Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    Күші жойылғанӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Құжаттың күші жойылған

    Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

    «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабының 7 тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарқаралы аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық- санитариялық инспекторының 2023 жылғы 8 қарашадағы №15-4-1/411 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

    1. Ірі қара малдарының арасында құтыру ауруы анықталуына байланысты, Қарқаралы ауданы, Нұркен Әбдіров ауылдық округінің Жарлы ауылында орналасқан Мектеп, Атамекен және Әл-Машани көшелерінің аумағында шектеу іс-шаралары белгіленсін.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Н.Әбдіров ауылдық округінің әкімі

    А. Бейсенбеков

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.