ме­ті­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Ми­ни­стр­лік­тің www. edu. gov. kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да «Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер» бө­лі­мін­де ор­на­ла­сты­ры­л­ған. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мә­се­ле­ле­рі бой­ын­ша Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 8-800-080-7777, 1414.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ 1414, 8 800 080 7777 бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.
    Пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­нет­тен» ұсы­ны­л­ған мә­лі­мет­тер сұ­ра­ты­лып отыр­ған тұл­ға­ның ке­лі­сі­мі болған жағ­дай­да, сон­дай-ақ пор­тал­да­ғы ха­бар­ла­ма­ға жа­у­ап ре­т­ін­де бір рет­тік па­роль­ді бе­ру жо­лы­мен неме­се қы­сқа мәт­ін­дік ха­бар­ла­ма­ны жі­бе­ру жо­лы­мен субъ­ек­ті­нің пор­тал­да тір­кел­ген ұя­лы бай­ла­ны­стың або­нент­тік нө­мі­рі ар­қы­лы үшін­ші тұ­лға­лар­дың элек­трон­дық сұ­рау са­луы.

    Қазақстан Республикасының

    Ғылым және жоғары білім

    министрінің міндетін атқарушысы

    2023 жылғы 29 наурыздағы

    № 134 бұйрығына

    3-қосымша

    «Жоғары білім беру ұйымдарында

    білім алатын және тәрбиеленетін

    жекелеген санаттағы азаматтарға,

    сондай-ақ қорғаншылықтағы

    (қамқоршылықтағы) және

    патронаттағы адамдарға тегін

    тамақтандыруды ұсыну»

    мемлекеттік қызмет

    көрсету қағидаларына

    3-қосымша

    Нысан

    Тегін тамақтандыруды ұсыну туралы хабарлама

    __________________________________________________________________________ (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) _____________________________________________________________ жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 20___-20___ оқу жылында тегін тамақтандырумен қамтамасыз етілетін білім алушылар тізіміне енгізілгені үшін берілді. "___" _____________20____ жылы ________________________________ (жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы басшысының қолы)

    Қазақстан Республикасының

    Ғылым және жоғары білім

    министрінің міндетін атқарушысы

    2023 жылғы 29 наурыздағы

    № 134 бұйрығына

    4-қосымша

    «Жоғары білім беру ұйымдарында

    білім алатын және тәрбиеленетін

    жекелеген санаттағы азаматтарға,

    сондай-ақ қорғаншылықтағы

    (қамқоршылықтағы) және

    патронаттағы адамдарға тегін

    тамақтандыруды ұсыну»

    мемлекеттік қызмет

    көрсету қағидаларына

    4-қосымша

    Нысан

    Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, Сіздің мемлекеттік қызмет көрсету тәртібінде көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты Мемлекеттік корпорация (мекен-жайын көрсету) «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында білім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады:

    Жоқ құжаттардың атауы:

    1)_______________________________________;

    2)_______________________________________;

    Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.

    _______________________________ ________________________

    (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Мемлекеттік корпорация

    қызметкерінің қолы)

    ________________________________________ _____________________

    Алдым: ________________ __________________________________

    (Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (көрсетілетін қызметті алушының қолы)

    "___" _________ 20__ жыл.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.