Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 қараша 2023 ж.

    Қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 19-бабы 1-1) тармақшасына сәйкес, қала әкімі ШЕШТІ:

    1. «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар Департаменті» мемлекеттік мекемесіне Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласында талшықты-оптикалық байланыс желісін салу үшін Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Мамлютка қаласы аумағында орналасқан жалпы алаңы алаңы 0,0268 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут 49 жыл мерзімге белгіленсін.

    2. «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрлігі Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар Департаменті» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) жұмыс аяқталғаннан кейін жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша одан әрі пайдалануға жарамды күйге келтірсін.

    3. «Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын.

    4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютка қаласы әкімінің орынбасары А.К. Биктимировке жүктелсін.

    5.  Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Мамлютка қаласының әкімі

    Е.Самарханұлы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.