Нұсқаның өзектілігі
Өзекті нұсқа 16 қараша 2023 ж.
Жезқазған қалалық мәслихатының 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 7/43 «Жезқазған қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жезқазған қалалық мәслихатының «Жезқазған қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 7/43 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 46-20 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жезқазған қалалық мәслихатының төрағасы
Р. Капарова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.