«Ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 602 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 72 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Күші жойылғанОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    «Ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 602 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 72 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. «Ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауына тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 6 тамыздағы № 602 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 12 тамыздағы № 72 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19262 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 141-бабының 3-тармағына, 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:»;

    1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын;

    2-қосымша осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды.

    3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына жүктелсін.

    4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі

    __________А. Куантыров

    Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі

    __________Р. Жаксылыков

    «КЕЛІСІЛДІ»

    ҚазақстанРеспубликасы

    Бас прокуратурасыныңҚұқықтық

    статистика жәнеарнайыесепке

    алужөніндегікомитеті

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2023 жылғы 27 ақпандағы № 27 мен

    Қазақстан Республикасы

    Қорғаныс министрі

    2023 жылғы 24 ақпандағы № 154

    бірлескен бұйрығына

    қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Қорғаныс министрінің

    2019 жылғы 6 тамыздағы

    № 602 және

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2019 жылғы 12 тамыздағы

    № 72 бірлескен бұйрығына

    2-қосымша

    Заңды тұлғаларға қатысты ұйымдардың, әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларын сақтауын тексеру парағы

    Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________

    __________________________________________________________________

    Тағайындау туралы акт _____________________________________________

    __________________________________________________________________ (№, күні)

    Бақылау субъектісінің атауы _________________________________________

    __________________________________________________________________

    Заңды тұлғаның БСН-ы ______________________________________________

    Орналасқан жердің мекенжайы _______________________________________

    __________________________________________________________________

    Р/с №
    Та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
    Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
    Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
    1.
    1 қыр­күй­ек­ке дей­ін 15 – 16 жас­та­ғы аза­мат­тар­дың ті­зі­мін ұсы­ну.
    2.
    1 жел­тоқ­сан­ға дей­ін ке­ле­сі жы­лы әс­кер­ге ша­қы­ру учас­ке­ле­ріне тір­ке­лу­ге және әс­ке­ри есеп­ке қой­ы­лу­ға ти­іс­ті аза­мат­тар­дың ті­зі­мін ұсы­ну.
    3.
    15 қаң­тар­ға дей­ін жұ­мыс­кер­лер­дің (сту­дент­тер­дің), оның ішін­де жұ­мыл­ды­ру, со­ғыс жағ­дайы ке­зе­ңін­де және со­ғыс уа­қы­тын­да бронь­дал­ған­дар­дың са­ны ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді ұсы­ну.
    4.
    Бі­рін­ші бас­шы­ның әс­ке­ри мін­дет­ті­лер мен әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­лар­ды әс­ке­ри есеп­ке алу­ды жүр­гізу­ге, сон­дай-ақ жұ­мыл­ды­ру, со­ғыс жағ­дайы ке­зе­ңін­де және со­ғыс уа­қы­тын­да әс­ке­ри мін­дет­ті­лер­ді бронь­да­у­ға жа­у­ап­ты ла­у­а­зым­ды адам­ды та­ғай­ын­дау ту­ра­лы бұй­ры­ғы­ның бар бо­луы.
    5.
    Бел­гі­лен­ген ны­сан­ға сәй­кес пер­со­нал­дың же­ке кар­точ­ка­сы кар­то­те­ка­сы­ның бар бо­луы.
    6.
    Бел­гі­лен­ген ны­сан­ға сәй­кес мер­зім­ді әс­ке­ри қыз­мет­ке дай­ын­да­у­ға жа­та­тын жа­сө­спі­рім­дер ті­зі­мі­нің бар бо­луы.
    7.
    Әс­ке­ри би­лет­ті са­лы­сты­рып тек­се­ру­ге қа­был­дау ке­зін­де қол­хат­тың бар бо­луы.
    8.
    Жер­гі­лік­ті әс­ке­ри бас­қа­ру ор­га­ны­на ша­қы­ры­ла­тын әс­ке­ри мін­дет­ті­лер мен әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­лар­ды есеп­ке алу кі­та­бы­ның бар бо­луы.
    9.
    Бел­гі­лен­ген ны­сан­ға сәй­кес әс­ке­ри мін­дет­ті­лер­ді әс­ке­ри есеп­ке қо­ю­дың және бронь­да­удың жай-күй­ін тек­се­ру жур­на­лы­ның бар бо­луы.
    10.
    Жұ­мыл­ды­ру, со­ғыс жағ­дайы ке­зе­ңін­де және со­ғыс уа­қы­тын­да әс­кер­ге ша­қы­ру­ды кей­ін­ге қал­ды­ру ту­ра­лы ку­ә­лік­тер­дің бар бо­луы.
    11.
    Бронь­да­у­ға жа­та­тын әс­ке­ри мін­дет­ті­лер ті­зі­мі­нің бар бо­луы.
    12.
    Жұ­мыл­ды­ру, со­ғыс жағ­дайы ке­зе­ңін­де және со­ғыс уа­қы­тын­да әс­кер­ге ша­қы­ру­ды кей­ін­ге қал­ды­ру ту­ра­лы ку­ә­лік­тер­ді та­быс ету іс-ша­ра­ла­ры жос­па­ры­ның бар бо­луы.
    13.
    Жұ­мыл­ды­ру, со­ғыс жағ­дайы ке­зе­ңін­де және со­ғыс уа­қы­тын­да әс­кер­ге ша­қы­ру­ды кей­ін­ге қал­ды­ру ту­ра­лы ку­ә­лік­тер­ді бе­ру­ге ар­нал­ған ве­до­мо­стар блан­кі­ле­рі­нің бар бо­луы.
    14.
    Қа­таң есеп­ті­лік блан­кі­ле­рін есеп­ке алу және сақ­тау кі­та­бы­ның бар бо­луы.
    15.
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сін­де­гі қа­таң есеп­ті­лік блан­кі­ле­рін есеп­ке алу­дың (са­ны, нө­мір­ле­рі) жер­гі­лік­ті әс­ке­ри бас­қа­ру ор­га­нын­да­ғы қа­таң есеп­ті­лік блан­кі­ле­рін есеп­ке алу­ға (са­ны, нө­мір­ле­рі) сәй­кес ке­луі.
    16.
    Кент­тер, ауыл­дар, ауыл­дық округ­тер әкім­де­рін­де әс­ке­ри есеп­те тұр­ған әс­кер­ге ша­қы­ры­лу­шы­лар ті­зі­мі­нің бар бо­луы.
    17.
    Кент­тер, ауыл­дар, ауыл­дық округ­тер әкім­де­рін­де әс­ке­ри мін­дет­ті­лер­ді ба­стап­қы есеп­ке алу кар­точ­ка­ла­ры­ның бар бо­луы.

    Лауазымды адам (дар) _____________________________ ___________________ (лауазымы) (қолы)

    ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))

    Бақылау субъектісінің басшысы _____________________ ___________________ (лауазымы) (қолы)

    ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде))

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.