Карантинді тоқтату және Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 4224 «Карантин белгілеу туралы» қаулысының күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 1 қараша 2023 ж.

    Карантинді тоқтату және Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 4224 «Карантин белгілеу туралы» қаулысының күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31,37-баптарына, Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2023 жылғы 1 қарашадағы № 5-2/511 ұсынысы негізінде, Ақтөбе қаласының әкімдігі КАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының «Садовое» тұрғын үй алабына қарасты, Батысқа қарай жолда Қарғалы өзенінен 3 км қашықтықта орналасқан жазғы жайылымдағы отарлар аумағындағы карантинді, осы жайылымдық отарлардағы ұсақ мүйізді қара малдарының күл ауруына қарсы жоюға жүргізілген ветеринариялық іс-шараларының атқарылуына байланысты, белгіленген карантин тоқтатылсын.

    2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 4224 «Карантин белгілеу туралы» қаулысының күші жойылсын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    Қала әкімінің м.а.

    Ж. Бисембин

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.