«Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 13 қараша 2023 ж.

    «Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. «Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары және тексеру парақтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 1529 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 6 қарашадағы № 60 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17706 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    1–тармақта:

    4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігіне тексерулер жүргізу үшін жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар) қызметін тексеру парақтары осы бірлескен бұйрықтың 4-қосымшасы на сәйкес;»;

    5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «5) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау/тексеру жүргізу үшін жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар) қызметін тексеру парақтары осы бірлескен бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес;»;

    мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

    6) бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау/тексеру жүргізу үшін аумақтық нотариаттық палаталардың қызметін тексеру парақтары осы бірлескен бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес;»;

    осы бірлескен бұйрықтың 1, 2 және 3-қосымша ларына сәйкес бірлескен бұйрыққа 1, 4 және 5 қосымшалар жаңа редакцияда жазылсын;

    осы бірлескен бұйрықтың 4 қосымшасы на сәйкес бірлескен бұйрыққа 6 қосымшамен толықтырылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет және Ұлттық экономика вице-министрлеріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі

    __________А. Куантыров

    Қазақстан Республикасы Әділет министрі

    __________А. Ескараев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Бас прокуратурасының

    Құқықтық статистика және

    арнайы есепке алу комитеті

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрінің және

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2023 жылғы 14 қарашадағы

    № 176 мен

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрі

    2023 жылғы 13 қарашадағы

    № 812 бірлескен

    бұйрығына

    1-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрінің

    2018 жылғы 6 қарашадағы

    № 1529 және

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2018 жылғы 6 қарашадағы

    № 60 бірлескен бұйрығына

    1-қосымша

    Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары

    1. Жалпы ережелер

    1. Нотариаттық қызмет саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі - Өлшемшарт) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 141-бабы 5 және 6 тармақтарына және 143-бабы 1 тармағына, « Нотариат туралы » Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 22 маусымдағы № 48 бұйрығымен бекітілген Реттеуші мемлекеттік органдардың тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28577 болып тіркелген) және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 31 шiлдедегi № 3 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17371 болып тіркелген) Тексеру парағының нысандарына сәйкес әзірленген.

    2. Осы өлшемшарттарда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

    1) балл – тәуекелді есептеудің сандық өлшемі;

    2) деректерді қалыпқа келтіру – әртүрлі шәкілдерде өлшенген мәндерді шартты түрде жалпы шәкілге келтіруді көздейтін статистикалық рәсім;

    3) тәуекел – бақылау субъектісінің қызметі нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне салдарларының ауырлық дәрежесін ескере отырып зиян келтіру ықтималдығы;

    4) тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесі – тиісті қызмет салаларында тәуекелдің жол берілетін деңгейін қамтамасыз ете отырып, кәсіпкерлік еркіндігін шектеудің ең төменгі ықтимал дәрежесі мақсатында бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерулерді кейіннен жүзеге асыру үшін бақылау субъектілерін тәуекел дәрежелері бойынша бөлу арқылы қолайсыз факторлардың туындау ықтималдығын азайтуға бағытталған, сондай-ақ нақты бақылау субъектісі үшін тәуекел деңгейін өзгертуге бағытталған басқарушылық шешімдерді қабылдау және (немесе) осындай бақылау субъектісін бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылаудан және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексеруден босату процесі;

    5) тәуекел дәрежесін бағалаудың объективті өлшемшарттары (бұдан әрі – объективті өлшемшарттар) – қызмет тәуекелі дәрежесіне байланысты және жеке бақылау субъектісіне (объектісіне) тікелей байланыссыз бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

    6) тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары – бақылау субъектісінің тікелей қызметімен, салалық даму ерекшеліктерімен және осы дамуға әсер ететін факторлармен байланысты, бақылау субъектілерін (объектілерін) тәуекелдің әртүрлі дәрежелеріне жатқызуға мүмкіндік беретін сандық және сапалық көрсеткіштердің жиынтығы;

    7) тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары (бұдан әрі – субъективті өлшемшарттар) – нақты бақылау субъектісінің қызметі нәтижелеріне байланысты бақылау субъектілерін іріктеу үшін пайдаланылатын тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары;

    8) тексеру парағы – бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын, олардың сақталмауы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне қатер төндіруге алып келетін талаптар тізбесі;

    9) бақылау субъектісі – «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нотариаттық қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар, аумақтық нотариаттық палаталар;

    10) өрескел бұзушылықтар – жеке және заңды тұлғалардың құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің елеулі бұзылуына алып келетін Қазақстан Республикасының нотариаттық қызмет саласындағы заңнамасында бекітілген талаптардың бұзылуы;

    11) елеулі бұзушылықтар – адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне зиян келтіру үшін алғышарттар жасайтын Қазақстан Республикасының нотариаттық қызмет саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;

    12) болмашы бұзушылықтар – өрескел және елеулі бұзушылықтарға жатпайтын Қазақстан Республикасының нотариаттық қызмет саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуы;

    13) іріктеме жиынтық (іріктеме) – Кодекстің 143-бабының 2-тармағына сәйкес мемлекеттік бақылаудың нақты саласында бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті тобына жатқызылатын бағаланатын субъектілердің (объектілердің) тізбесі.

    2-тарау. Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігін тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесін қалыптастыру тәртібі

    3. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) талаптарға сәйкестігіне тексеруді жүзеге асыру кезінде тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін бақылау субъектілерін (объектілерін) профилактикалық бақылау жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары бірнеше кезеңмен жүзеге асырылатын объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау (Шешімдерді мультиөлшемшартты талдау) арқылы қалыптастырылады.

    4. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты бақылау субъектілерінің (объектілерінің) қызметіне қойылатын талаптар өрескел, елеулі және болмашы бұзушылық дәрежелеріне сәйкес келеді.

    Бұзушылық дәрежесі (өрескел, елеулі, болмашы) субъективті өлшемшарттар бойынша өрескел, елеулі, болмашы бұзушылықтардың белгіленген анықтамаларына сәйкес осы Өлшемшарттардың 1, 2 қосымша ларына сәйкес беріледі.

    5. Бақылау субъектілерін (объектілерін) профилактикалық бақылау және талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізу үшін тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары объективті және субъективті өлшемшарттарды айқындау арқылы қалыптастырылады.

    1-параграф. Объективті өлшемшарттар

    6. Объективті өлшемшарттарды бақылау субъекті (объекті) жоғары тәуекел дәрежесіне жекеше нотариустар және аумақтық нотариаттық палаталар жатады.

    Жоғары дәрежелі тәуекелге жатқызылған бақылау субъектілеріне (объектілеріне) қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және (немесе) талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулер өткізу қолданылады.

    7. Жоғары дәрежелі тәуекелге бақылау субъектісін (объектісін) жатқызу жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, мемлекеттің мүдделеріне жасалған нотариаттық іс-әрекеттер құпиялығын сақтауды қамтамасыз етуге байланысты, дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнаманы сақтау саласында азаматтардың құқығын қорғау, нотариаттық іс-әрекеттердің құпиялығын заңсыз таратуға жол беруі мүмкін, мемлекет кепілдік берген жеке және заңды тұлғалардың бостандықтары мен құқықтары бұзылуына қолайсыз жағдайлардың туындау ықтималдығын ескере отырып жүзеге асырылады.

    8. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау өткізу бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың жарты жылдық тізімдері негізінде жүргізіледі.

    9. Бақылау субъектісінің (объектісінің) талаптарға сәйкестігіне тексерулер талаптарға сәйкестігі кестесі негізінде жүргізіледі.

    2-параграф. Субъективті өлшемшарттар

    10. Субъективті өлшемшарттарды айқындау мынадай кезеңдерді:

    1) деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау;

    2) ақпаратты талдау және тәуекелдерді бағалауды қолдана отырып жүзеге асырылады.

    11. Деректер базасын қалыптастыру және ақпарат жинау Қазақстан Республикасының нотариат қызметі саласындағы заңнамасын бұзатын бақылау субъектілерін (объектілерін) анықтау үшін қажет.

    Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау өткізу субъективті өлшемшарттар арқылы тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

    1) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулер мен бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері;

    Талаптарға сәйкестігіне тексерулерді өткізу үшін субъективті өлшемшарттар арқылы тәуекел дәрежесін бағалау үшін мынадай ақпарат көздері пайдаланылады:

    1) бақылау субъектілеріне (объектілеріне) алдыңғы тексерулердің нәтижелері;

    2) уәкілетті органдар мен ұйымдар ұсынатын мәліметтерді талдау нәтижелері.

    12. Қолда бар ақпарат көздері негізінде субъективті өлшемшарттар бұзушылықтары үш дәрежеге бөлінеді: өрескел, елеулі және болмашы бұзушылықтар.

    Субъективті өлшемшарттарды талдау және бағалау ең жоғары әлеуетті тәуекелі бар бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) қатысты бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) талаптарға сәйкестігіне тексеру жүргізуді және профилактикалық бақылауды шоғырландыруға мүмкіндік береді.

    Бұл ретте талдау және бағалау кезінде нақты бақылау субъектісіне (объектісіне) қатысты бұрын ескерілген және пайдаланылған субъективті өлшемшарттардың деректері не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімі өткен деректер қолданылмайды.

    Алдыңғы жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың және (немесе) талаптарға сәйкестігін тексерудің қорытындылары бойынша берілген бұзушылықтарды толық көлемде жойған бақылау субъектілеріне қатысты оларды мемлекеттік бақылаудың кезекті кезеңіне кестелер мен тізімдерді қалыптастыру кезінде енгізуге жол берілмейді.

    13. Ықтимал тәуекел мен проблеманың маңыздылығына, бұзушылықтың біржолғы немесе жүйелі сипатына, әрбір ақпарат көзі бойынша бұрын қабылданған шешімдерді талдауға байланысты тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарына сәйкес бұзушылық дәрежесіне – өрескел, елеулі және болмашы дәрежелерге сәйкес келетін субъективті өлшемшарттар айқындалады.

    Бақылау субъектісіне қатысты тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективті өлшемшарттары осы Өлшемшарттың 3 қосымшасы нда жазылған.

    14. Қолданылатын ақпарат көздерінің басымдығын негізге ала отырып, субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібіне сәйкес субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі.

    Тәуекел дәрежесінің көрсеткіштері бойынша бақылау субъектісі (объектісі) тәуекел дәрежесінің көрсеткіші 71-ден 100-ді қоса алғанға дейін болған кезде – тәуекелдің жоғары дәрежесіне жатқызылады және оған қатысты бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау мен тексеру жүргізіледі.

    3-тарау. Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткішін есептеу тәртібі

    15. Мемлекеттік орган Өлшемшарттардың 11-тармағына сәйкес көздерден субъективті өлшемшарттар бойынша ақпарат жинайды және деректер базасын қалыптастырады.

    Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін (R) есептеу алдыңғы тексерулер мен бақылау (SP) субъектілеріне бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша осы Өлшемшарттардың (SC) 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттарға сәйкес бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін қосу жолымен, деректер мәндерін 0-ден 100 баллға дейінгі диапозонға қалыпқа келтіре отырып, автоматтандырылған режимде жүзеге асырылады.

    Rарал = SP + SC, мұнда

    Rарал – субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші,

    SР – бұзушылықтар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші,

    SC – Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші.

    Есеп мемлекеттік бақылаудың әрбір саласының бақылау субъектілерінің біртекті тобының әрбір бақылау субъектісі бойынша жүргізіледі. Бұл ретте мемлекеттік бақылаудың бір саласының бақылау субъектілерінің біртекті тобына жатқызылатын, бағаланатын бақылау субъектілерінің тізбесі деректерді кейіннен қалыпқа келтіру үшін іріктеу жиынтығын (іріктемені) құрайды.

    16. Бақылау субъектісін тәуекел дәрежесіне жатқызу үшін тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеудің мынадай тәртібі қолданылады.

    Бір өрескел бұзушылық анықталған кезде бақылау субъектісіне тәуекел дәрежесінің 100 балл көрсеткіші теңестіріледі және оған қатысты талаптарға сәйкестігіне тексеру немесе бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізіледі.

    Өрескел бұзушылықтар анықталмаған кезде тәуекел дәрежесінің көрсеткішін елеулі және болмашы дәрежедегі бұзушылықтар бойынша жиынтық көрсеткішпен есептеледі.

    Елеулі бұзушылықтар көрсеткішін айқындау кезінде 0,7 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

    SРз = (SР2 х 100/SР1) х 0,7, мұнда

    SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

    SР1 – елеулі бұзушылықтардың талап етілетін саны;

    SР2 – анықталған елеулі бұзушылықтардың саны.

    Болмашы бұзушылықтардың көрсеткішін айқындау кезінде 0,3 коэффициенті қолданылады және бұл көрсеткіш мына формула бойынша есептеледі:

    SРн = (SР2 х 100/SР1) х 0,3, мұнда

    SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші;

    SР1 – болмашы бұзушылықтардың талап етілетін саны;

    SР2 – анықталған болмашы бұзушылықтардың саны.

    Тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші (SР) 0-ден 100-ге дейінгі шәкіл бойынша есептеледі және мына формула бойынша елеулі және болмашы бұзушылықтардың көрсеткіштерін қосу арқылы айқындалады:

    SР = SРз + SРн, мұнда

    SР – тәуекел дәрежесінің жалпы көрсеткіші;

    SРз – елеулі бұзушылықтардың көрсеткіші;

    SРн – болмашы бұзушылықтардың көрсеткіші.

    17. Өлшемшарттардың 14-тармағына сәйкес айқындалған субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткішін есептеу 0-ден 100 балға дейінгі шәкіл бойынша жүргізіледі және мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:

    xi - субъективті өлшемшарт көрсеткіші,

    wi - субъективті өлшемшарт көрсеткішінің үлес салмағы xi

    n – көрсеткіштер саны.

    Субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің алынған мәні субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесі көрсеткішінің есебіне енгізіледі.

    R көрсеткіші бойынша субъектілер (объектілер) бойынша есептелген мәндер 0-ден 100 балға дейінгі диапазонға қалыпқа келтіріледі. Деректерді қалыпқа келтіру әрбір іріктемелі жиынтық (іріктеме) бойынша мынадай формула әдісін пайдалана отырып жүзеге асырылады:

    R – бақылау жеке субъектісінің (объектісінің) субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің көрсеткіші (қорытынды),

    Rmax – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең жоғарғы ықтимал мән (шәкілдің жоғарғы шекарасы),

    Rmin – бір іріктемелі жиынтыққа (іріктемеге) кіретін субъектілер (объектілер) бойынша субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің шәкілі бойынша ең төменгі ықтимал мән (шәкілдің төменгі шекарасы),

    Rарал –Өлшемшарттардың 15-тармағына сәйкес есептелген субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің аралық көрсеткіші.

    18. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізудің мерзімділігі тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемшарттары бойынша айқындалады және жылына екі реттен артық емес.

    19. Бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылаудың және талаптарға сәйкестігіне жүргізілетін тексерулердің жартыжылдық тізімдері субъективті өлшемшарттар бойынша тәуекел дәрежесінің барынша жоғары көрсеткіші бар бақылау субъектісінің басымдығы ескеріле отырып жасалады.

    4-тарау. Тексеру парақтары

    20. Тексеру парақтары бақылау субъектілерінің (объектілерінің) біртекті топтары үшін жасалады және Кодекстің 132-бабының 2-тармағына сәйкес талаптарды қамтиды және Кодекстің 143-бабының 2-тармағында айқындалған шарттарды сақтай отырып жүргізіледі.

    Нотариаттық қызмет саласындағы

    тәуекел дәрежелерін

    бағалау өлшемшарттарына

    1-қосымша

    Бақылау субъектілеріне (объектілеріне) тексерулер және профилактикалық бақылау жүргізуге бақылау субъектілерінің қызметінің тәуекел дәрежелерін бағалауға қойылатын талаптардың бұзылу дәрежесі

    Өл­шем­шар­ттар
    Бұ­зы­лу дә­ре­же­сі
    1. Же­ке­ше но­та­ри­устар­ға қа­ты­сты
    1
    Кә­сіп­кер­лік қыз­мет­пен ай­на­лы­су
    өрес­кел
    2
    Но­та­ри­ат­тық іс-әре­кет­тер жа­сау құ­пи­я­сын сақ­та­мау
    өрес­кел
    3
    Же­ке тұ­лға­лар мен заң­ды тұ­лға­лар өкіл­де­рі­нің ке­дер­гі­сіз кі­руі үшін жа­рам­ды үй-жай­дың бол­мауы
    өрес­кел
    4
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі­нің мем­ле­кет­тік қар­жы­лық мо­ни­то­ринг ор­га­ны­на және қыл­мыстық жол­мен алын­ған кі­рі­стер­ді заң­да­сты­ру­ға (жы­лы­ста­ту­ға) және тер­ро­ризмді қар­жы­лан­ды­ру­ға қар­сы іс-қи­мыл са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ға қар­жы­лық мо­ни­то­ринг­ке жа­та­тын опе­ра­ци­я­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер мен ақ­па­рат бер­ме­уі
    өрес­кел
    5
    Аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лік­ті мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру шар­ты­ның бол­мауы
    өрес­кел
    6
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі­нің аумақ­тық әді­лет ор­га­ны­на бір ай ішін­де оның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да), сон­дай-ақ оның үй-жай­ы­ның ор­на­лас­қан же­рі өзгер­ге­ні ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді бер­ме­уі
    еле­улі
    7
    Но­та­ри­ат­тық іс жүр­гі­зу­ді ти­ісін­ше жүр­гіз­беу: құ­жат­тар­ды қа­был­дау, тір­кеу және жө­нел­ту; іс­тер но­мен­кла­ту­ра­сын жа­сау; іс­тер­ді қа­лып­та­сты­ру; іс­тер ті­зім­де­ме­сін ре­сім­деу және жа­сау; құ­жат­тар­ды сақ­тау; іс­тер­ді мем­ле­кет­тік неме­се же­ке­ше но­та­ри­ат­тық мұ­ра­ғат­қа бе­ру; мұ­ра­ғат­тық құ­жат­тар­дың сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету; іс­тер­ді жою; но­та­ри­устың мөр­ле­рін, мөр­та­бан­да­ры мен блан­кі­ле­рін пай­да­ла­ну және сақ­тау; мұ­ра­гер­лік іс­тер­ді қа­лып­та­сты­ру және ре­сім­деу; өси­ет­тер­ді есеп­ке алу; ше­тел­де іс-әре­кет­тер жа­са­у­ға ар­нал­ған құ­жат­тар­ды ре­сім­деу; но­та­ри­ат­тық іс-әре­кет­тер­ді тір­кеу ті­зі­лі­мі­нің бо­луы және жүр­гі­зі­луі, сон­дай-ақ но­та­ри­ат­тық іс-әре­кет­тер­ді Бі­рың­ғай но­та­ри­ат­тық ақ­па­рат­тық жүй­е­нің элек­трон­дық ті­зі­лі­мін­де тір­кеу
    бол­ма­шы
    8
    Но­та­ри­ат­тық іс-әре­кет­тер­ді ти­ісін­ше жа­са­мау, атап ай­тқан­да: мәмі­ле­ні ку­әлан­ды­ру; ша­ру­а­шы­лық се­рік­те­стіктер­дің құ­ры­л­тай құ­жат­та­рын ку­әлан­ды­ру; мұ­ра­ға се­нім­гер­лік бас­қа­ру­шы­ны та­ғай­ын­дау; мұ­ра­ға құқық ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру; ер­лі-зай­ып­ты­лар­дың және ор­тақ бір­лес­кен мен­шік құқы­ғын­да­ғы мүл­кі бар өзге адам­дар­дың ор­тақ мү­лік­те­гі үлес­ке мен­шік құқы­ғы ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру; құ­жат­тар кө­шір­ме­ле­рі және олар­дан алын­ған үзін­ді­лер­дің дұ­ры­стығ­ын ку­әлан­ды­ру; құ­жат­тар­ға қой­ы­л­ған қол­дың түп­нұс­қа­лы­ғын ку­әлан­ды­ру; құ­жат­тар­дың бір тіл­ден екін­ші ті­л­ге дұ­рыс ауда­ры­л­ға­нын ку­әлан­ды­ру; аза­мат­тың ті­рі екен­ді­гі фак­ті­сін ку­әлан­ды­ру; аза­мат­тың бел­гі­лі бір жер­де бо­лу фак­ті­сін ку­әлан­ды­ру; құ­жат­тар­дың бе­рі­л­ген уа­қы­тын ку­әлан­ды­ру; же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың өті­ніш­те­рін бас­қа же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға бе­ру; ақ­ша­ны де­по­зит­ке қа­был­дау; ат­қа­ру­шы­лық жа­з­ба­лар­ды жа­сау; да­уды рет­теу ту­ра­лы ке­лі­сім­ді ку­әлан­ды­ру; век­сель на­ра­зы­лық­та­рын жа­сау; сақ­та­у­ға құ­жат­тар мен ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды қа­был­дау; те­ңіз на­ра­зы­лық­та­рын жа­сау; дәлел­де­ме­лер­ді қам­та­ма­сыз ету
    өрес­кел
    2. Аумақ­тық но­та­ри­ат­тық па­ла­та­лар­ға қа­ты­сты
    9
    Же­ке но­та­ри­ат­тық мұ­ра­ғат­тың, олар­дың но­та­ри­ат­тық құ­жат­тар­ды жи­нақ­тау, сақ­тау және пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі функ­ци­я­ла­рын ұй­ым­да­сты­ру­дың бол­мауы
    өрес­кел
    10
    Но­та­ри­ат­тық іс-әре­кет­тер жа­сау құ­пи­я­сын сақ­та­мау
    өрес­кел
    11
    Же­ке но­та­ри­устар­дың аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лік­ті сақ­тан­ды­ру­ды ұй­ым­да­сты­руын қам­та­ма­сыз ет­пе­уі және аумақ­тық әді­лет ор­ган­да­рын же­ке но­та­ри­устар­дың өзде­рі­нің аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гін мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру шар­тын жа­са­су­дан жал­та­ру жағ­дай­ла­ры ту­ра­лы ха­бар­дар ет­пе­уі
    еле­улі
    12
    Но­та­ри­ат­тық па­ла­та­лар­дың жар­ты­жыл­дық және жыл қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша өз қыз­ме­ті ту­ра­лы ақ­па­рат бер­ме­уі
    еле­улі

    Нотариаттық қызмет

    саласындағы тәуекел дәрежелерін

    бағалау өлшемшарттарына

    2-қосымша

    Бақылау субъектілерінің (объектілерінің) талаптарға сәйкестігіне тексерулер жүргізу үшін нотариаттық қызмет саласындағы талаптардың бұзылу дәрежесі

    Өл­шем­шар­ттар
    Бұ­зы­лу дә­ре­же­сі
    1. Же­ке­ше но­та­ри­устар­ға қа­ты­сты
    1
    Кә­сіп­кер­лік қыз­мет­пен ай­на­лы­су
    өрес­кел
    2
    Аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лік­ті мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру шар­ты­ның бол­мауы
    өрес­кел

    Нотариаттық қызмет

    саласындағы тәуекел дәрежелерін

    бағалау өлшемшарттарына

    3-қосымша

    Нотариустарға қатысты тәуекел дәрежесін айқындауға арналған субъективті өлшемшарттар тізбесі

    Р/с №
    Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шар­ттар көр­сет­кі­ші
    Субъ­ек­тив­ті өл­шем­шарт көр­сет­кі­ші бой­ын­ша ақ­па­рат кө­зі
    Ма­ңы­зды­лы­ғы бой­ын­ша үлес сал­ма­ғы, балл (бар­лы­ғы 100 бал­л­ға дей­ін бо­луы ти­іс), wi
    Шар­ттар / мән­дер, xi
    1-шар­ты / мәні
    2-шар­ты / мәні
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    Та­лап­тар­ға сәй­кест­і­гін тек­се­ру үшін
    1
    Аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лік­ті мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру шар­ты­ның бол­мауы
    уәкі­лет­ті ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
    50
    Жоқ / 100%
    Бар / 0%
    2
    Кә­сіп­кер­лік қыз­мет­пен ай­на­лы­су
    уәкі­лет­ті ор­ган­дар мен ұй­ым­дар ұсы­на­тын мә­лі­мет­тер­ді тал­дау нәти­же­ле­рі
    50
    Рас­тал­ма­ды/ 0%
    Рас­тал­ды/ 100%

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрінің және

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2023 жылғы 14 қарашадағы

    № 176 мен

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрі

    2023 жылғы 13 қарашадағы

    № 812 бірлескен бұйрығына

    2-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрінің

    2018 жылғы 6 қарашадағы

    № 1529 және

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2018 жылғы қарашадағы

    № 60 бірлескен бұйрығына

    4-қосымша

    Тексеру парағы

    Нотариаттық қызмет саласында ______________________________________________________________________

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жекеше нотариусқа қатысты

    ____________________________________________________________________________ бақылау субъектілерінің біртекті тобының атауы

    Бақылау субъектісіне қатысты тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган _____________________________________________________________________________

    ______________________________________________________________________

    Тексеруді тағайындау туралы акт

    ____________________________________________________________

    №, күні

    Бақылау субъектісінің атауы ___________________

    _____________________________________________________________________

    Бақылау субъектісінің жеке сәйкестендіру нөмірі____________________________________________

    _____________________________________________________________________

    Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________

          №
    Та­лап­тар тіз­бе­сі
    Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
    Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
    1
    2
    3
    4
    1
    Кә­сіп­кер­лік қыз­мет­пен ай­на­лы­су
    2
    Аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лік­ті мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру шар­ты­ның бол­мауы

    Лауазымды адам (-дар) __________________________________ ________ лауазымы қолы ____________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Бақылау субъектісінің басшысы __________ _______ лауазымы қолы _______________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрінің және

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2023 жылғы 14 қарашадағы

    № 176 мен

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрі

    2023 жылғы 13 қарашадағы

    № 812 бірлескен

    бұйрығына

    3-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрінің

    2018 жылғы 6 қарашадағы

    № 1529 және

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2018 жылғы қарашадағы

    № 60 бірлескен бұйрығына

    5-қосымша

    Тексеру парағы

    Нотариаттық қызмет саласында ______________________________________________________________________

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жекеше нотариусқа қатысты

    ______________________________________________________________ бақылау субъектілерінің біртекті тобының атауы

    Тексеруді/ бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _______________

    ______________________________________________________________________

    Тексеруді/ бақылау субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт ____________________________________________________________

    №, күні

    Бақылау субъектісінің атауы ___________________

    _____________________________________________________________________

    Бақылау субъектісінің жеке сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________

    _____________________________________________________________________

    Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________

    _____________________________________________________________________

    Та­лап­тар тіз­бе­сі
    Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
    Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
    1
    2
    3
    4
    1
    Но­та­ри­ат­тық іс-әре­кет­тер жа­сау құ­пи­я­сын сақ­та­мау
    2
    Же­ке тұ­лға­лар мен заң­ды тұ­лға­лар өкіл­де­рі­нің ке­дер­гі­сіз кі­руі үшін жа­рам­ды үй-жай­дың бол­мауы
    3
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі­нің мем­ле­кет­тік қар­жы­лық мо­ни­то­ринг ор­га­ны­на қыл­мыстық жол­мен алын­ған кі­рі­стер­ді заң­да­сты­ру­ға (жы­лы­ста­ту­ға) және тер­ро­ризмді қар­жы­лан­ды­ру­ға қар­сы іс-қи­мыл са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган­ға қар­жы­лық мо­ни­то­ринг­ке жа­та­тын опе­ра­ци­я­лар ту­ра­лы мә­лі­мет­тер мен ақ­па­рат бер­ме­уі
    4
    Ба­қы­лау субъ­ек­ті­сі­нің аумақ­тық әді­лет ор­га­ны­на бір ай ішін­де оның те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар болған жағ­дай­да), сон­дай-ақ оның үй-жай­ы­ның ор­на­лас­қан же­рі өзгер­ге­ні ту­ра­лы мә­лі­мет­тер­ді бер­ме­уі
    5
    Но­та­ри­ат­тық іс жүр­гі­зу­ді ти­ісін­ше жүр­гіз­беу: құ­жат­тар­ды қа­был­дау, тір­кеу және жө­нел­ту; іс­тер но­мен­кла­ту­ра­сын жа­сау; іс­тер­ді қа­лып­та­сты­ру; іс­тер ті­зім­де­ме­сін ре­сім­деу және жа­сау; құ­жат­тар­ды сақ­тау; іс­тер­ді мем­ле­кет­тік неме­се же­ке­ше но­та­ри­ат­тық мұ­ра­ғат­қа бе­ру; мұ­ра­ғат­тық құ­жат­тар­дың сақ­та­луын қам­та­ма­сыз ету; іс­тер­ді жою; но­та­ри­устың мөр­ле­рін, мөр­та­бан­да­ры мен блан­кі­ле­рін пай­да­ла­ну және сақ­тау; мұ­ра­гер­лік іс­тер­ді қа­лып­та­сты­ру және ре­сім­деу; өси­ет­тер­ді есеп­ке алу; ше­тел­де іс-әре­кет­тер жа­са­у­ға ар­нал­ған құ­жат­тар­ды ре­сім­деу; но­та­ри­ат­тық іс-әре­кет­тер­ді тір­кеу ті­зі­лі­мі­нің бо­луы және жүр­гі­зі­луі, сон­дай-ақ но­та­ри­ат­тық іс-әре­кет­тер­ді Бі­рың­ғай но­та­ри­ат­тық ақ­па­рат­тық жүй­е­нің элек­трон­дық ті­зі­лі­мін­де тір­кеу
    6
    Но­та­ри­ат­тық іс-әре­кет­тер­ді ти­ісін­ше жа­са­мау, атап ай­тқан­да: мәмі­ле­ні ку­әлан­ды­ру; ша­ру­а­шы­лық се­рік­те­стіктер­дің құ­ры­л­тай құ­жат­та­рын ку­әлан­ды­ру; мұ­ра­ға се­нім­гер­лік бас­қа­ру­шы­ны та­ғай­ын­дау; мұ­ра­ға құқық ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру; ер­лі-зай­ып­ты­лар­дың және ор­тақ бір­лес­кен мен­шік құқы­ғын­да­ғы мүл­кі бар өзге адам­дар­дың ор­тақ мү­лік­те­гі үлес­ке мен­шік құқы­ғы ту­ра­лы ку­ә­лік бе­ру; құ­жат­тар кө­шір­ме­ле­рі және олар­дан алын­ған үзін­ді­лер­дің дұ­ры­стығ­ын ку­әлан­ды­ру; құ­жат­тар­ға қой­ы­л­ған қол­дың түп­нұс­қа­лы­ғын ку­әлан­ды­ру; құ­жат­тар­дың бір тіл­ден екін­ші ті­л­ге дұ­рыс ауда­ры­л­ға­нын ку­әлан­ды­ру; аза­мат­тың ті­рі екен­ді­гі фак­ті­сін ку­әлан­ды­ру; аза­мат­тың бел­гі­лі бір жер­де бо­лу фак­ті­сін ку­әлан­ды­ру; құ­жат­тар­дың бе­рі­л­ген уа­қы­тын ку­әлан­ды­ру; же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­дың өті­ніш­те­рін бас­қа же­ке және заң­ды тұ­лға­лар­ға бе­ру; ақ­ша­ны де­по­зит­ке қа­был­дау; ат­қа­ру­шы­лық жа­з­ба­лар­ды жа­сау; да­уды рет­теу ту­ра­лы ке­лі­сім­ді ку­әлан­ды­ру; век­сель на­ра­зы­лық­та­рын жа­сау; сақ­та­у­ға құ­жат­тар мен ба­ға­лы қа­ға­з­дар­ды қа­был­дау; те­ңіз на­ра­зы­лық­та­рын жа­сау; дәлел­де­ме­лер­ді қам­та­ма­сыз ету

    Лауазымды адам (-дар) __________________________________ ________ лауазымы қолы ____________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Бақылау субъектісінің басшысы __________ _______ лауазымы қолы _______________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрі

    2023 жылғы 14 қарашадағы

    № 176 мен

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрі

    2023 жылғы 13 қарашадағы

    № 812 бірлескен бұйрығына

    4-қосымша

    Қазақстан Республикасы

    Әділет министрінің

    2018 жылғы 6 қарашадағы

    № 1529 және

    Қазақстан Республикасы

    Ұлттық экономика министрінің

    2018 жылғы қарашадағы

    № 60 бірлескен бұйрығына

    6-қосымша

    Тексеру парағы

    Нотариаттық қызмет саласында ______________________________________________________________________

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес аумақтық нотариаттық палатаға қатысты

    ______________________________________________________________ бақылау субъектілерінің біртекті тобының атауы

    Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындаған мемлекеттік орган _______________

    ______________________________________________________________________

    Тексеруді/ бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды тағайындау туралы акт ____________________________________________________________

    №, күні

    Бақылау субъектісінің (объектісінің) атауы ___________________

    _____________________________________________________________________

    Бақылау субъектісінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі ____________________________________________

    _____________________________________________________________________

    Орналасқан жерінің мекенжайы _________________________________________

    _____________________________________________________________________

    Та­лап­тар тіз­бе­сі
    Та­лап­тар­ға сәй­кес ке­ле­ді
    Та­лап­тар­ға сәй­кес кел­мей­ді
    1
    2
    3
    4
    1
    Же­ке но­та­ри­ат­тық мұ­ра­ғат­тың, олар­дың но­та­ри­ат­тық құ­жат­тар­ды жи­нақ­тау, сақ­тау және пай­да­ла­ну жө­нін­де­гі функ­ци­я­ла­рын ұй­ым­да­сты­ру­дың бол­мауы
    2
    Но­та­ри­ат­тық іс-әре­кет­тер жа­сау құ­пи­я­сын сақ­та­мау
    3
    Же­ке но­та­ри­устар­дың аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лік­ті сақ­тан­ды­ру­ды ұй­ым­да­сты­руын қам­та­ма­сыз ет­пе­уі және аумақ­тық әді­лет ор­ган­да­рын же­ке но­та­ри­устар­дың өзде­рі­нің аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гін мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру шар­тын жа­са­су­дан жал­та­ру жағ­дай­ла­ры ту­ра­лы ха­бар­дар ет­пе­уі
    4
    Но­та­ри­ат­тық па­ла­та­лар­дың жар­ты­жыл­дық және жыл қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша өз қыз­ме­ті ту­ра­лы ақ­па­рат бер­ме­уі

    Лауазымды адам (-дар) __________________________________ ________ лауазымы қолы ____________________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Бақылау субъектісінің басшысы __________ _______ лауазымы қолы _______________________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.