Жарма ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 204 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 қараша 2023 ж.

    Жарма ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 204 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Жарма ауданы әкімдігінің «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін орындарына квота белгілеу туралы» 2021 жылғы 6 мамырдағы № 204 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8792 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. «Абай облысы Жарма ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулының Жарма ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жарма ауданы әкімінің орынбасары Р. Нургалиевке жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жарма ауданының әкімі

    Ж. Байсабыров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.