Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 28 наурыз 2024 ж.

    Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

    Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Осы шешімге қосымшаға сәйкес Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізілсін.

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қарақия аудандық мәслихатының төрағасы

    Ж. Қалаубай

    Қарақия аудандық мәслихатының

    2023 жылғы 19 қазандағы

    № 7/77 шешіміне қосымша

    Қарақия аудандық мәслихатының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

    2. Қарақия аудандық мәслихатының 2020 жылғы 27 қарашадағы № 45/451 «Қарақия ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4359 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімге қосымшада:

    2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «2. Әлеуметтік қолдауды тағайындау уәкілетті органмен – «Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүзеге асырылады.».

    3. Қарақия аудандық мәслихатының 2022 жылғы 30 маусымдағы № 16/155 «Қарақия ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28809 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген шешімге қосымшада:

    2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу (бұдан әрі - оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу) мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы негізінде «Қарақия аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.».

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.