Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/81-VII «Абай облысы бойынша темір жол көлігінің әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар қатынасын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 қараша 2023 ж.

    Абай облысы мәслихатының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/81-VII «Абай облысы бойынша темір жол көлігінің әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар қатынасын айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Абай облысы мәслихатының «Абай облысы бойынша темір жол көлігінің әлеуметтік мәні бар ауданаралық жолаушылар қатынасын айқындау туралы» 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 12/81-VII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31598 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

    «Абай облысы бойынша әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесін бекіту туралы»;

    көрсетілген шешімнің 1 тармағын жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Абай облысы бойынша әлеуметтік мәні бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасының тізбесі, келесі бағыттар бойынша бекітілсін: «Семей – Жаланашкөл – Семей», «Семей – Дегелен – Семей», «Семей – Шар – Семей», Семей – Ауыл – Семей», «Ақтоғай – Аягөз – Ақтоғай.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Абай облысы мәслихатының төрағасы

    К. Сулейменов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.