«Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығынаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 6 қараша 2023 ж.

    «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығынаөзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларында:

    8 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Көлік құралдарын, ондағы жеңіл автокөліктерден (өтімділігі жоғары автокөліктерден басқа) және мотороллерлерден басқа тіркеу және есепке алу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 155 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы аумағында мобилизация, әскери жағдай және әскери уақыттағы мерзімде әскери-көліктік міндеттеме қағидаларының 7-тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 33362 болып тіркелген) жүргізіледі.».

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларында:

    43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «43. Практикалық емтиханды қабылдау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығымен бекітілген Жол жүрісі қағидаларының талаптарына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 33003 болып тіркелген) келетін көлік құралдары пайдаланылады.

    Практикалық емтиханды қабылдау үшін нұсқаушымен бірге оқу ұйымдарының көлік құралдарын пайдалануға рұқсатетіледі.».

    2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақ шаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасызетсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілікететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтіз белік он күн өткенсоң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі

    Е. Саденов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.