Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Шанханай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы Шанханай ауылында жалпы ұзындығы 0,630 км талшықты-оптикалық байланыс желісін /ТОБЖ/ төсеу және пайдалану үшін байланыс тіректерін орналастыруға арналған ауданы 0,0064 га жер учаскесіне 5(бес) жыл мерзімге мемлекеттік тіркеуші органда одан әрі тіркеу арқылы жария сервитут белгіленсін.
2. «Мобайл Телеком-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне:
1) келісім бойынша жер учаскелерінің меншік иелеріне шығындарды өтеуді және оларды өтеу тәртібін қамтамасыз етсін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.
2) Жер учаскесін пайдалану мен ауыртпалыққа шектеулер белгіленсін: санитарлық және экологиялық нормаларды сақтау
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Округ әкімі
О. Сатқалиев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.