Қызылорда қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 қараша 2023 ж.

    Қызылорда қаласында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Қызылорда қаласында барлық маршруттар үшін жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тариф 130 теңге мөлшерінде белгіленсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда қаласының әкімі

    А. Шаменов

    «КЕЛIСIЛДI»

    Қызылорда қалалық мәслихаты

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.