Түпқараған ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 27 «Түпқараған ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй - жайлар тізімі туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 қараша 2023 ж.

    Түпқараған ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 ақпандағы №27 «Түпқараған ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабы 4 тармағына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңының 31-бабына сәйкес Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 24 ақпандағы №27 «Түпқараған ауданы бойынша кандидаттарға сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №178845 болып тіркелген) төмендегідей өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулыға 1 қосымшада:

    реттік номері 3-жол жаңа редакцияда жазылсын:

    «

    3.
    Қызылөзен ауылы
    Қызылөзен ауылы әкімі аппаратының «Қызылөзен мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты
    8(72938) 23851
    »;
    орыс тіліндегі реттік номері 5-жолға өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
    реттік номері 6-жол жаңа редакцияда жазылсын:
    «
    6.
    Сайын Шапағатов ауылдық округі
    Сайын Шапағатов ауылдық округі әкімі аппаратының «Сайын Шапағатов мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты
    8(72938) 31256
    ».
    2. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік саласына жауапты орынбасарына жүктелсін.
    3. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Түпқараған ауданының әкімі

    Р.Елтизаров

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.