Түпқараған ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 38 «Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 27 қазан 2023 ж.

    Түпқараған ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 38 «Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Түпқараған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Түпқараған ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 38 «Түпқараған ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы» қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-6-131 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген қаулыға 1 қосымшада:

    реттік номері 2-жол жаңа редакцияда жазылсын:

    «

    2
    Форт-Шевченко қаласы
    «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының №239900 Маңғыстау облыстық филиалының Түпқараған аудандық бөлімшесі ғимаратының жанында
    »;
    реттік номері 7-жол жаңа редакцияда жазылсын:
    «
    7
    Баутин ауылы
    «Маңғыстау облысы білім басқармасының «Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының сол жағы
    »;
    реттік номері 9-жол жаңа редакцияда жазылсын:
    «
    9
    Баутин ауылы
    «Ақтау теңіз сауда порты» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының бөлімшесінің жанында
    »;
    орыс тіліндегі реттік номері 15-жолға өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді.
    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Түпқараған ауданының әкімі

    Р. Елтизаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Түпқараған аудандық

    сайлау комиссиясы

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.