Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қазан 2023 ж.

    Қызылорда облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қызылорда облыстық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) «Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 301 шешiмi (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5193 болып тіркелген);

    2) ««Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдалану төлемақысының ставкаларын бекіту туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 16 қыркүйектегі № 301 шешіміне өзгерістер енгізу туралы»» Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 14 шілдедегі № 133 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5919 болып тіркелген).

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы

    Н. Байкадамов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.