Сауран аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 166 «Сауран ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының « Құқықтық актілер туралы » Заңының 27-бабына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сауран аудандық мәслихатының «Сауран ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2023 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы» 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №166 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №31543 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
С. Байсбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.