Мәртөк аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 қараша 2023 ж.

    Мәртөк аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес Мәртөк аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Мәртөк аудандық мәслихатының келесі:

    1) «Мәртөк ауданы бойынша жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 17 ақпандағы № 111 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3819 болып тіркелген);

    2) «Мәртөк аудандық мәслихатының 2014 жылғы 17 ақпандағы № 111 «Мәртөк ауданы бойынша бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 85 шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Мәртөк аудандық мәслихатының төрағасы

    Т. Көлкебаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.