Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 12 «2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 қараша 2023 ж.

    Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 12 «2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы» Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 21 ақпандағы № 12 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4542-12 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулының қазақ тіліндегі тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді:

    «2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы»; 

    1 және 2 тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

    «1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруға субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері бекітілсін.

    2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2023 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.»;

    көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын; 

    көрсетілген қаулының 2-қосымшасы осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Маңғыстау облысының әкімі

    Н. Ногаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Ауыл шаруашылығы министрлігі

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2023 жылғы 10 қарашадағы

    № 177 қаулысына 1- қосымша

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2023 жылғы 21 ақпандағы

    № 12 қаулысына 1- қосымша

    2023 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнiм сапасын арттыруға субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері

    Субсидиялау бағыты
    Өлшем бірлігі
    1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
    Субсидиялар көлемі
    Субсидиялар сомасы, теңге
    Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы
    1
    Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
    1.1
    Ірі қара малдың тауарлық аналық басы
    бас/ шағылыстыру маусымы
    10 000
    51
    510 000
    1.2
    Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы
    15 000
    10
    150 000
    2
    Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу
    сатып алынған бас
    150 000
    1
    150 000
    3
    Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу
    3.1
    Отандық
    сатып алынған бас
    150 000
    1
    150 000
    Барлығы: 960 000
    Қой шаруашылығы
    4
    Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
    4.1
    Қойлардың асыл тұқымды аналық басы
    бас/ шағылыстыру маусымы
    4000
    10
    40 000
    4.2
    Қойлардың тауарлық аналық басы
    2500
    20
    50 000
    5
    Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу
    сатып алынған бас
    15 000
    1
    15 000
    Барлығы: 105 000
    Етті құс шаруашылығы
    6
    Құс етін өндіру құнын арзандату
    6.1
    500 тоннадан басталатын нақты өндіріс
    өткізілген килограмм
    50
    1 838 350
    91 917 500
    Барлығы: 91 917 500
    Жылқы шаруашылығы
    7
    Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу
    сатып алынған бас
    100 000
    1
    100 000
    Барлығы: 100 000
    Түйе шаруашылығы
    8
    Асыл тұқымды тұқымдық түйелер сатып алу
    сатып алынған бас
    100 000
    1
    100 000
    Барлығы: 100 000
    Жергілікті бюджеттен бюджет қаражаты есебінен:
    9
    Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
    9.1
    Ірі қара малдың аналық басы
    бас
    20 000
    2 367
    47 340 000
    9.2
    Ұсақ малдың аналық басы
    5000
    51 188
    255 940 000
    9.3
    Жылқылардың аналық басы
    20 000
    29 053
    581 060 000
    9.4
    Түйелердің аналық басы
    20 000
    16 631
    332 620 000
    10
    Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату
    килограмм
    55
    3 271
    179 905
    Барлығы: 1 217 139 905
    2022 жылда резервке (күту парағы) келіп түскен өтінімдер бойынша субсидиялар
    11
    Құс етін өндіру құнын арзандату
    11.1
    500 тоннадан басталатын нақты өндіріс
    өткізілген килограмм
    50
    393 482
    19 674 100
    12
    Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
    12.1
    Ірі қара малдың аналық басы
    бас
    20 000
    728
    14 560 000
    12.2
    Ұсақ малдың аналық басы
    5 000
    20 826
    104 130 000
    12.3
    Жылқылардың аналық басы
    20 000
    8 816
    176 320 000
    12.4
    Түйелердің аналық басы
    20 000
    3 730
    74 600 000
    13
    Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату
    килограмм
    55
    609
    33 495
    Резерв (күту парағы) бойынша барлығы: 389 317 595
    Жиынтығы: 1 699 640 000

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2023 жылғы 10 қарашадағы

    № 177 қаулысына 2- қосымша

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2023 жылғы 21 ақпандағы

    № 12 қаулысына 2 – қосымша

    2023 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері

    Субсидиялау бағыты
    Өлшемшарттары
    Өлшем бірлігі
    1 бірлікке арналған субсидия лар нормативтері, теңге
    Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде субсидиялау шарттарына сәйкестігін тексеру әдісі
    Өтінімді беру мерзімі
    1
    Ірі қара малдың аналық басы
    1) өтінім берген сәтте 18 айдан асқан сиырлар мен қашарлардың өзінің аналық басының болуы;
    2) жайылымдардың болуы
    бас
    20 000
    Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорымен және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқормен интеграцияланған өзара іс-қимыл
    Ағымдағы жылдың 1 мамырынан
    20 желтоқсанына дейін (қоса алғанда)
    2
    Ұсақ малдың аналық басы
    1) өтінім берген сәтте 12 айдан асқан қойлар мен ешкілердің өзінің аналық басының болуы;
    2) жайылымдардың болуы
    5000
    3
    Жылқылар дың аналық басы
    1) өтінім берген сәтте 36 айдан асқан, өзінің аналық басының болуы;
    2) жайылымдардың болуы
    20 000
    4
    Түйелердің аналық басы
    1) өтінім берген сәтте 18 айдан асқан, өзінің аналық басының болуы;
    2) жайылымдардың болуы
    20 000

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.