Ақмола облысы Степногорск қаласы Изобильный ауылы көшелерінің атауларын қайта атау туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 2 қазан 2023 ж.

    Ақмола облысы Степногорск қаласы Изобильный ауылы көшелерінің атауларын қайта атау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармағына сәйкес, Изобильный ауылының тұрғындарының пікірін ескеріуімен және Ақмола облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 28 желтоқсандағы отырысының қорытындысы негізінде, ШЕШТІ:

    1. Ақмола облысы Степногорск қаласы Изобильный ауылы көшелерінің атаулары қайта аталсын:

    1) Казахстанская көшесін Қазыбек би көшесіне;

    2) Тургайская көшесін Ынтымақ көшесіне.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

    3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Изобильный ауыл әкімі

    Р.Жақсыбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.