«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:
15-тармақта:
мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:
«51-1) өңірлік стандарттар жүйесінің қамтамасыз етілуін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;»;
132) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«132) жергілікті атқарушы органдардың ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг (скрининг) жүргізуі туралы нұсқаулықты әзірлеу және бекіту;»;
мынадай мазмұндағы 132-1) тармақшамен толықтырылсын:
«132-1) ауылдық елді мекендердің әлеуетін айқындауға арналған өлшемшарттарды бекіту;»;
137) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«137) даму әлеуеті бар (стратегиялық ауылдық елді мекендерді қоса алғанда, тірек және серіктес) ауылдардың тізбесін келісу;»;
мынадай мазмұндағы 166-8) тармақшамен толықтырылсын:
«166-8) моноқалалардың тізбесін әзірлеу және бекіту;».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Ә. Смайылов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.