Шектеу іс-шараларын алып тастау туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-1 бабының 8)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2023 жылғы 9 қарашадағы №15-4-1/417 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:
1. Қарқаралы ауданы, Мәди ауылдық округінде орналасқан «Әзберген», «Қарақұдық», «Қарабұлақ» қыстақтарының аумағында белгіленген ауыл шаруашылығы жануарлары арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәди ауылдық округінің әкімі
Б. Райым
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.