Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ҚолданыстағыӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қызылжар ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

    1. Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында жалпы ұзындығы 0,630 км талшықты-оптикалық байланыс желісін /ТОБЖ/ төсеу және пайдалану үшін байланыс тіректерін орналастыруға арналған ауданы 0,0064 га жер учаскесіне 5(бес) жыл мерзімге мемлекеттік тіркеуші органда одан әрі тіркеу арқылы жария сервитут белгіленсін.

    2. «Мобайл Телеком-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:

    1) келісім бойынша жер учаскелерінің меншік иелеріне шығындарды өтеуді және оларды өтеу тәртібін қамтамасыз етсін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.

    2) Жер учаскесін пайдалану мен ауыртпалыққа шектеулер белгіленсін: санитарлық және экологиялық нормаларды сақтау

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    Округ әкімі

    А.Асылхан

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.