«Жамбыл ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №862 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 қараша 2023 ж.

    «Жамбыл ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №862 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

    Жамбыл ауданы әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Жамбыл ауданының аудандық манызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесін, атаулары мен индекстерін бекіту туралы» Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №862 қаулысының қосымшасына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4076 болып тіркелген) осы қаулының қосымшасына сәйкес толықтырулар енгізілсін.

    2. «Жамбыл ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы қаулының Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Жамбыл ауданының әкімі

    Е. Кыдыралыулы

    Жамбыл ауданы әкімдігінің

    2023 жылғы 9 қарашадағы № 645

    қаулысына қосымша

    Жамбыл ауданының аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының тізбесі, атаулары мен индектері

    Автомобиль жолдары
    Индекс
    Атауы
    Ұзындығы (шақырым)
    36
    KH-GB-36
    «Алмалы ресорт» туристік нысанына кіреберіс автомобиль жолы 0-7,0
    7,0
    37
    KH-GB-37
    «Таскөл» туристік нысанына кіреберіс автомобиль жолы 0-2,8
    2,8
     
     
    Всего
    173,792

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.