Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Трекин ауылдық округі мен Трекино ауылын қайта атау туралы

    ЖаңаЖергілікті билік органдарының бірлескен актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қазан 2023 ж.

    Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Трекин ауылдық округі мен Трекино ауылын қайта атау туралы

    «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11-бабының 4)-тармақшасына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2023 жылғы 13 шілдедегі қорытындысы негізінде, халықтың пікірі ескеріле отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

    1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының Трекин ауылдық округі – Байқоныс ауылдық округі болып;

    Трекин ауылдық округінің Трекино ауылы – Байқоныс ауылы болып қайта аталсын.

    2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Батыс Қазақстан облысының әкімі

    Н.Төреғалиев

    Батыс Қазақстан облыстық мәслихат төрағасы

    М.Мұқаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.