Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 52 «Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 қараша 2023 ж.

    Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 14 наурыздағы № 52 «Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Абай облысы әкімдігінің «Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» 2023 жылғы 14 наурыздағы № 52 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32-18 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

    1) қаулының кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығының 38-тармағына сәйкес, Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;

    2) көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Абай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыны Абай облысы Әділет департаментінде мемлекттік тіркелуін;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Абай облысы әкімі

    Н. Уранхаев

    Абай облысы әкімдігі

    2023 жылғы 17 қарашадағы

    № 201 Қаулыcына

    қосымша

    Абай облысы әкімдігінің

    2023 жылғы 14 наурыздағы

    № 52 қаулысына

    қосымша

    Тұқым шаруашылығын дамытуға 2023 жылға субсидиялауға арналған бюджет қаражаттарының көлемдері

    Бюджет түрі
    Тұқым
    шаруашылығын дамытуды субсидиялауға
    қажет етілетін
    ақшалай қаражат барлығы (мың теңге)
    оның ішінде (мың теңге)
    бірегей тұқымдар
    элиталық тұқымдар
    бірінші репродукция тұқымдары
    бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары
    Жергілікті
    790 000,000
    0
    20 189,192
    6 099,242
    763 711,566
    Республикалық
    615 000,000
    0
    66 878,724
    73 995,907
    474 125,369
    Барлығы
    1 405 000,000
    0
    87 067,916
    80 095,149
    1 237 836,935

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.