Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 қаңтар 2025 ж.

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    2. «Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 1253 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларында:

    287-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «15) бұқаралық ақпарат құралдарында ақпаратты дайындау және орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ веб-сайттарда, оның ішінде халықаралық ақпараттық ұйымдарда орналастырылған ақпаратты беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, әртүрлі магниттік жеткізгіштермен басылған дыбысталған кітаптарды, рельефті-нүктелік қаріппен басылған кітаптарды, көру қабілеті бойынша мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсетуге арналған тифлоқұралдарды сатып алу;»;

    297-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «297-6. Тапсырысты әлеуетті өнім беруші хабарлама жіберілген сәттен бастап үш сағат ішінде жұмыс күндері жұмыс уақытында (Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09.00-ден 18:00-ге дейін) растайды. Егер тапсырысты растау туралы хабарлама Астана уақытымен сағат 15:00-ден кейін жіберілсе, сағатты есептеу сағат 18:00-де тоқтайды. Тапсырысты растау үшін қалған уақыт келесі жұмыс күні Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09:00-ден бастап қайта басталады.»;

    378-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) әлеуетті өнім берушілердің әлеуетті өнім берушілер тізіміне енгізу туралы өтінішхаттарын қабылдау күні мен уақыты.

    Бұл ретте әлеуетті өнім берушілердің тізімге енгізу туралы қолдаухаттарын қабылдау Астана қаласының уақыты бойынша 9-00-ден 18-00-ге дейін (қоса алғанда) бір жұмыс күнін құрайды;»;

    көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:

    Тендерлік құжаттамаға 13-қосымшада 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «5. Растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін қоса бере отырып, ағымдағы жылдың алдындағы соңғы он жыл ішінде тендерде сатып алынатындарға ұқсас (сол сияқты) орындалған жұмыстар тәжірибесінің болуы туралы мәліметтер (болған жағдайда толтырылады).»;

    көрсетілген Қағидаларға 9-қосымшада 32-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Аукцион басталатын уақыт Астана қаласының уақыты бойынша 18.00-ден кешіктірілмей белгіленеді.»;

    көрсетілген Қағидаларға 11 және 12-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидаларға 23-қосымшада 8.8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда, Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

    Жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлерге берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемі жиынтығында орындалатын жұмыстардың екіден бір көлемінен аспауға тиіс.

    Бұл ретте қосалқы мердігерлерге өткізілетін сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге беруге тыйым салынады.

    Жұмыстарды орындайтын Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға сатып алудың мәні болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді тартуға жол берілмейді.»;

    көрсетілген Қағидаларға 24-қосымшада 7.8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда Жобалаушы/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы жобалы шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы жобалаушылардың болуы Жобалаушыны/Орындаушыны шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

    Қосалқы жобалаушыларға жұмыстарды орындау үшін берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемі Орындалатын жұмыстардың жиынтығында көлемінен екіден бірінен аспауы тиіс.

    Бұл ретте қосалқы жобалаушының жүргізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау көлемін өзге қосалқы жобалаушының беруіне тыйым салынады.

    Жұмыстарды орындайтын адамдарға, Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы жобалаушыларды тартуға жол берілмейді.»;

    көрсетілген Қағидаларға 25-қосымшада 8.8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда Мердігер/Орындаушы Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің болуы Мердігерді/Орындаушыны Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

    Жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлерге берілуі мүмкін жұмыстардың шекті көлемдері жиынтығында орындалатын жұмыстар көлемінің екіден бірінен аспауға тиіс.

    Бұл ретте қосалқы мердігерлерге өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау көлемін өзге қосалқы мердігерге беруге тыйым салынады.

    Жұмыстарды орындайтын Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлерді тартуға жол берілмейді.»;

    көрсетілген Қағидаларға 26-қосымшада 7.8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7.8. Қосалқы мердігерлер (бірлесіп орындаушылар) тартылған жағдайда өнім беруші Тапсырыс берушіге осы Шарт шеңберінде жасалған барлық қосалқы мердігерлік шарттардың көшірмелерін ұсынады. Қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) болуы Өнім берушіні Шарт бойынша материалдық немесе басқа жауапкершіліктен босатпайды.

    Қызметтер көрсету үшін қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) берілуі мүмкін көрсетілетін қызметтердің шекті көлемдері жиынтығында көрсетілетін қызметтер көлемінің екіден бірінен аспауға тиіс.

    Бұл ретте қосалқы мердігерлерге өткізілетін сатып алу нысанасы болып табылатын қызметтер көрсету көлемдерін өзге қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беруге тыйым салынады.

    Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктеріне және Қазақстан Республикасы мүгедектігі бар адамдарының қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдарға көрсетілетін қызметтерге өткізілетін сатып алудың нысанасы болып табылатын қызметтер көрсету бойынша қосалқы мердігерлерді тартуға жол берілмейді.».

    3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі

    Е. Жамаубаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Стратегиялық жоспарлау және

    реформалар агенттігі Ұлттық

    статистика бюросы

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары -

    Қаржы министрі

    2023 жылғы 13 қарашадағы

    № 1188 Бұйрыққа

    1-қосымша

    Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларына

    11-қосымша

    Аукцион хаттамасы нөмір сатып алу тәсілі мен нөміріне байланысты болады

    Күні мен уақыты ________________________________________________

    Тапсырыс беруші* ______________________________________________

    аукцион № _____________________________________________________

    Аукционның атауы ______________________________________________

    Ұйымдастырушының атауы_______________________________________

    Ұйымдастырушының мекен-жайы__________________________________

    Жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлардың тізбесі _______

    Лот­тың №
    Лот­тың ата­уы
    та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    са­ны
    бір­лік үшін ба­ға, тең­ге
    са­тып алу үшін бө­лін­ген со­ма, тең­ге
     
     
     
     
     
     
    Аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер туралы ақпарат (хронология бойынша): (өтінімдер саны):
    Аук­ци­он­ға қа­ты­су­шы­ның нө­мі­рі( өті­нім­ді бе­ру уа­қы­ты мен кү­ніне бай­ла­ны­сты бе­рі­ле­ді)*
    БСН (ЖСН)/ССН/ТЕН
    өті­нім­ді ұсы­ну кү­ні мен уа­қы­ты (хро­но­ло­гия бой­ын­ша)
     
     
     
     
    * Аукцион өткізу мерзімі өткенге дейін әлеуетті өнім берушінің атауы құпия болып табылады
    Аукционға қатысушылардың бастапқы бағалары:
    Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің ата­уы
    БСН (ССН)/ССН/ТЕН
    өнім бе­ру­ші­нің бір бір­лі­гі үшін ба­ға­сы, тең­ге
    өнім бе­ру­ші­нің жал­пы со­ма­сы, тең­ге
    өті­нім бер­ген кү­ні мен уа­қы­ты
    Ес­керт­пе: (мәні: ең тө­мен ба­стап­қы ба­ға*)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    * ең төмен бастапқы баға-кімнің бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын және басқа ұсыныстардан бұрын келіп түскен аукционға қатысушыға беріледі.
    Аукционның басталу күні мен уақыты: (КК.АА.ЖЖЖЖ СС: ММ: СС)
    Аукционның аяқталу күні мен уақыты: (КК.АА.ЖЖЖЖ СС: ММ: СС)
    Аукционға қатысушылардың ұсыныстары туралы мәліметтер:
    Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің ата­уы
    БСН (ССН)/ССН/ТЕН
    өнім бе­ру­ші­нің бір бір­лі­гі үшін ба­ға­сы, тең­ге
    өнім бе­ру­ші­нің жал­пы со­ма­сы, тең­ге
    ұсы­ны­сты бе­ру уа­қы­ты
     
     
     
     
    КК.АА.ЖЖ­ЖЖ СС:ММ:СС (Аста­на қа­ла­сы­ның уа­қы­ты бой­ын­ша)
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
    ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
    ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
    ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі;
    Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
    КК.АА.ЖЖЖЖ. – күні, айы, жылы;
    СС:ММ:СС – сағат, минут, секунд.

    Қазақстан Республикасы

    Премьер-Министрінің орынбасары -

    Қаржы министрі

    2023 жылғы 13 қарашадағы

    № 1188 Бұйрыққа

    2-қосымша

    Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларына

    12-қосымша

    Қорытындылар туралы хаттама (аукцион нөмірі) нөмір сатып алу тәсілі мен нөміріне байланысты болады

    Күні мен уақыты ________________________________________________

    Тапсырыс беруші*_______________________________________________

    Аукцион №_____________________________________________________

    Аукционның атауы ______________________________________________

    Ұйымдастырушының атауы _______________________________________

    Ұйымдастырушының мекен-жайы _________________________________

    Аукциондық комиссияның құрамы:

    Т. А. Ә.
    ұй­ым­да­ғы ла­у­а­зы­мы
    ко­мис­си­яда­ғы рө­лі
    Жалпы сомасы көрсетілген сатып алынатын тауарлардың тізбесі _______
    Лот­тың №
    Лот­тың ата­уы
    та­у­ар­дың си­патта­ма­сы
    са­ны
    бір­лік үшін ба­ға, тең­ге
    са­тып алу үшін бө­лін­ген со­ма, тең­ге
     
     
     
     
     
     
    Аукционға қатысуға ұсынылған өтінімдер туралы ақпарат (өтінімдер саны):
    Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің ата­уы
    БСН (ЖСН)/ССН/ТЕН
    өті­нім­ді ұсы­ну кү­ні мен уа­қы­ты
     
     
     
     
    Аукциондық комиссияның сұрау салулары туралы мәліметтер:
    Сұ­рау са­лу жі­бе­рі­л­ген ұй­ым­ның/тұл­ға­ның ата­уы
    сұ­рау са­лу жі­бе­рі­л­ген күн
    сұ­рау са­лу­дың қы­сқа­ша си­патта­ма­сы
    сұ­рау са­лу­ға жа­у­ап бе­рі­л­ген күн
     
     
     
     
     
    Аукциондық комиссия мүшелерінің дауыс беру нәтижелері:
    р / с №
    әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің ата­уы (әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­лер­дің тіз­бе­сі), БСН (ЖСН)/ССН/ТЕН
    Ко­мис­сия мү­ше­сі­нің
    ко­мис­сия мү­ше­сі­нің ше­ші­мі
    қа­был­дан­бау се­бе­бі
    бі­лік­ті­лік та­лап­та­ры­на және аук­ци­он­дық құ­жат­та­ма та­лап­та­ры­на олар­дың сәй­кес еме­сті­гін рас­тай­тын мә­лі­мет­тер мен құ­жат­тар­ды көр­се­те оты­рып, қа­был­дан­бау се­беп­те­рі­нің ег­жей-тег­жей­лі си­патта­ма­сы
    Т. А. Ә.
     
     
     
     
     
    Аукционға қатысуға қабылданбаған өтінімдер (өтінімдер саны):
    Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің ата­уы
    БСН (ССН)/ССН/ТЕН
    ауыт­қу се­бе­бі
     
     
     
    үш мәтіндік мәннен тұратын анықтамалық: (біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі, аукциондық құжаттама талаптарына сәйкес келмеуі, Заңның 7-бабының талаптарын бұзу)
    Аукционға қатысуға келесі өтінімдер біліктілік талаптарына және аукциондық құжаттаманың талаптарына сәйкес деп танылды:
    Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің ата­уы
    БСН (ССН)/ССН/ТЕН
    Аукционға қатысушылардың бастапқы бағалары (аукционға қатысушылардың ашылған өтінімдері ғана ашылады):
    Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің ата­уы
    БСН (ССН)/ССН/ТЕН
    өнім бе­ру­ші­нің бір бір­лі­гі үшін ба­ға­сы, тең­ге
    өнім бе­ру­ші­нің жал­пы со­ма­сы, тең­ге
    өті­нім бер­ген кү­ні мен уа­қы­ты
    Ес­керт­пе: (мәні: ең тө­мен ба­стап­қы ба­ға*)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
     
     
     
     
     
     
     
    * ең төмен бастапқы баға-кімнің бастапқы бағасы ең төмен болып табылатын және басқа ұсыныстардан бұрын келіп түскен аукционға қатысушыға беріледі.
    Аукционға қатысушылардың ұсыныстары туралы мәліметтер:
    Әле­ует­ті өнім бе­ру­ші­нің ата­уы
    БСН (ССН)/ССН/ТЕН
    өнім бе­ру­ші­нің бір бір­лі­гі үшін ба­ға­сы, тең­ге
    өнім бе­ру­ші­нің жал­пы со­ма­сы, тең­ге
    ұсы­ны­сты бе­ру уа­қы­ты
     
     
     
     
    КК.АА.ЖЖ­ЖЖ СС:ММ:СС (Аста­на қа­ла­сы­ның уа­қы­ты бой­ын­ша)
    Аукциондық комиссияның шешімі:
    1. № Лот бойынша жеңімпазды анықтау: (БСН/ЖСН жеңімпаздың әлеуетті өнім берушісінің атауы).
    2. Тапсырыс берушіге (Тапсырыс берушінің атауы) Қағидаларда белгіленген мерзімде (жеңімпаздың әлеуетті өнім берушісінің атауы) - мен шарт жасасу.
    Не:
    Сатып алуды (№___лот бойынша сатып алудың атауы) мыналарға байланысты өтпеді деп танылсын:_____________________ * :
    Ескертпе: * мынадай мәндердің бірі: «Ұсынылған өтінімдердің болмауы», «екіден кем өтінім беру», «аукционға қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілген жоқ», «аукционға қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілген».
    Не:
    Сатып алудың күшін жою жүргізілді, оған мыналар негіз болып табылады: уәкілетті мемлекеттік органдардың актілері (нұсқама, хабарлама, ұсыну, шешім) № кк.аа.жжжж.
    Күшін жою туралы шешім қабылдаған орган: (_______________________).
    Не:
    Қағидалардың __ - тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тарту жүргізілді
    Ескертпе:
    * Бірнеше тапсырыс беруші болса, тапсырыс беруші туралы ақпарат көрсетілмейді.
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;
    ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
    ССН – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі;
    ТЕН – төлеушінің есептік нөмірі;
    Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
    КК.АА.ЖЖЖЖ. – күні, айы, жылы;
    СС:ММ:СС. – сағат, минут, секунд.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.