«Шығыс Қазақстан облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 91 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 қараша 2023 ж.

    «Шығыс Қазақстан облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 91 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Шығыс Қазақстан облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарын белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 18 сәуірдегі № 91 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 27731 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулыға қосымшада:

    Шығыс Қазақстан облысының су объектілерінде рекреациялық балық аулау аймақтарында:

    «Бұқтырма су қоймасы» бөлімінде:

    1, 3 - жолдар алынып тасталсын;

    «Шүлбі су қоймасы» бөлімінде:

    1, 2, 4 - жолдар алынып тасталсын.

    2. Облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының Шығыс Қазақстан облысы әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шығыс Қазақстан облысы әкімі

    Е. Кошербаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.