«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 қараша 2023 ж.

    «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10297 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 44) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

    1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

    «1. «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды ауыстыру және қайта қабылдаудың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайды.»;

    2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

    «2. «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.»;

    3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

    «3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 1-қосымшасы на сәйкес «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды ұсына отырып, ауысу туралы еркін нысандағы өтінішпен көрсетілетін қызметті берушіге не «электрондық үкіметтің» веб-порталына (бұдан әрі – Портал) жүгінеді.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, тәсілдерін, мерзімін, нысанын, нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидалардың 1-қосымшасы на сәйкес Тізбесінде келтірілген.

    Құжаттарды Портал арқылы тапсырған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың қаралу мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама көрсетіледі.

    Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесі өтінішті түскен күні тіркеуді жүзеге асырады және оны орындау үшін жауапты құрылымдық бөлімшеге жолдайды. Портал арқылы өтініш жұмыс уақытынан кейін, демалыс және мереке күндері түскен жағдайда Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес келесі жұмыс күнімен тіркеледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Құжаттарды Портал арқылы ұсынған жағдайда, құжаттарды одан әрі қараудан бас тарту туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 2-қосымшасы на сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жолданады.

    Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, қорытындысы бойынша құжаттарды шешім қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына енгізеді.»;

    6-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

    «6. Оқу жұмыс жоспарларының пәндері/модульдері бойынша оқыту нәтижелеріндегі академиялық айырмашылықты қабылдаушы білім беру ұйымы «Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) (бұдан әрі – Анықтама) сәйкес нысан бойынша берілген анықтамада көрсетілген тізбе мен көлемдердің, оқытылған пәндердің/модульдердің негізінде айқындайды.»;

    23-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

    «23. Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарау қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

    көрсетілетін қызметті беруші басшысының тиісті бұйрығы шығарылатын көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қанағаттандыру туралы;

    Тізбенің 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту қалыптастырылады.

    Өтінішті қанағаттандырған кезде ұйым басшысының бұйрығы негізінде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидалардың 3, 4-қосымша ларына сәйкес нысан бойынша ауыстыру немесе қайта қабылдау туралы хабарлама беріледі.

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негізі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша позициясын білдіруіне мүмкіндік беру үшін өткізілетін тыңдаудың уақыты, күні мен орны туралы хабарлайды.

    Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

    Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау туралы хабарлама дайындайды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

    Заңның 10-бабының 5) тармақшасына, 14-бабының 3) тармақшасына, 23-бабына сәйкес (бұдан әрі - Заң) орталық мемлекеттік орган осы Қағидаларға өзгерістер енгізілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды жаңартып және көрсетілетін қызметті берушілерге, Бірыңғай байланыс-орталығына, Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.»;

    25 және 26 -тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

    «25. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

    Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

    Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

    Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.

    Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2) тармақшасына сәйкес оны тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    26. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.»;

    қағидалардың 1 және 2-қосымша лары осы бұйрықтың 1 және 2-қосымша ларына сәйкес келесі редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

    1-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

    «1. Осы «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтамалар беру тәртібін айқындайды.»;

    2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

    «2. «Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) бекітілген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама (бұдан әрі - Анықтама) білім алушыларға аралық аттестаттау нәтижелері бойынша, оқу ақысын төлемегені үшін оқудан шығарылған, академиялық демалысқа шыққан және білім беру ұйымдарының жарғысында көзделген жағдайларда беріледі.»;

    4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

    «4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) осы Қағидалардың 2-қосымшасы на сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің (бұдан әрі – Тізбе) 8-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін қоса бере отырып, осы Қағидалардың 1-қосымшасы на сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің атауын, тәсілдерін, мерзімін, нысанын, нәтижесін, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесін, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны осы Қағидалардың 2-қосымшасы на сәйкес Тізбеде келтірілген.»;

    7-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

    «7. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша 3 (үш) жұмыс күні ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтаманы ұсынады, ол көрсетілетін қызметті алушыға беріледі.

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін жеткізу курьер арқылы 1 (бір) жұмыс күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорацияға жеткізіледі.

    Барлық басқа өңірлердегі Мемлекеттік корпорациялар үшін көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға 6 (алты) жұмыс күн ішінде ұсынады.

    Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей жеткізуді қамтамасыз етеді.

    Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін) (нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің) ұсынған жағдайда, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негізі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының алдын ала шешім бойынша позициясын білдіруіне мүмкіндік беру үшін өткізілетін тыңдаудың уақыты, күні мен орны туралы хабарлайды.

    Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі

    Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім алуды аяқтамаған адамдарға анықтама беру туралы хабарлама дайындайды немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

    Заңның 10-бабының 5) тармақшасына, 14-бабының 3) тармақшасына, 23-бабына сәйкес орталық мемлекеттік орган осы Қағидаларға өзгерістер енгізілген және (немесе) толықтырылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды жаңартып және көрсетілетін қызметті берушілерге, Бірыңғай байланыс-орталығына, Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.»;

    9 және 10-тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

    «9. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

    Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.

    Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.

    Бұл ретте, көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағымды жолдамауға құқылы.

    Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    10. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.»;

    қағидалардың 2 және 4-қосымша лары осы бұйрықтың 3 және 4-қосымша ларына сәйкес келесі редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім беру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі

    Г. Бейсембаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму, қорғаныс және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Оқу-ағарту министрі

    2023 жылғы 17 қарашадағы

    № 339 бұйрығына

    1- қосымша

    «Білім алушыларды білім

    беру ұйымдарының түрлері

    бойынша ауыстыру және

    қайта қабылдау» мемлекеттік

    қызмет көрсету қағидаларына

    1-қосымша

    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­дың тіз­бе­сі
    «Бі­лім алушы­лар­ды бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның түр­ле­рі бой­ын­ша ауы­сты­ру және қай­та қа­был­дау»
    Мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің кі­ші тү­рі­нің ата­уы:
    «Бі­лім алушы­лар­ды бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның үл­гі­ле­рі бой­ын­ша ауы­сты­ру»
    «Бі­лім алушы­лар­ды бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның үл­гі­ле­рі бой­ын­ша қай­та қа­был­дау»
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі;
    2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www. egov. kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – Пор­тал).
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    Ауы­сты­ру үшін:
    бір бі­лім бе­ру ұй­ы­мын­да бір ма­ман­дық­тан екін­ші­сіне неме­се бір оқу ны­са­ны­нан екін­ші­сіне – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні;
    бір бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­нан бас­қа бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на – 10 (он) жұ­мыс кү­ні;тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім­нің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын ұй­ым­нан ор­та бі­лім­нің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын ұй­ым­ға – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні;
    ақы­лы негіз­ден мем­ле­кет­тік бі­лім бе­ру тап­сы­ры­сы бой­ын­ша оқу­ға – 8 (се­гіз) жұ­мыс кү­ні;
    бір оқу ны­са­ны­нан бас­қа бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на – 10 (он) жұ­мыс кү­ні ішін­де;ше­тел­дік бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­нан Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на ауы­сты­ру неме­се қай­та қа­был­дау ке­зін­де – 2 (екі) жұ­мыс кү­ні ішін­де.
    Қай­та қа­был­дау үшін:
    бұ­рын бі­лім ал­ған бі­лім алушы бас­қа бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на – 10 (он) жұ­мыс кү­ні;
    бі­лім бе­ру ұй­ы­мын­да оқу ақы­сын тө­ле­ме­ге­ні үшін се­местр ке­зін­де оқу­дан шы­ға­ры­л­ған ақы­лы негіз­де бі­лім алушы­лар оқу­дан шы­ға­ры­л­ған күн­нен ба­стап бір ай ішін­де тө­ле­ма­қы бой­ын­ша қары­зын өте­ген жағ­дай­да – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні.
    4
    Көр­се­ту ны­са­ны
    Элек­трон­ды (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)/қа­ғаз тү­рін­де
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Осы Қа­ғи­да­лар­ға 3, 4-қо­сым­ша­лар­ға сәй­кес ауы­сты­ру неме­се қай­та қа­был­дау ту­ра­лы ха­бар­ла­ма не се­беп­те­рін көр­се­те оты­рып, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден дәлел­ді бас тар­ту.
    Пор­тал ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті тұл­ға­сы­ның ЭЦҚ-мен ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да жол­да­на­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің сақ­тау шар­ты. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы көр­се­ті­л­ген мер­зім­де мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің нәти­же­сін алу­ға өті­ніш біл­дір­ме­ген жағ­дай­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші олар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ал­ған­ға дей­ін қа­был­дау ор­ны бой­ын­ша сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­ді.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және­Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    7
    Жұ­мыс кесте­сі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­де: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек Ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 13.00-ден 14.00-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.00-ға дей­ін.
    2) Пор­тал­да: жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да тәу­лік бойы (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек Ко­дек­сіне сәй­кес көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген жағ­дай­да өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
    1) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Оқу-ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​gov.​kz/​mem​leke​t/​ent​itie​s/​edu ин­тер­нет-ре­сур­сын­да;
    2) www. egov. kz пор­та­лын­да ор­на­лас­қан.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге:
    ауы­сты­ру үшін:
    бір бі­лім бе­ру ұй­ы­мын­да бір ма­ман­дық­тан екін­ші­сіне неме­се бір оқу ны­са­ны­нан екін­ші­сіне:
    1) бі­лім алушы­ның (заң­ды өкі­лі­нің) ауы­сты­ру ту­ра­лы ер­кін ны­сан­да­ғы өті­ні­ші.
    Бір бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­нан бас­қа бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на:
    1) бі­лім алушы­ның (заң­ды өкі­лі­нің) ауы­сты­ру ту­ра­лы ер­кін ны­сан­да­ғы өті­ні­ші;
    2) бі­лім алушы­ның ауы­сып ке­те­тін бі­лім бе­ру ұй­ы­мы бас­шы­сы­ның қо­лы­мен және мө­рі­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған сы­нақ кі­тап­ша­сы­ның (неме­се үл­ге­рім кі­тап­ша­сы­ның) кө­шір­ме­сі.
    Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім­нің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын ұй­ым­нан ор­та бі­лім­нің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын ұй­ым­ға:
    1) бі­лім алушы­ның (заң­ды өкі­лі­нің) ауы­сты­ру ту­ра­лы ер­кін ны­сан­да­ғы өті­ні­ші;
    2) бас­қа бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на кел­ге­ні ту­ра­лы та­лон.
    Ақы­лы негіз­ден мем­ле­кет­тік бі­лім бе­ру тап­сы­ры­сы бой­ын­ша оқу­ға:
    1) бі­лім алушы­ның (заң­ды өкі­лі­нің) ауы­сты­ру ту­ра­лы ер­кін ны­сан­да­ғы өті­ні­ші;
    Бір оқу ны­са­ны­нан бас­қа бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на бас­қа ны­сан­ға:
    1) бі­лім алушы­ның (заң­ды өкі­лі­нің) ауы­сты­ру ту­ра­лы ер­кін ны­сан­да­ғы өті­ні­ші;
    2) бі­лім алушы­ның ауы­сып ке­те­тін бі­лім бе­ру ұй­ы­мы бас­шы­сы­ның қо­лы­мен және мө­рі­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған сы­нақ кі­тап­ша­сы­ның (неме­се үл­ге­рім кі­тап­ша­сы­ның) кө­шір­ме­сі.
    Ше­тел­дік бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­нан Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на ауы­сты­ру неме­се қай­та қа­был­дау ке­зін­де:
    1) мең­ге­рі­л­ген оқу бағ­дар­ла­ма­ла­ры ту­ра­лы құ­жат (ака­де­ми­я­лық анық­та­ма);
    2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­ды та­ну рә­сі­мі­нен өте­тін ал­дың­ғы бі­лім дең­гей­ін аяқ­та­ға­ны ту­ра­лы құ­жат;
    3) ше­тел­дік бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на тү­су ке­зін­де­гі тү­су сы­нақ­та­ры­ның нәти­же­ле­рі.
    Қай­та қа­был­дау үшін:
    Бұ­рын бі­лім ал­ған бі­лім алушы бас­қа бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на:
    1) қай­та қа­был­да­ну­шы­ның (заң­ды өкі­лі­нің) ер­кін ны­сан­да­ғы өті­ні­ші;
    2) «Бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­дың түр­ле­рін, бі­лім ту­ра­лы мем­ле­кет­тік үл­гі­де­гі құ­жат­тар­дың ны­сан­да­рын және олар­ды есеп­ке алу мен бе­ру қа­ғи­да­ла­рын, бі­лім ту­ра­лы өзін­дік үл­гі­де­гі құ­жат­тар­дың маз­мұ­ны­на қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­ды және олар­ды есеп­ке алу мен бе­ру қа­ғи­да­ла­рын, сон­дай-ақ бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да бі­лім алу­ды аяқ­та­ма­ған адам­дар­ға бе­рі­ле­тін анық­та­ма­ның ны­са­нын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 28 қаң­тар­да­ғы № 39 бұй­ры­ғы­на (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 10348 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген ны­сан бой­ын­ша бі­лім алу­ды аяқ­та­ма­ған адам­дар­ға бе­рі­ле­тін анық­та­ма­ның кө­шір­ме­сі.
    Бі­лім бе­ру ұй­ы­мын­да оқу ақы­сын тө­ле­ме­ге­ні үшін се­местр ішін­де оқу­дан шы­ға­ры­л­ған ақы­лы негіз­де оқи­тын бі­лім алушы­лар оқу­дан шы­ға­ры­л­ған күн­нен ба­стап бір ай ішін­де тө­ле­ма­қы бой­ын­ша қары­зын өте­ген жағ­дай­да:
    1) қай­та қа­был­да­ну­шы­ның (заң­ды өкі­лі­нің) ер­кін ны­сан­да­ғы өті­ні­ші;
    2) тө­лем бой­ын­ша қары­зын өте­ге­ні ту­ра­лы құ­жат.
    Пор­тал­ға:
    Ауы­сты­ру үшін:
    Бір бі­лім бе­ру ұй­ы­мын­да бір ма­ман­дық­тан екін­ші­сіне неме­се бір оқу ны­са­ны­нан екін­ші­сіне:
    1) бі­лім алушы­ның (заң­ды өкі­лі­нің), көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы ауы­сты­ру ту­ра­лы өті­ні­ші.
    Бір бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­нан бас­қа бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на:
    1) бі­лім алушы­ның (заң­ды өкі­лі­нің), көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы ауы­сты­ру ту­ра­лы өті­ні­ші;
    2) бі­лім алушы­ның ауы­сып ке­те­тін бі­лім бе­ру ұй­ы­мы бас­шы­сы­ның қо­лы­мен және мө­рі­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған сы­нақ кі­тап­ша­сы­ның (неме­се үл­ге­рім кі­тап­ша­сы­ның) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
    Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім­нің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын ұй­ым­нан ор­та бі­лім­нің бі­лім бе­ру бағ­дар­ла­ма­ла­рын іс­ке асы­ра­тын ұй­ым­ға:
    1) бі­лім алушы­ның (заң­ды өкі­лі­нің), көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы ауы­сты­ру ту­ра­лы өті­ні­ші;
    2) бас­қа бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на кел­ге­ні ту­ра­лы та­лон­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
    Ақы­лы негіз­ден мем­ле­кет­тік бі­лім бе­ру тап­сы­ры­сы бой­ын­ша оқу­ға:
    1) бі­лім алушы­ның (заң­ды өкі­лі­нің), көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы ауы­сты­ру ту­ра­лы өті­ні­ші;
    Бір оқу ны­са­ны­нан бас­қа бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на бас­қа ны­сан­ға:
    1) бі­лім алушы­ның (заң­ды өкі­лі­нің), көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы ауы­сты­ру ту­ра­лы өті­ні­ші;
    2) бі­лім алушы­ның ауы­сып ке­те­тін бі­лім бе­ру ұй­ы­мы бас­шы­сы­ның қо­лы­мен және мө­рі­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған сы­нақ кі­тап­ша­сы­ның (неме­се үл­ге­рім кі­тап­ша­сы­ның) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
    Ше­тел­дік бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­нан Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на ауы­сты­ру неме­се қай­та қа­был­дау ке­зін­де:
    1) мең­ге­рі­л­ген оқу бағ­дар­ла­ма­ла­ры ту­ра­лы құ­жат­тың (ака­де­ми­я­лық анық­та­ма) элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    2) Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­ды та­ну рә­сі­мі­нен өте­тін ал­дың­ғы бі­лім дең­гей­ін аяқ­та­ға­ны ту­ра­лы құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
    3) ше­тел­дік бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­на тү­су ке­зін­де­гі тү­су сы­нақ­та­ры нәти­же­ле­рі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
    Қай­та қа­был­дау үшін:
    Бұ­рын бі­лім ал­ған бі­лім алушы бас­қа бі­лім бе­ру ұй­ы­мы­на:
    1) қай­та қа­был­да­ну­шы­ның (заң­ды өкі­лі­нің), көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ні­ші;
    2) «Бі­лім ту­ра­лы құ­жат­тар­дың түр­ле­рін, бі­лім ту­ра­лы мем­ле­кет­тік үл­гі­де­гі құ­жат­тар­дың ны­сан­да­рын және олар­ды есеп­ке алу мен бе­ру қа­ғи­да­ла­рын, бі­лім ту­ра­лы өзін­дік үл­гі­де­гі құ­жат­тар­дың маз­мұ­ны­на қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар­ды және олар­ды есеп­ке алу мен бе­ру қа­ғи­да­ла­рын, сон­дай-ақ бі­лім бе­ру ұй­ым­да­рын­да бі­лім алу­ды аяқ­та­ма­ған адам­дар­ға бе­рі­ле­тін анық­та­ма­ның ны­са­нын бе­кі­ту ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Бі­лім және ғы­лым ми­ни­стрі­нің 2015 жы­л­ғы 28 қаң­тар­да­ғы № 39 бұй­ры­ғы­на (Нор­ма­тив­тік құқық­тық ак­ті­лер­ді мем­ле­кет­тік тір­кеу ті­зі­лі­мін­де № 10348 бо­лып тір­кел­ген) бе­кі­ті­л­ген ны­сан бой­ын­ша бі­лім алу­ды аяқ­та­ма­ған адам­дар­ға бе­рі­ле­тін анық­та­ма­ның элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
    Бі­лім бе­ру ұй­ы­мын­да оқу ақы­сын тө­ле­ме­ге­ні үшін се­местр ішін­де оқу­дан шы­ға­ры­л­ған ақы­лы негіз­де оқи­тын бі­лім алушы­лар оқу­дан шы­ға­ры­л­ған күн­нен ба­стап бір ай ішін­де тө­ле­ма­қы бой­ын­ша қары­зын өте­ген жағ­дай­да:
    1) қай­та қа­был­да­ну­шы­ның (заң­ды өкі­лі­нің), көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ЭЦҚ қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы өті­ні­ші;
    2) тө­лем бой­ын­ша қары­зын өте­ге­ні ту­ра­лы құ­жат­тың элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рі­нен Пор­тал ар­қы­лы ала­ды.
    Егер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да өзге­ше көз­дел­ме­се, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер көр­се­ту ке­зін­де ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған, за­ң­мен қор­ға­ла­тын құ­пи­я­ны құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға ке­лі­сім бе­ре­ді.
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер­ді қам­ти­тын, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ма­те­ри­ал­дар, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген ше­ші­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы.
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы элек­трон­дық цифр­лық қол­таң­ба­сы болған жағ­дай­да элек­трон­дық ны­сан­да Пор­тал ар­қы­лы неме­се көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ұя­лы бай­ла­ныс опе­ра­то­ры ұсын­ған або­нент­тік нө­мі­рін Пор­тал­дың есеп­тік жа­з­ба­сы­на тір­ке­ген және қо­с­қан жағ­дай­да бір рет­тік па­роль­мен ку­әлан­ды­ры­л­ған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ала­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де Пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның «1414», 8 800 080 7777 те­ле­фон­да­ры ар­қы­лы ала­ды.

    Қазақстан Республикасы

    Оқу-ағарту министрі

    2023 жылғы 17 қарашадағы

    № 339 бұйрығына

    2- қосымша

    «Білім алушыларды білім беру

    ұйымдарының түрлері бойынша

    ауыстыру және қайта қабылдау»

    мемлекеттік қызмет көрсету

    қағидаларына

    2-қосымша

    Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, оқу орнының атауы (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының түрлері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

    Жоқ құжаттардың атауы:

    1) ________________________________________;

    2) ________________________________________;

    3) ________________________________________.

    Орындаушы: Т.А.Ә. (болған жағдайда) __________________(қолы)

    Телефон __________________________________________

    Алды: Т. А. Ә. (болған жағдайда)/ көрсетілетін қызметті алушының қолы

    «___» _________ 20__ жыл

    Қазақстан Республикасы

    Оқу-ағарту министрі

    2023 жылғы 17 қарашадағы

    № 339 бұйрығына

    3- қосымша

    «Техникалық және кәсіптік,

    орта білімнен кейінгі білім

    алуды аяқтамаған адамдарға

    анықтама беру» мемлекеттік

    қызмет көрсету қағидаларына

    2-қосымша

    «Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім алу­ды аяқ­та­ма­ған адам­дар­ға анық­та­ма бе­ру» мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі
    1
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
    Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры
    2
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі (қол жет­кі­зу ар­на­ла­ры)
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің кең­се­сі;
    2) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы» ком­мер­ци­я­лық емес ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция).
    3
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ор­на­лас­қан жер бой­ын­ша Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға құ­жат­тар­ды тап­сыр­ған күн­нен ба­стап – 3 (үш) жұ­мыс кү­ні, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші ор­на­лас­па­ған жер бой­ын­ша – 8 (се­гіз) жұ­мыс кү­ні.
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жү­гін­ген кез­де қа­был­дау кү­ні мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­міне кір­мей­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет нәти­же­сін Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі аяқ­тал­ған­ға дей­ін бір тәу­лік­тен ке­шік­тір­мей жет­кі­зу­ді қам­та­ма­сыз ете­ді.
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­руы үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 20 (жиыр­ма) ми­нут, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға – 15 (он бес) ми­нут;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 30 (отыз) ми­нут, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда – 15 (он бес) ми­нут.
    4
    Көр­се­ту ны­са­ны
    Қа­ғаз тү­рін­де
    5
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
    Тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім алу­ды аяқ­та­ма­ған адам­дар­ға анық­та­ма.
    6
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
    Те­гін
    7
    Жұ­мыс кесте­сі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес са­ғат 13.00-ден 14.00-ге дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін;
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция: Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес өті­ніш­тер­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің дай­ын нәти­же­ле­рін бе­ру Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да үзі­ліс­сіз са­ғат 9.00-ден 18.00-ге дей­ін, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ха­лық­қа қыз­мет көр­се­ту ке­зек­ші бө­лім­де­рі дүй­сен­бі­ден ба­стап жұ­ма­ны қо­са ал­ған­да са­ғат 9.00-ден 20.00-ге дей­ін және сен­бі кү­ні са­ғат 9.00-ден 13.00-ге дей­ін жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Қа­был­дау же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз элек­трон­дық ке­зек тәр­ті­бі­мен жү­зе­ге асы­ры­ла­ды, элек­трон­дық ке­зек­ті пор­тал ар­қы­лы бронь­да­у­ға бо­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
    1) Оқу- ағар­ту ми­ни­стр­лі­гі­нің www.​gov.​kz/​mem​leke​t/​ent​itie​s/​edu ин­тер­нет-ре­сур­сын­да.
    2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның: www. gov4c. kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­лас­қан.
    8
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан та­лап еті­ле­тін құ­жат­тар мен мә­лі­мет­тер­дің тіз­бе­сі
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1 – қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім алу­ды аяқ­та­ма­ған адам­дар­ға тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ы­мы бас­шы­сы­ның аты­на анық­та­ма бе­ру ту­ра­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның (не оның заң­ды өкі­лі­нің) өті­ні­ші;
    2) же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен алын­ған элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін).
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға:
    1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім алу­ды аяқ­та­ма­ған адам­дар­ға тех­ни­ка­лық және кә­сіп­тік, ор­та бі­лім­нен кей­ін­гі бі­лім бе­ру ұй­ы­мы бас­шы­сы­ның аты­на анық­та­ма бе­ру ту­ра­лы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның (не оның заң­ды өкі­лі­нің) өті­ні­ші;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен алын­ған элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін).
    Же­ке ба­сты ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­тар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі ти­іс­ті мем­ле­кет­тік ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­ден «элек­трон­дық үкі­мет» шлю­зі ар­қы­лы ала­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге бе­ре­ді.
    Егер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да өзге­ше көз­дел­ме­се, Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де ақ­па­рат­тық жүй­е­лер­де қам­ты­л­ған, за­ң­мен қор­ға­ла­тын құ­пи­я­ны құ­рай­тын мә­лі­мет­тер­ді пай­да­ла­ну­ға көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның ке­лі­сі­мін ала­ды.
    Құ­жат­тар­ды Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы қа­был­да­ған кез­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға ти­іс­ті құ­жат­тар­дың қа­был­дан­ға­ны ту­ра­лы қол­хат бе­рі­ле­ді.
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда дай­ын құ­жат­тар­ды бе­ру же­ке ба­сын ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат­ты неме­се цифр­лық құ­жат­тар сер­ви­сі­нен алын­ған элек­трон­дық құ­жат (сәй­кестен­ді­ру үшін) (но­та­ри­ал­ды ку­әлан­ды­ры­л­ған се­нім­хат бой­ын­ша оның өкі­лі) ұсын­ған кез­де қол­хат негі­зін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
    Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция нәти­же­ні бір ай бойы сақ­та­уды қам­та­ма­сыз ете­ді, одан кей­ін олар­ды одан әрі сақ­тау үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге бе­ре­ді. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы бір ай өт­кен­нен кей­ін жү­гін­ген кез­де Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның сұ­рау са­луы бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші бір жұ­мыс кү­ні ішін­де дай­ын құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға бе­ру үшін Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға жі­бе­ре­ді.
    9
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­да­рын­да бел­гі­лен­ген негіз­дер­ді қам­ти­тын, мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ге қой­ы­ла­тын негіз­гі та­лап­тар тіз­бе­сі
    1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу үшін ұсын­ған құ­жат­та­ры­ның және (неме­се) олар­да­ғы де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дұ­рыс еме­сті­гі­нің анық­та­луы;
    2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті ма­те­ри­ал­дар, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­лар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі негіз бо­лып та­бы­ла­ды;
    3) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қа­ты­сты сот­тың заң­ды кү­шіне ен­ген үкі­мі­нің бо­луы, оның негі­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алу­мен бай­ла­ны­сты ар­на­у­лы құқы­ғы­нан ай­ы­ры­луы;
    4) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін та­лап еті­ле­тін, «Дер­бес де­ректер және олар­ды қор­ғау ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның 8-ба­бы­на сәй­кес бе­рі­ле­тін қол­же­тім­ді­лі­гі шек­те­улі дер­бес де­ректер­ге қол жет­кізу­ге ке­лі­сі­мі бол­мауы бой­ын­ша мем­ле­кет­тік қыз­мет­тер­ді көр­се­ту­ден бас тар­та­ды.
    10
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­дің, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тің ерекше­лік­те­рін ес­ке­ре оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту, өзді­гі­нен жү­ріп-тұ­ру, бағ­дар­ла­ну, қа­бі­ле­тін то­лық неме­се іші­на­ра жо­ғал­ту мүм­кін­ді­гі бар көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция қыз­мет­ке­рі көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы 1414, 8 800 080 7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы жү­гін­ген кез­де олар­дың тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­рып жүр­гі­зе­ді.
    Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы: 1414, 8 800 080 7777 ар­қы­лы ала­ды.
    Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма қыз­мет­те­рі­нің бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры Ми­ни­стр­лік­тің www.​gov.​kz/​mem​leke​t/​ent​itie​s/​edu және Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­ның www. egov. kz ин­тер­нет-ре­сур­сын­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.

    Қазақстан Республикасы

    Оқу-ағарту министрі

    2023 жылғы 17 қарашадағы

    № 339 бұйрығына

    4-қосымша

    «Техникалық және кәсіптік,

    орта білімнен кейінгі білім

    алуды аяқтамаған адамдарға

    анықтама беру»

    мемлекеттік қызмет көрсету

    қағидаларына

    4 – қосымша

    Нысан

    көрсетілетін қызметті

    алушының Т.А.Ә

    (болған жағдайда) немесе

    ұйымның атауы)

    _________________________

    _________________________

    (көрсетілетін қызметті

    алушының мекенжайы)

    Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

    «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының коммерциялық емес акционерлік қоғамының №______ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесінде көзделген құжаттардың топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты мемлекеттік қызмет көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесіне сәйкес көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

    Жоқ құжаттардың атауы:

    1)_______________________________;

    2)_______________________________.

    Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.

    Т.А.Ә. (болған жағдайда)_____________________мемлекеттік корпорацияның қызметкері (қолы)__________

    Орындаушы: Т.А.Ә. (болған жағдайда)________________ (қолы)___________

    Телефоны _____________

    Алдым: Т.А.Ә. (болған жағдайда) / көрсетілетін қызметті алушының

    қолы «___» _________ 20__ ж.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.