Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 216 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32703 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) осы Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның www.gov.kz интернет-ресурсында жануарларды карантиндеудің басталуы және 12 айдан асқан бұқашықтарды (СЭҚ ТН коды 0102) және 6 айдан асқан еркек тоқтыларды (СЭҚ ТН коды 0104) (бұдан әрі – тауар) әкетуге квоталар бөлу туралы хабарландыру орналастырады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Қазақстан Республикасының аумағынан 12 айдан асқан бұқашықтарды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық мөлшерде 4000 (төрт мың) бастан аспайды, бір тауар өндіруші үшін – 500 (бес жүз) бастан аспайды.
Қазақстан Республикасының аумағынан 6 айдан асқан еркек тоқтыларды әкетуге квота алу үшін бір бордақылау алаңына арналған лимит жиынтық мөлшерде 1000 (мың) бастан аспайды, бір тауар өндіруші үшін – 500 (бес жүз) бастан аспайды.»;
2) «Қазақстан Республикасының аумағынан ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 216 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 245 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33034 болып тіркелген):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 216 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»;
1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Ауыл шаруашылығы жануарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32703 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:».
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі
А. Сапаров
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.