Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 31 қазан 2023 ж.

    Қызылорда қаласы әкімдігінің қаулысының күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

    1. Қызылорда қаласы әкімдігінің «Жолаушылар мен багажды қалалық (ауылдық) қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифтi белгiлеу туралы» 2023 жылғы 1 тамыздағы № 3068 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда қаласының әкімі

    А. Шаменов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.