Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 199 «Ойыл ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27 бабына сәйкес, Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 199 «Ойыл ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31532 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ойыл аудандық мәслихатының төрағасы
С. Займолдин
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.